"Үздік педагог" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы


-параграф. "Үздік педагог" атағын беру конкурсының ІІ кезеңін өткізу тәртібі



бет4/7
Дата12.02.2023
өлшемі96,83 Kb.
#67174
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
157-бұйрық-23-04-2020.kaz

2-параграф. "Үздік педагог" атағын беру конкурсының ІІ кезеңін өткізу тәртібі

20. Конкурстың I кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар екінші кезеңге қатысуға жіберіледі.


21. Конкурстың II кезеңі – облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және астана, жыл сайын мамыр айында өткізіледі, онда үшінші кезеңге қатысуға ұсынылған Конкурс жеңімпаздары анықталады;


22. Конкурстың II кезеңін өткізу туралы хабарландыруды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Білім басқармалары (бұдан әрі – Басқарма) Конкурстың II кезеңін өткізу басталғанға дейін күнтізбелік он бес күн бұрын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағына таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды, сондай-ақ Басқарманың интернет-ресурсына орналастырады.


23. Педагогтерді бағалау үшін құрамы Басқарманың бұйрығымен бекітілетін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Комиссиялары құрылады.


24. Комиссия Басқарманың қызметкерлерінен, тәжірибелі педагогтерден, педагогикалық шеберлік кәсіби конкурстарының жеңімпаздарынан, әдістемелік қызмет, біліктілікті арттыру институттарының қызметкерлерінен, сондай-ақ білім беру саласындағы қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен құрылады.


25. Комиссия мүшелерінің саны кемінде он бес адамды құрайды. Комиссия отырыстары оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған жағдайда заңды деп саналады.


26. Комиссия төрағасы, төраға орынбасары Комиссия мүшелерінен сайланады. Хатшы оның мүшесі болып табылмайды.


27. Конкурстың ІI кезеңіне қатысу үшін жыл сайын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Басқармаларына ауданның (қаланың) Бөлімдері электронды форматта мынадай құжаттар мен материалдарды ұсынады:


1) Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Конкурсқа қатысуға арналған өтінім;


2) Білім бөлімінің басшысы растаған педагогке арналған ұсыныс;


3) жұмыс орны бойынша расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;


4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;


5) Білім бөлімінің Комиссия отырысының хаттамасынан үзінді және қазақ және орыс тілдерінде ұсыныс;


6) электронды тасығыштардағы жазылған оқу сабақтары;


7) оқыту тіліндегі портфолио (педагогтің портфолиосының құрылымы осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген);


8) эссе; эссе тақырыбын жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі айқындайды.


9) осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген техникалық шарттарға сәйкес бейнеролик.


28. Педагогтердің кәсіби қызметіндегі жетістігі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес бағаланады.


29. Комиссияның облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың "Үздік педагогі" атағын беру туралы шешімі Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.


30. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.


31. Комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.


32. Конкурстың II кезеңінің қорытындылары конкурс аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағына таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, сондай-ақ Басқарманың интернет-ресурсына орналастырылады.


33. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпазға облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың "Үздік педагог" атағы беріледі және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес куәлік табыс етіледі.


34. "Үздік педагог" атағының иегеріне "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 6-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар "2020-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2019 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген кемінде айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінде сыйақы төлейді, ол оның ағымдағы шотына бір уақытта аударылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет