"Үздік педагог" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы


-параграф. "Үздік педагог" атағын беру конкурсының ІІІ кезеңін өткізу тәртібі



бет5/7
Дата12.02.2023
өлшемі96,83 Kb.
#67174
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
157-бұйрық-23-04-2020.kaz

3-параграф. "Үздік педагог" атағын беру конкурсының ІІІ кезеңін өткізу тәртібі

35. Конкурстың IІ кезеңінің нәтижелері бойынша жеңімпаздар үшінші кезеңге қатысуға жіберіледі.


36. Конкурстың III кезеңі – республикалық, жыл сайын тамыз-қыркүйек айларында өткізіледі, онда Конкурстың жеңімпаздары анықталады.


37. Конкурстың республикалық кезеңін төрағасы Министрліктің бірінші басшысы немесе бірінші басшы айқындаған тұлға болып табылатын Республикалық комиссия өткізеді.


38. Төраға болмаған жағдайда төрағаның міндетін атқару оның орынбасарына жүктеледі.


39. Республикалық комиссия Министрлік қызметкерлерінен, тәжірибелі педагогтерден, кәсіби педагогикалық шеберлік конкурстарының жеңімпаздарынан, әдіскерлерден, біліктілікті арттыру институттарының қызметкерлерінен, сондай-ақ республикалық қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен құрылады.


40. Комиссия мүшелерінің саны кемінде он бес адамды құрайды. Комиссия отырыстары оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған жағдайда заңды деп саналады.


41. Республикалық комиссияның дербес құрамы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.


42. Конкурстың ІII кезеңіне қатысу үшін жыл сайын тамызда Министрлікке Білім басқармалары электронды форматта мынадай құжаттар мен материалдарды ұсынады:


1) Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Үздік педагог" атағын алу үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінім;


2) Білім басқармасының басшысы растаған педагогке арналған ұсыныс;


3) жұмыс орны бойынша расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;


4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;


5) педагогтің карточкалық базадағы 20 таңбалы қолданыстағы ағымдағы шоты туралы хабарлама;


6) Білім басқармасының Комиссия отырысының хаттамасынан үзінді және қазақ және орыс тілдерінде ұсыныс;


7) электронды тасығыштардағы жазылған оқу сабақтары;


8) оқыту тіліндегі портфолио (педагогтің портфолиосының құрылымы осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген);


9) эссе; эссе тақырыбын жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі айқындайды.


10) осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген техникалық шарттарға сәйкес бейнеролик.


43. Педагогтердің кәсіби қызметіндегі жетістігі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес бағаланады.


44. Комиссияның "Үздік педагог" атағын беру туралы шешімі Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.


45. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.


46. Комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.


47. Конкурстың республикалық кезеңінің қорытындылары Конкурс аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, сондай-ақ уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.


48. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпазға Комиссияның шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде "Үздік педагог" атағы беріледі және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес куәлік, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес төсбелгі табыс етіледі.


49. "Үздік педагог" атағының иегеріне "Педагог мәртебесі туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 5-тармағымен белгіленген мөлшерде және тәртіпте сыйақы төленеді.



Үздік педагог" атағын беру
қағидаларына
1-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет