Үздіксіз білім беруде педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге даярлығын зерттеудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет56/58
Дата07.11.2022
өлшемі3,93 Mb.
#48276
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Байланысты:
Ағылшын әдістеме

ҚОРЫТЫНДЫ 
Бүгінгі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде педагогикалық маман-кадрлар 
даярлауды басқару саласында да біршама еңбектер орындалған. Ол еңбектерде 
білім беруді басқарудың теориялық-әдіснамалық негіздері қарастырылған. 
Сонымен, ғылыми зерттеулерге жасалған талдау жұмысы үздіксіз көпсатылы 
кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде педагог мамандарды даярлау 
мәселесінің әлі де болса терең қарастырылу қажеттілігін көрсетеді. Осы зерттеу 
жұмысында үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер 
даярлауды сабақтастықпен басқарудың ғылыми негіздері жайлы, үздіксіз көп 
деңгейлі білім беру жүйесінде болашақ мұғалімдерді даярлауды жетілдірудің 
педагогикалық шарттарын айқындау туралы озық пікірлері зерделеніп, 
тұжырымдар жасауда басшылыққа алынды. 
Қазақстанда көптілді/үштілде білім беру тәжірибесі өзінің тарихын 2007 
жылдан бастайды. Дегенменен, үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру 
жүйесінде халықаралық қарым-қатынас тілі ағылшын тілін меңгеруге 
байланысты 
педагогтардың 
даярлығы 
мен 
олардың 
инновациялық 
әлеуметтенулерінің психологиялық маңыздылығын анықтаудың қажеттілігі 
артуы мен заманауи таңдағы білім беру жүйесінде бұл мәселеге әлі де болса өз 
деңгейінде назар аударылмауы арасында; үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім 
беру жүйесінде педагогтарды даярлау ісін біріккен-диалогты танымдық іс-
әрекеттерін ұйымдастыра отырып, белсенді оқыту әдістері негізінде жаңа 
сапаға көтеруге байланысты талаптардың артуы мен оны жүзеге асыруға 
байланысты ғылыми теорияға негізделген әдістеменің жоқтығы арасында 
қарама-қайшылық анық байқалады. 
Сондықтан да осы қарама-қайшылықты шешу жолдарының бірі үздіксіз 
білім беруде ағылшын тілін меңгеруге педагогтардың дайындығы мен олардың 
инновациялық әлеуметтенулерінің психологиялық маңызын ашу мәселесі 
болды. Аталмыш мәселені қарастырып, талдау барысында теориялық және 
эмпирикалық зерттеулер жүргізіліп, біршама оңды нәтижелерге қол жеткізілді.
1. Айталық олар келесілер:
– үздіксіз кәсіби білім беру жүйесінде педагогтардың ағылшын тілін 
меңгеруге дайындығын анықтаудың теориясы мен әдістемесінің анықталды; 
– үздіксіз кәсіби білім мекемелерінің оқу іс-тәжірибесінде қолданыс 
табатын кәсіби ойындар жүйесінің жіктемесін қолданудың териясы мен 
тәжірибесі нақтыланып, әрі оның тиімділігі эмпирикалық экспериментте
дәлелденді; 
– үздіксіз кәсіби білім мекемелерінің оқу іс-тәжірибесінде оқытудың 
белсенді әдістерінің кең жүйесі қолданыс тапты; 
– кәсіби ойындар мен белсенді оқыту әдістері түріндегі инновациялық 
оқыту әдістерін қолданатын педагогикалық технологиялар зерттеудің өн 
бойында тиімділікпен әрі білім сапасын нәтижелі ете отырып, қолданылды; 
Үздіксіз кәсіби білім беру сатысындағы білім алушылардың танымдық іс-
әрекеттерін біріккен-диалогты сипатта ұйымдастырудың теориясы мен 
тәжірибесі тағы да ұтымдылықпен ұйымдастырылып, ағылшын тілін 


157 
меңгертуді жақсы жолға қойып жеңілдетті. 
2. Ағылшын тілі оқытушысының әдістемелік даярлығының жүйесі 
заманауи білім күйі мен осы сала бойынша ғылыми ізденістердің бағытын 
сипаттайтын жалпы ағымдар тоғысында және төмендегі шарттарда дамиды:
– білім кезеңдері мен деңгейлерінің үздіксіздігі мен сабақтастығы; 
– жоғары кәсіби білім берудің диверсификациясы, негізгі білім 
бағдарламаларының жүзеге асуын бағдарламалармен және қосымша білім беру 
қызметтерімен қамту; 
– білімнің мазмұны мен нәтижелерін стандартизациялау;
– фундаментальды теориялық және қолданбалы аспектілердің білім 
мазмұнында қатар үйлесуі; 
– отандық кәсіби даярлық жүйесінің жетістіктері мен ең озық 
дәстүрлерін сақтау барысында жоғары білім беруді еуропалық жоғары білім 
беру жүйесіне интеграциялау; 
– білім процесін модернизациялау мен сапасын арттыру мақсатында 
инновациялық жаңа құрылуларға ұмтылу. 
3. «Үздіксіз білім беру» түсінігі «бүкіл өмір бойы барысында білім алу» 
формуласымен берілетін білім берудің жаңа конструкциясына ауысуды 
сипаттайды. «Үздіксіз білім беру» түсінігін анықтай келе ғалымдар оның негізгі 
сипаттамаларын атайды – адамның бүкіл өмірін қамтиды, өзіне формальды 
және формальды емес білім түрлерін қосып алады, оқылып меңгерілетін пәндер 
мен адамның дамуының түрлі аспектілері арасында байланысты жүзеге 
асырады (кәсіби, моральдық, кәсіби және т.б.), ғылыми, мәдени және 
әлеуметтік прогресстің жаңа жетістіктерін ассимиляциялауға қабілеттілікті 
қалыптастырады. Ол оқу-танымдық шеберліктерді жетілдіруге, оқуға 
мотивацияны стимулдауға, табысты оқу үшін тиісті жағдайлар мен 
атмосфераны құруға бағытталған, білім берудегі шығармашылық және 
инновациялық бағыттарды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, адамның өзі білім 
алуына акцент жасайды. Үздіксіздік идеясы білім кеңістігінде субъектінің 
өзінің белсенділігінің басымдылығын мойындаудан туындайды, бұл студенттің 
кәсіби қалыптасуы мен жеке тұлғасының дамуы жайлы түсініктер мен
тұжырымдардың осы идеяға қосылып кетуін білдіреді.
4. Білім беру жүйелері мен процестерінде органикалық бірлікте үздіксіз 
білім беру жағдайында педагогтардың әдістемелік даярлық жүйесі қандай білім 
беру жүйесінде ранжирленген иерархиялы білім жүйесін құру мүмкіндігімен 
шарттаса отырып интеграция мен дифференциация құбылыстары болатындығы 
ғылыми дәлелденді. Проблема ағылшын тілі оқытушысының әдістемелік 
даярлығы жүйесінде интеграция мен дифференцияция процестері арасында 
динамикалық тепе-теңдікке қол жеткізуде болады.
Интеграция түсінігін талдау оның тек қана оқу процесін интеграциялы 
формаларын ұйымдастырудың сыртқы байқалуларымен (нәтижеге бағыттылық, 
пәнаралық байланыстың болуы ) ғана байланысты емес. Интеграцияның мәні 
білім беру процесінің бірлігі, тұтастығы мен жүйелілігі мен үйлесімділігі және 
оның компоненттерінің өзара байланысы категориялары арқылы адекватты 
ашылады. Білімдегі интеграцияға орай педагогикалық жүйенің тұтастығы, оның 


158 
компоненттерінің бірлігі мен өзара байланысы қолжетімді болады. Интеграция 
мен дифференциацияның өзара байланысы, олардың білім жүйесінде 
ажырағысыз орын алуы жоғары оқу орны оқытушысының үздіксіз әдістемелік 
даярлығы 
процесінде 
интегративті-дифференциалды 
қарым-қатынасты 
қолданудың заңдылығын көрсетеді.
5. Білім берудегі интеграция мен дифференциацияның өмір сүруінің 
объективті заңдылығы заманауи ғылыми білімнің заңдылықтарымен 
шарттасады және кез-келген білім беру жүйесінің барлық компоненттерінің 
бірлігі мен сабақтастығын негіздейтін интегративті–дифференциациялық 
тұжырымдамаларында бекітілген. Берілген бағыт-көзқарастың өнімділігі оның 
функциясының көпмағыналылығымен шарттасады – ол педагогикалық 
процестің ұйымдастырылуы мен жүзеге асуында, оқытуда таным феноменін 
түсіндіруде принцип, әдіс және шара ретінде ашылады.
6. Жоғары білімнің заманауи таңдағы сапасы мен нәтижелілігін түсіну 
құзіреттілік бағытында дамиды. Білімнің құзіретті бағыттылығында ағылшын 
тілі оқытушысының әдістемелік даярлығының нәтижелілігін негіздеу үшін 
теориялық базис құрайтын түсініктердің жиынтығы құрылды. «Құзірет», 
«құзіреттілік» категорияларын талдау, оларды өзектілік және кәсібилік 
тұрғыдан нақтылау кәсіби-әдістемелік құзіреттілікті әдістемелік даярлықтың 
интегративті нәтижесі ретінде мойындауға негіз құрайды. «Әдіс» пен 
«әдіснама» түсініктерінің мәнді байланысы, ағылшын тілі педагогтарының іс-
әрекеті мен кәсіби сипаттамасындағы жеке тұлғалық пен кәсіби қасиеттері, 
білімі, дағдылары арасындағы өзара байланыс кәсіби-әдістемелік құзіреттілікті 
маңызды жекелік жаңа құрылым ретінде анықтауға мүмкіндік береді.
7. Педагогикалық жүйенің мәнді сипаттамаларын зерттеу келесіні 
констатациялауға алып келеді, яғни жоғары оқу орны ағылшын тілі 
оқытушысының үздіксіз әдістемелік даярлығын педагогикалық жүйенің 
сипаттары бар мәдени және гуманистік сипаттағы жүйе деп қарастырған заңды 
болады. Ол педагогикалық жүйеге тән базалық сипаттарға ие болады әрі сол 
мезгілде лингвистикалық кәсіби білім беру жүйесінде жүйеасты болып бой 
көтереді. Мұндай жағдай қоғамның дамуының жалпы әлеуметтік-мәдени 
ағымдарымен детерминациялы болуымен және педагогикалық ғылым мен 
білімнің заманауи әдіснамасымен шарттасады. Ұйымдастырушылық жоспарда 
үздіксіз әдістемелік даярлық өз алдына интеграциялы-дифференциалды білім 
беру процесін білдіреді, ал сапалы-нәтижелік тұрғысынан – болашақ ағылшын 
тілі оқытушысының кәсіби-әдістемелік құзіреттілігінің қалыптасуын білдіреді.
Жоғары білімді дамытудың күрделілігі мен ағымдарының көптүрлілігі, 
заманауи оқытушының кәсіби даярлығы процесіне ұйымдастырушылық пен 
мазмұндық талаптардың жаңаруы, құзіреттердің құрылымды және мазмұнды 
күрделілігі оқыту нәтижесі ретінде педагогтың ағылшын тілін меңгеруге 
әдістемелік даярлығының заманауи тәжірибесінің қарама-қайшылықты 
сипатын шарттайды. Осы тарауда белгіленген ағымдар мен түсініктер түрлі 
дәрежедегі дифференциация мен интеграция идеясының байқалу дәрежесін 
көрсетеді және тиісті сипаттамаларға ие болады, бұл жоғары оқу орны 
ағылшын тілі оқытушысының үздіксіз әдістемелік даярлығын модернизациялау 


159 
үшін теоретикалық- әдіснамалық база құрайды. Үздіксіз әдістемелік 
даярлықтың жүйесінің практикалық құрылуы құзіретті мазмұнды бөлшектеп 
талдау негізінде және оның мәні мен болашағын анықтайтын ғылыми 
концепцияның, яғни тұжырымдаманың құрылуы барысында ғана мүмкін 
болады.
Жалпы, жоғарыдағыларды түйіндей келе, аталмыш зерттеу жұмысының
болжамы, яғни яғни үздіксіз кәсіби білім беруде үйлесімді дамыған, жоғары 
құзіретті білімді, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаның қалыптасуы келесі 
жағдайларда табысты болады: 
– педагогтарды даярлау ісінде білім беру сапасы тиісті талаптарға сай 
жүзеге асырылғанда;
– ағылшын тілді маманның кәсіби қызметінде кәсіби ойындардың жүйесі 
қолданылғанда; 
– білім алушылардың танымдық іс-әрекеттерін бірікккен-диалогты 
сипатта ұйымдастыру орын алғанда; 
– оқыту сапасын арттыруды көздеген белсенді оқыту әдістері жүзеге 
асырылып қолданылғанда деген болжамдар эксперимент арқылы дәлелденіп 
расталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет