Қазіргі таңда өскелең ұрпақ неліктен бір нәрсеге зейінін ұзақ уақыт аудара алмай, шыдамсыздыққа ерік беруде? Шындығында балалар тұрмақ ересек адамдардың өзі бір жұмысты ұзақ уақыт жасауға шыдамдары жетпей жатады. Өкініштісі соңғы уақыттарда еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін көп уақытын телефонда, әлеуметтік желілерде өткізеді. Мысалы әлеуметтік желіде қысқа-қысқа бейнелер бірінен соң бірі өтіп жатады. Сол бейнелерге көз алмай қарап отырған адам бір ұзақтау бейне шықса соңына дейін қарауға шыдамы жетпей өткізіп жіберуі мүмкін. Сәйкесінше бұл жағдай адамның зейін қою қабілетін төмендетері анық. Сондықтан ата-ана баланың айнасы дегендей, баланың алдында үлкендер дұрыс үлгі-өнеге көрсетіп, телефонда отырмай жиі кітап оқыса балалар да көргенін жасайды. Баланың зейінін дамыту үшін ата-аналар оның әлеуметтік желіде, телефонда ұзақ отырмауын қадағалауы қажет. Сонда баланың зейіні жігерлі түрде одан әрі дами түседі.
Қорытындылай келе зейіннің қай түрі болмасын іс-әрекеттен нәтиже шығаруға бағытталатынын айтқым келеді. Егер, оқушы тапсырманы өздігінен беріліп істесе, ырықсыз зейіні көрінеді. Бірақ ұзақ тапсырманы тікелей қызығып істей беру де оңай емес. Мұндай жағдайда ырықты зейінге орын беріледі. Алайда, ылғи ырықты зейінмен жұмыс істеу де адамды қажытып шаршатады. Сондықтан, адам жұмысты зейіннің ырықты және ырықсыз түрін қатынастыра отырып, үйреншікті зейінмен істеуді әдетке айналдыруы қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы, 2002, 415-бет.
Қарсыбаева Р.К., Қарсыбаева А.Б. Қ 20 Сауат ашу және жазуға үйретудің теориясы мен технологиясы. Қарсыбаева Р.К., Қарсыбаева А.Б. – Алматы: «Қыздар университеті» баспасы, 2014 ж.-152 б.
Егенисова А.Қ. Психология: Оқу құралы. А.Қ.Егенисова . Ақтау, 2010, - 185 бет
1 Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы, 2002, 415-бет.
2 К.Д.Ушинский. Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері, 1951, 22-бет.
3 Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы, 2002, 415-бет.
4 Қарсыбаева Р.К., Қарсыбаева А.Б. Қ 20 Сауат ашу және жазуға үйретудің теориясы мен технологиясы /студенттерге арналған көмекші оқу құралы / Қарсыбаева Р.К., Қарсыбаева А.Б. – Алматы: «Қыздар
университеті» баспасы, 2014 ж.-152 б.
5 Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы, 2002, 415-бет.
6 Егенисова А.Қ. Психология: Оқу құралы. А.Қ.Егенисова . Ақтау, 2010, - 185 бет