Жазу жұмыстарының зейіннің дамуына ықпалы. Жаңа сауаттана бастаған бала бір әріпті жазу үшін оның құрамындағы элементтердің әрқайсысында (таяқша, ілмек т.б) бір-бір импульс жұмсайды. Мұнда да көптеген ерік күшін жұмсап, үнемі тиянақты зейін қойғанда ғана ұзақ уақыт жаттығу жұмыстарының нәтижесінде барып дағды қалыптасады: саусақ дағдыланады; ерік, зейін, сананы бағыттайды. Сана жазылатын әріптің немесе сөздің, сөйлемнің мазмұнын ұстайды; сөйтіп, бірте-бірте санада тұтас сөз немесе сөйлем сақталады да, оларды жазу тұтас бір акт ретінде орындалады. Бастауыш сынып баласының зейіні тұрақсыз, оның толқуы сабақ үстінде күшті, ал бөліну қасиеті мүлде жоқ десе де болғандай,көлемі өте аз мөлшерде болады. Сондықтан оқудың алғашқы күнінен бастап-ақ балаларды тыңдай білуге, оңай тапсырмаларды орындап жүруге үйрету керек. Бұлардың зейіндері заттарды бақылай білу, олармен жұмыс істеу (әріптерден сөз құрау) арқылы тәрбиеленеді. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейіннің тұрақтылығы арта түседі. Сабақта пайдаланылатын ойын элементтері, іс-әрекеттердің нәтижелі түрлері, іс-әрекет формаларын жиі өзгерту – балалар зейінін тәрбиелеуге көмектеседі. Сауат ашу кезінде жазу сабақтарында балалар әріп элементтерін немесе жекелеген әріптерді жазғанда ұзақ уақыт жазып отырмауын қадағалау керек. Өйткені ұзақ уақыт бір-екі элементті немесе бір әріпті жаза берсе, бала шаршайды да, сабаққа зейін қоюдан қалады, сондықтан үш-бес минут жазғаннан кейін қолдарына демалыс беріп, саусақты жаттықтыру сәті өткізіледі. Сонан соң құрамында үйреніп отырған дыбыс бар сөздер ойлап тауып, талдауға немесе ойын, мысалы, «Қай әріпті жоғалттым» ойнауға болады. Сонан соң ғана жазуға көшкені дұрыс. Жұмыс түрі өзгергенде балалар да оған зейін қоя бастайды.4 Мектеп жағдайында балалардың зейінін бір пәннен екінші пәнге,бағдарламаның бір бөлімінен екінші бөліміне, үй тапсырмасын сұраудан жаңа сабақты тыңдауға үнемі аударып отыруға тура келеді.Зейінді аудара алу оқушының ерік сапалары біраз дамыған кезде, әсіресе оқу материалдарын түсінген және оларды ұмытпайтындай етіп меңгерген жағдайда ғана мүмкін болады. Сонымен қатар зейінді бір уақытта түрлі объектіге бөлуге болатындығы белгілі. Мәселен, оқушылар өздері есеп шығарады, сонымен қатар осы кезде басқат оқушының тақтаға шығарған есебін бақылайды, оның сөзін тыңдайды т.б. Бастауыш сынып оқушыларының зейін көлемі ересек адамдардың зейін көлеміне қарағанда шағын болатындығы сабақ үстінде мұғалімнің есінде болуға тиіс, сондықтан да оқушыларға бір мезгілде сан жөнінде де сапа жөнінде де белгілі зейін көлемінен артық мөлшерде материал беруге болмайды. Оқушылардың зейін көлемі бір-бірімен байланыспаған элементтерді қабылдаса, олардың зейін көлемін өсіретіндігін мұғалім еске алуы қажет. 5 Адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді. Адам өмірінде ырықсыззейін елеулі орын алады. Зейіннің бұл түрі әсіресе жас балаларда жиі орын алады.Өйткені балалық дәуренде адамның күрделі іс-әрекеттері белгілі жүйеге келе қоймайды да, осының нәтижесінде оның психикасы өте нәзік, түрлі сыртқы әсерге берілгіш келеді. Мысалы, 1 сыныптың оқушылары математикалық мысалдарды шығаруда еңбектеніп отыр дейік, кенеттен дәлізде еденнің қатты дүрсілдеп, біреудің жүгіріп, қарқылдап күлгені естілді. Оқушылардың зейіні тез арада жұмыстан ауытқып, көңіл қоюлары бұзылды. Балалар мұғалімнің не айтып тұрғанын тіпті естімейді де. Оның өздері оқушылардың санасына жетпейді, қозу туғызбайды да, қабылданбайды. Мұғалім сабақ үстінде дауыс және сөз екпінін өзгерте отырып оқушыларды ырықсыз зейін тудыра алады. Ал ырықтызейін - әрекетті саналы түрде ерік күшін жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді. Бұл зейінді ерікті немесе белсенді зейін деп те атайды. Сананың әрекеттің белгілі шарттарымен байланысты болып, бір объектіге бағытталуын - ырықты зейін дейміз. Ырықты зейіннің психологиялық мазмұны адамның іс-әрекетіндегі алға қойған мақсатымен, ерік күшімен байланысты. Көлік жүргізуші шофер, есеп шығарушы есепші, тәжірибе жүргізуші ғалым алдын ала мақсатын белгілеп, оны орындап шығу үшін соған саналы әрекетін бағытгайды. Олай етпеген жағдайда мақсатты ісінен нәтиже шығара алмас еді.Мектептегі оқу-тәрбие істерінің бәрі де балалардың ырықты зейінін қалыптастырып, дамытып отыруды қажет етеді. Бұл үшін оқу әрекетін балалардың шама-шарқына орай қызықты етіп ұйымдастырылуға тиісті. Талпынысының нәтижелі болуы - баланың өзіне деген сенімін арттырады. Сабақты оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай түрлендіре жүргізіп, әр түрлі әрекет жасатып, ырықсыз зейінін ырықты зейінге аударып отыру керек. Зейіннің үшінші түрі - үйреншікті зейін. Үйреншікті зейін - адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін.Үйреншікті зейін ырықты зейіннен кейін жасалады. Мәселен, бала оқуға төселсе, бұл оның тұрақты әдетіне айналса, оның зейіні де үйреншікті бола бастайды. Қандай нәрсеге болса да үйреніп, жаттығып алған соң, адамның іс-әрекеті дағдысына айналады. Үйреншікті зейіннің де табиғаты осыған ұқсас. Өйткені үйреншікті зейін ырықты зейіннен дамып қалыптасады. Зейіннің қай түрі болмасын іс-әрекеттен нәтиже шығаруға бағытталады. Егер, адам жұмысқа өздігінен беріліп істесе, ырықсыз зейіні көрінеді. Бірақ ұзақ жұмысты тікелей қызығып істей беру де оңай емес. Мұндай жағдайда ырықты зейінге орын беріледі. Ылғи ырықты зейінмен жұмыс істеу де адамды қажытып шаршатады. Сондықтан, адам жұмысты зейіннің осы екі түрін қатынастыра отырып, үйреншікті зейінмен істеуді әдетке айналдыруы қажет. 6