1 курс студенті, 6B01709-Ағылшын тілі және бастауыш сынып мұғалімі,
Абжалиева Назым Талғатқазы
Астана Халықаралық университеті,
Астана, Қазақстан
nazym.abzh@mail.ru
Қазіргі таңда өскелең ұрпақтың зейін қоя білу қабілеті қаншалықты дамыған? Алдымен зейін ұғымына толыққанды тоқталып өтейік. Зейін деп-адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады.Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын.1 Адамның кез-келген іс-әрекеті:алғаш сөйлегені, жүргені, әріп танығаны бәрі де зейін арқылы жүзеге асады. Әрбір жетістікке жеткім келеді дейтін адамға алдымен білім мен тәрбие қажет болатыны анық. Ал сол білім мен тәрбиені миға қондырудың негізгі шарты- бала жастан оқу процесінде аса зейінді бола білу. Орыс педагогы К.Д.Ушинский «Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды,егер де ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе қалмайды»2 деп зейіннің өзектілігін нақтылап берген еді. Мысалы, бір қызық кітапты жан-тәнімен беріліп оқып отырғанда адамға айналадағы құбылыстар кедергі келтіре алмайды, керісінше ол құбылыстар біздің ойымыздың күшеюіне әсер ететіні байқалады, себебі ол адамның бар зейіні алдында тұрған кітапқа бағытталған.
Мысал келтірейік. Бастауыш сынып оқушысы математикадан есептер шығарып отыр. Оқушы есепке бар зейінін аударып отырғанын, оның есепке көзін алмай қадала үңілгенінен яғни психикалық кейпінен анық байқауға болады. Оқушы алдымен есептің шығарылу жолын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып, шамалы үзілістен кейін ана-тілін, одан соң жаратылыстануды оқуға көшеді. Сабағын оқып болғаннан кецін, басқа да түрлі нәрселермен айналысады.Осы көріністердің бәрінде де бала өзінің әрекетінің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп отырады. Зейінді ұзақ уақыт бойы белгілі бір іс-әрекетке жеткілікті түрде жұмылдыру үшін , әсіресе, оның бөтен нәрсеге көңілі ауып кетпеуін қадағалау керек. Әрине бұл қадағалау жұмыстары ата-ана мен мұғалімнің саналы түрде бірлесіп атқаратын міндеті. Сәйкесінше зейін баланың ерте жасынан тәрбиенің ықпалымен еріксіз дами бастайды.