Зертханада пайдаланылатын улы заттарды сақтауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар


Улы заттарды тасымалдауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар



бет4/4
Дата21.04.2023
өлшемі0,97 Mb.
#85219
1   2   3   4

Улы заттарды тасымалдауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

  • Улы заттарды тасымалдау үшін қолданыстағы стандарттардың талаптарына сай көлік құралдарын пайдалану керек.
  • Улы заттарды тасымалдау кезінде бірге болатын адамдар мен жүргізушілер техникалық қауіпсіздік ережелерімен танысуы керек; өздерімен қоса газтұтқыш, тығыз матадан тігілген комбинизон, резеңкеден жасалған саусақты техникалық қолғап, етік, улы заттардың уытын қайтаратын немесе бейтараптандыратын дәрмектер салынған қобдишамен жабдықталып, керек болғанда алғашқы медициналық көмек көрсетуге дайын болуы керек.
  • Улы заттарды тасымалдау кезінде бірге болатын адамдар улы заттар салынған ыдыстың дұрыстығын тексеріп отырулары керек. Егер дәрмек салынған ыдыс бүлінген жағдайда қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, көлікті тоқтатып, шашылған улы заттарды артық ыдыстарға қайта салып, немесе қауіпсіз жерге апарып, жүктің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек.
  • Сынған ыдысты жөндеу, шашылып төгілген улы заттарды жинау жұмыстарын арнайы киімді киіп барып, қорғаныш құралдарын қолдана отырып жүргізу керек.
  • Әрбір улы заттар салынған ыдыстың бүлінуі туралы немесе улы заттардың шашылғаны туралы акті жасалынып, ол санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарына жіберілуі керек.
  • Актіде улы заттың атауы, салмағы, жүрген жолы, ыдыстың сынған себептері, шашылған (төгілген) заттың көлемі көрсетілуі керек. Актіні жүкті сақтауға жауапты немесе дәріні тасымалдау кезінде бірге болған адам толтырып қол қояды.
  • Улы заттарды тасымалдау жұмысы аяқталғаннан кейін, тасымалдау бөлігін мұқият тазалап, жуу керек. Тасымалдау көліктерін жуу арнайы бөлінген су өткізбейтін жабындымен жабылған учаскеде жүргізілуі керек. Жуылған ағынды су бетондалған су өткізбейтін сыйымдылықтарға жиналынып, зиянсыздандырылуы (бейтараптандырылу) керек. Ол үшін жергілікті тазалағыш қондырғылардан өтіп, суғару үшін пайдаланылады немесе канализацияға жіберу керек.

Улы заттарды тасымалдауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

  • Улы заттарды тасымалдау барысында қолданыстағы стандарттың талаптарына сай берік, бүлінбеген, сынбаған, таза ыдыспен қаптау керек. Улы заттар былай қапталуға тиіс:
  • 1) тығыны тығыздала жабылатын шыны банкілерге (міндетті түрде тексерілуі керек), банкінің аузы мен мойны парафинделініп, оған резеңке қалпақ кигізіледі. Шыны ыдыстар темір, қаңылтыр құндақтарға қойылып, астына, қырына, жанына жұмсақ материалдармен тығыздалынады;
  • 2) төсеніші, бұрандалы тығыны бар темір қалайы банкілер қақпағымен біріккен жерде дәнекерленеді, ағаш жәшіктерге салынып, шайқалмас үшін үстіне бос топырақ немесе ағаш үгіндісін төгіп қояды. Жәшіктер жүкті жіберушімен пломбаланады. Жәшіктің қақпағында "Жоғарғы жағы, абайла" деген жазу жазылады;
  • 3) төртмилиметрлік фанера мен ағаштан жасалған ағаш барабандарда орналастырылып, тұмшаланып жабылатын металдан жасалған барабандарға. Барабандардың жоғарғы және төменгі қабаттары темір сақинамен қапталады, фанералық барабандардың көлденең тігістері темір сақиналармен тігу арқылы бекітіледі;
  • 4) төртқабатты крафтцеллюлозалық қаптар арқылы;
  • 5) кендір қаптарға салынған көп қабатты қағаз қаптарға, сол сияқты фанералық немесе темір барабанға салынған қағаз, зығыр немесе кендір қаптар арқылы;
  • 6) ағаш жәшіктерге салынған төсеніштермен бекітілген болаттан жасалған баллондар арқылы.
  • Әрбір қорап затбелгісімен қамтамасыз етіледі. Затбелгіде төмендегідей ақпараттар болуға тиіс: атауы, қажетті сақтану шаралары, қолданудың арнайы ережелері, өндірушінің атауы, өндірілген уақыты және жарамдылық мерзімі.
  • Қораптың сыртында "у" деген жазу жазылып және бас сүйек пен түтікті айқастырылған сүйектер суретін жапсыру керек.
  • Улы заттарды тасымалдауға арналған баллондарға, цистерналарға басқа да ыдыстарға техникалық тексеріс жүргізу айына бір рет қайталанылып отыруы керек. Базистік және улы заттарды пайдалануға жіберетін қоймалар теміржол цистерналарын улы заттарды сақтау үшін пайдаланылуына болмайды.

Назарларыңызға рахмет!

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет