Зертханада пайдаланылатын улы заттарды сақтауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар



бет2/4
Дата21.04.2023
өлшемі0,97 Mb.
#85219
1   2   3   4

Ерітінділер мен құрғақ реактивтер шыны, резина немесе қабық тығындармен жабылған шыны ыдыстарда сақталу керек. Реактивтер салынған ыдыстардың сыртында реактивтердің аты және оның сапасы: «техникалық», «таза», «анализ үшін таза», «химиялық таза», ал ерітінділер құйылған ыдыстардың сыртында ерітінділердің аты және концентрациясы жазылған этикеткалар болу керек.

  • Реактивтерді пайдаланғанда келесі ережелерге сүйену қажет:
  • Егер жұмысқа қажетті реактивтердің мөлшері көрсетілмеген болса, реактивтерді аз алу (материал мен жұмысқа кететін уақытты үнемдеу үшін).
  • Алынған реактивтің артық мөлшерін сол ыдысқа қайтадан салуға немесе құюға болмайды.
  • Реактивтерді пайдаланғаннан кейін ыдысты жауып, орнына қою.
  • Құрғақ реактивтерді фарфор немесе металдан жасалған қасықшалармен немесе қалақшалармен (шпательдер) алған жөн. Олар әрдайым таза, құрғақ болуы керек. Пайдаланғаннан кейін оларды әбден тазалап (сүзгіш қағазбан) сүртіп отыру.
  • Егер реактив (ерітінді) пипеткамен алынған болса, ол пипетканы жуып тазартпай, екінші ыдыстан басқа реактив (ерітінді) алуға пайдалануға болмайды.

Улы заттарды сақтайтын қойма, үй жайларына және сақтау жағдайына қойылатын санитарлық эпидемиологиялық талаптар

  • Улы заттар үшін қойма ретінде жертөлелерді, палаткаларды, жанар-жағармай материалдарын сақтайтын қоймалардың үй-жайды пайдалануға, сондай-ақ улы заттарды ашық аспан астында немесе күрке астында сақтауға болмайды.
  • Улы заттарды сақтауға арналған қоймаларда табиғи және жасанды жарық көздері қарастырылып, сумен және канализация жүйесімен, жылумен қамтамасыз етіліп, табиғи және қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелердің талаптарына сай, сорып-шығаратын желдету жүйесі қарастырылуы керек.
  • Қоймалар базистық қоймалар, улы заттарды жіберетін қоймалар болып екіге бөлінеді Қоймалар елді мекеннің тұрғын үйлерінің ық жағында орналасып, құрылысы жоқ жерде орналасуы керек. Олар ашық, жақсы желденетін, су астында қалмайтын учаскелерде орналасып, жер асты суларының деңгейі 2 метрден (бұдан әрі - м) кем болмай, биіктігі 2,4 м қоршаумен қаршалуы керек.
  • Базистық және улы заттарды жіберетін қоймалар орналасқан учаскеде автокөліктерге арналған жол қарастырылып, олар үлкен жолдармен жалғасуы керек. Базистік қоймалар теміржолмен жабдықталып, олар жалпы қолданыстағы теміржолдармен жалғасуы керек.
  • Улы заттардың кез келген тобын сақтауға, қораптауға және құюға арналған қоймалық үй-жайлардың қабырғасын, төбесін және ішкі құрылғыларын әрлеу Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етіліп, химиялық, ыстық және механикалық факторлардың әсеріне шыдамды және тез тазартуға, жууға болатын материалдан жасалуға тиіс. Қабырғаның төбемен және еденмен түйісетін жерлері доғалданып келуге тиіс.
  • Уларды сақтайтын қоймалар берік есіктермен жабдықталынуы керек.
  • Қоймаларда дәрі-дәрмектер табандықтарда, сөрелерде, стеллаждарда сақталуға тиіс, олардың қабырға мен арасы 1,5 м кем болмауға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет