Зертханалық жұмыс №6. Тақырып: Windows операциялық жүйесінің негізгі объектілері. (2 сағат зертханалық жұмыс, 1 сағат СӨОЖ) Жұмыстың мақсаты: Windows операциялық жүйесінің негізгі объектілерімен танысу және олармен жұмыс жасап үйрену.
Операциялық жүйе дегеніміз компьютер мен оны тұтынушы арасындағы қарым-қатынасты іске асыратын, компьютерге жалғанған барлық құрылғылардың және компьютерде орындалып жатқан программалардың жұмысын басқаратын программа.
Windows операциялық жүйесінің негізгі объектілері: бума, файл, терезе, шартбелгі, жарлық, Сілтеуіш программасы т.б.
Тышқан тетігінің екі немесе үш батырмасы болады. Оның сол жақ батырмасы – негізгі, оң жақ батырмасы – қосымша, ал ортаңғысы – программалау батырмасы болып саналады.
Іске қосу (Пуск) батырмасында тышқанды шерткенде Бас меню (Главное меню) ашылады.
Жанама немесе динамикалық (контексті) менюді шақыру үшін – тышқанның оң жақ батырмасын шертеміз.
Қандай да бір объектіге (бума, тапсырмалар тақтасы, шартбелгі т.б.) тышқан курсорын орналастырып, оң батырмасын шертсек, дәл осы жағдайда сол объектімен амал жасауға болатын командалардан тұратын тізім яғни жанама меню ашылады.
Бума – файлдарды жүйеге келтіру үшін және оларды мағынасына қарай топтастырып, жұмыс істеуге ыңғайлы болу үшін қолданылады.
Файл дегеніміз – белгілі бір атпен дискіге жазылып сақталынып қойған мәліметтер жиыны яғни құжат.
Терезе - Windows операциялық жүйесінің негізгі элементі. Терезелер екі топқа бөлінеді: стандартты терезелер және сұқбат терезелер.
Жұмыс үстелі негізгі, бас терезе болып табылалды. Жұмыс үстелінің элементтері: Менің компьютерім (Мой компьютер), Қоржын (Корзина), Желілік орта (Сетевое окружение) т.б. шартбелгілер
1-сурет. Жұмыс үстелі терезесі.
Менің компьютерім шартбелгісінің көмегімен компьютер туралы толық мағлұмат алуға болады.
Қоржында өшірілген файлдар уақытша сақталады.
Желілік орта шартбелгісі желімен байланысқан компьютерлерге қатынас жасау мүмкіндігін береді.
Әрбір программаның, объектінің шартбелгісі (значок, пиктограмма) болады. Шартбелгідегі суретіне қарап оларды ажыратамыз. Әр шарт белгінің өзіндік атқаратын қызметі болады.
Жиі қолданылатын программаны, файлды немесе буманы қысқа жолмен, жылдам іске қосу үшін құрылатын сілтемені – жарлық деп атаймыз.
Жұмыс үстелінің төменгі жағындағы көлденең жолақ – Тапсырмалар тақтасы (Панель задач) деп аталады. Оның сол жақ шетінде программаларды жылдам іске қосуға, файлдарды іздеуге, анықтама алуға мүмкіндік беретін «Іске қосу» (Пуск) батырмасы, ал оң жақ шетінде уақыт маркері, пернетақтаның индикаторы, вирусқа қарсы программаның шартбелгісі т.б. орналасқан.
Экрандағы кез келген элементтердi белгiлеп алу үшiн: