А4:А13 ұялар диапазонынбелгілеп, Ctrl пернесін басып тұрып, В3:К3 ұялар диапазонын белгілейміз. Осы диапазондар үшін сызылымды – жартылай қарайтылған, туралауды – ортаға етіп тағайындаймыз.
Бірліктер жолы мен ондықтар бағанасының тақырыбы жазылатын А3 ұясын белгілеңіз. Ұяны диагональ бойынша сызықпен бөліп, оның оң жағы мен төменіне сөздер жазу үшін алдымен 9 бос орын таңбасын енгізіңіз де, Бірліктер сөзін, одан кейін тағы бір бос орын қалдырып, Ондықтар мәтіндерін теріп жазып, Enter пернесін басыңыз.
А3 ұясын қайта белгілеп, қаріп мөлшерін 8, сызылымын жартылай қарайтылған етіп тағайындаңыз.
Туралау (Выравнивание) бөліміне тышқанды бір шертіп, қажет бөлімге ауысыңыз (4.5-сурет).
-сурет. Туралау (Выравнивание) сұхбат терезесі.
Сөздерді тасымалдау (Переносить по словам) жалаушасын орнатыңыз.
Шекаралар (Границы) ішкі бетінде тышқанды бір шертіп, қажет бөлімге ауысыңыз (4.6 сурет). Линия өрісінде сызық түрін таңдаймыз. Бізге үнсіз келісім бойынша тағайындалатын жіңішке сызықты алу қолайлы. Енді бұл сызық ұяның қай жиектеріне қажет екенін көрсету керек.
Тышқанды батырмасында бір шертеміз. Диагональ сызық сұхбаттасу терезесінің ортасында орналасқан үлгіде пайда болады. ОК батырмасын шертіп, сұхбат терезесін жабамыз.
4.6- сурет. Шекара (Граница) сұхбат терезесі.
А3 ұясында диагональ сызық пайда болады. Енді Единицы тақырыбы ұяның оң жақ жоғарғы бұрышында, ал Десятки – сол жақ төменгі бұрышында орналасуы үшін ұя мөлшерін өзгерту керек.
Жолдың биіктігін өзгерту үшін тышқанды жол тақырыбының төменгі жағына орналастырып, тышқанның оң жақ батырмасын басамыз. Жанама менюден Высота строки жолын таңдап, ашылған терезеге: 24,00 санын енгіземіз.