Енді кесте тақырыбы мен ұяларға жақтаулар сызамыз.
А3:К13 ұялар диапазонын белгілеңіз. Форматтау (Форматирование) саймандар тақтасындағы батырмасын шертіп, кестенің сыртқы жиектерін қалың , ал ішкілерін – жіңішке сызықтармен сызып шығыңыздар.
Бірліктер жазылған 3-жолдың төменгі шекарасы мен ондықтар жазылған бағананың оң жақ шекарасын да қалың сызықтармен сызыңыздар. Ол үшін Форматтау (Форматирование) саймандар тақтасын немесе Формат – Ұя – Шекаралар (Формат – Ячейки – Граница) командасын пайдалану керек.
Кестені дискіге жазып сақтаңыздар.
Функциямен жұмыс. Матрицаларды өңдеуде EXCEL функцияларын қолдану Ф ункция шеберiн шақыру үшiн: Саймандар панелiнде арнайы батырма – функция шеберi бар. Функция шеберiн шақыру арқылы EXCEL стандартты функциялар тiзiмiн оқуға және қолдануға мүмкiндiк бар.
1-тәсiл. Стандартты саймандар панелiнiң Функция шеберi батырмасын қосу арқылы;
2-тәсiл. Енгiзу – Функция…(Вставка-Функция) командасын орындау арқылы.
Матрицалармен жұмыс iстеуге арналған EXCEL–дiң стандартты функцияларын оқып-үйрену арқылы матрицаның анықтауышын табу, санға көбейту, транспонирлеу, екi матрицаның қосындысын, айырмасын, көбейтiндiсiн табу, керi матрицаны табу жұмыстарын автоматтандыруға болады.
Матрицалармен жұмыста қолданылатын стандартты функциялар:
МОПРЕД – матрицаның анықтауышын табу;
ТРАНСП – матрицаны транспонирлеу.
Матрицаны транспонирлеу – оның баған элементтерiн жолға, ал жол элементтерiн бағанға орналасатындай етiп ауыстыру;
МОБР –матрицаға керi матрицаны табу.
Матрицаға керi матрицаны табу үшiн, алдымен матрицаның анықтауышын табу қажет.
МУМНОЖ –екi матрицаны көбейту.
Тапсырма 1х =1,2, y =3 және z =1,5 болғанда, төмендегі формулалардың сандық мәндерін есептеңіздер:
1) , 2) , 3) ,