Әдістемелік нұсқау. А1 ұясына “Формулалар бойынша” мәтінін енгізіңіз. А2 ұясына – х, В2 ұясына – у, С2 ұясына – z айнымалыларын енгізіңіздер. А3 ұясына x-тың мәнін, B3 ұясына y-тің мәнін, C3 ұясына z-тің мәнін енгізіңіздер. A5, A6 және A7 ұяларына формулаларды енгізіңіз. Мысалы, бірінші формула бойынша есептеу үшін А5 ұясына =1+A3+A3^2+A3^3 формуласын енгізу керек.
5.1-сурет
Тапсырма 2 Матрицаның анықтауышын табу.
А=
Берiлген матрицаның анықтауышын табу керек.
Әдістемелік нұсқау. Жаңа жұмыс кiтабын ашыңыз.
Кестенiң B2:G7 ұяшықтар блогына А матрицасының элементтерiн енгiзiңiз.
Функция шеберiнiң МОПРЕД функциясын шақырыңыз.
Экранға пайда болған МОПРЕД диалогтық терезесiнiң Массив өрiсiне А матрицасының орналасу облысын енгiзiңiз.
ОК түймесiн шертiңiз.
Жұмыс кiтабының 1-бетiне “Анықтауыш” атауын берiңiз.
Тапсырма 3 Матрицаны санға көбейту.
А=
Әдістемелік нұсқау. А матрицасын 14 санға көбейту керек.
1. Жұмыс кiтабының 2-бетiн ашыңыз.
2. Кестенiң B3:G8 блогына А матрицасының элементтерiн енгiзiңiз.
3. Нәтижелiк В матрицасы элементтерiнiң орналасу облысын, яғни B12:G17 блогын белгiлеп алыңыз.
4. Формула қатарына =14*B3:G8 формуласын жазып, Shift+Ctrl+Enter пернелер комбинациясын басыңыз.
5. Бетке “Санға көбейту” атауын берiңiз.
1. Жұмыс кiтабының 3-бетiн ашыңыз.
2. B3:F8 блогына А матрицасының, ал B11:F16 блогына В матрицасының элементтерiн енгiзiңiз.
3. Нәтижелiк матрицаның элементтерi орналасатын болысты белгiлеңiз.
4. Формула қатарына =B3:F8+B11:F16 формуласын жазып, Shift+Ctrl+Enter пернелер комбинациясын басыңыз (5.3 сурет).
5. Бетке “Қосу” атауын берiңiз.
6. А және В матрицаларының айырмасын табыңыз.