Зертханалық жúмыс №1


Тапсырма 3 у=x2+1 функциясының [-10; 10] интервалындағы мәндерін автолтыру арқылы есептеңіз. Ә дістемелік нұсқау



бет108/136
Дата15.12.2023
өлшемі8,58 Mb.
#137961
түріҚұрамы
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   136
Тапсырма 3
у=x2+1 функциясының [-10; 10] интервалындағы мәндерін автолтыру арқылы есептеңіз.
Ә
дістемелік нұсқау

3.2-сурет
А1:В1 ұяшықтарын біріктіріп, берілген формуланы теріп жазамыз. А2 ұяшығына х-тің -10-нан 10-ға дейінгі сандарды жазамыз. В2 ұяшығына формула =A2^2+1 бойынша есептеп, келесі В3 ұяшығынан бастап автотолтыруды орындаймыз.

Студенттің өзіндік жұмысы
Тапсырма 1 Автолтыру арқылы “2006 жылының күн тізбесін” (Календарь) жасаңыз. Әр түрлі түске бояп, форматтаңыз (пішімдеңіз).
Тапсырма 2 Осы “2006 жылының күн тізбесін” жазған бетіңізді қорғаңыз, тексеріңіз.


Тапсырма 3 Нұсқада берілген тапсырмаларды орындаңыз:

Нұсқа

[A,B]

x[a;b] аралығындағы сандар тізбегінен табу керек

1

[-6;6]

Y=2*x Жұп сандар тізбегін

2

[-5;5]

Y=2*x+1 Тақ сандар тізбегін

3

[-20;5]

Y=x3 Кубтарының тізбегін

4

[-5;3]

х2/(х-5) өрнегінің мәндерін

5

[-7;7]

(2х+4)/(х2-3) өрнегінің мәндерін

Электрондық кестеде формулалар арқылы күрделі кестелер құру
Алгебра курсынан бәрімізге белгілі бірден 100-ге дейінгі бүтін сандар квадратын табу кестесінің көмегімен “абсолюттік” сілтеме түсінігін қарастырайық (4.1-сурет).
0-ДЕН 99-ҒА ДЕЙІНГІ БҮТІН САНДАРДЫҢ КВАДРАТТАРЫНЫҢ КЕСТЕСІ

Единицы

Десятки


0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

0

0

1

4

9

16

25

36

49

64

81

10

100

121

144

169

196

225

256

289

324

361

20

400

441

484

529

576

625

676

729

784

841

30

900

961

1024

1089

1156

1225

1296

1369

1444

1521

40

1600

1681

1764

1849

1936

2025

2116

2209

2304

2401

50

2500

2601

2704

2809

2916

3025

3136

3249

3364

3481

60

3600

3721

3844

3969

4096

4225

4356

4489

4624

4761

70

4900

5041

5184

5329

5476

5625

5776

5929

6084

6241

80

6400

6561

6724

6889

7056

7225

7396

7569

7744

7921

90

8100

8281

8464

8649

8836

9025

9216

9409

9604

9801

4.1-сурет


Әдістемелік нұсқау

  1. Тышқан көмегімен А1 ұяшығын белгілеп, пернетақтадан Квадраттар кестесі мәтінін

енгізіңіз.

  1. В3 ұяшығына 0, С3 ұяшығына 1 сандарын енгізіңіз. В3 және С3 ұяшықтарын

белгілеп алып, толтыру маркерін К3 ұяшығына дейін созыңыз. В3–К3 ұялары
0-ден 9-ға дейінгі сандармен толтырылады.

  1. А4 ұясына 0 санын енгізіңіз. Енді осы бағананы 90-ға дейін 10 қадаммен толтыру керек. Ол үшін Прогрессия_(Правка_–_Заполнить_–_Прогрессия'>Түзету – Толтыру – Прогрессия (Правка – Заполнить – Прогрессия) командасын орындаңыз. Экранда 4.2-суретте көрсетілгендей Прогрессия сұхбат терезесі пайда болады.


4.2- сурет. Прогрессия сұхбат терезесі

  1. Бағананы сандармен толтыру үшін Тип элементтер тобын басқару бөлімінде арифметикалық (арифметическая) ауыстырып қосқышын орнатамыз. Орналасу (Расположение) бөлімінде бағана (по столбцам) жолын таңдаймыз. Қадам (Шаг) – 1. Соңғы мән (Предельное значение) – 9.

  2. ОК батырмасына басыңыз. А бағанасы 0, 10, 20, ... 90 сандарымен толтырылады.

Енді В4 ұясына Функция шебері (Мастер функции) көмегімен санның квадратын есептейтін формуланы енгізу керек. Санның квадраты жол және бағана тақырыптары қосындысының квадраты ретінде есептеледі. Демек, В4 ұясына А бағанасында көрсетілген ондықпен 3-жолдағы бірліктің қосындысын квадраттайтын СТЕПЕНЬ (POWER) формуласын жазу керек. Формуланы жазу үшін осы СТЕПЕНЬ (POWER) функциясын қолданамыз.

  1. Тышқанды В4 ұясына апарып бір шертіп, ұяны белгілеңіз.

  2. Саймандар тақтасындағы – Функция кірістіру (Вставка функции) батырмасын шертіңіз. Экранда Функция шебері (Мастер функций – шаг 1 из 2) сұхбат терезесі пайда болады.

  3. Категориялар (Категории) тізімдер өрісінің ішінен Математикалық (Математические) жолын таңдау керек.

  4. Функциялар (Функции) тізімінің ішінен СТЕПЕНЬ (POWER) функциясын таңдап, Ок батырмасын басыңыз. Функция шебері (Мастер функций – шаг 1 из 2) сұхбат терезесі жабылып, экранда СТЕПЕНЬ (POWER) функциясының параметрлерін енгізуге арналған формула тақтасы ашылады (4.3-сурет).

4.3- сурет. СТЕПЕНЬ (POWER) функциясының формула тақтасы





  1. Число өрісіне В3+А4 өрнегін пернетақтадан теріп жазамыз (міндетті түрде ағылшын әріптерімен) немесе тышқанды В3 және А4 ұяларында бір-бір шертеміз, ал “+” белгісін пернетақтадан тереміз. Егер сұхбат терезесі қажет ұяларды жауып тұрса, онда оны тышқан көмегімен төмен тасымалдап қоюға болады. Степень өрісіне 2 санын жазып ОК батырмасын шертеміз.

  2. В4 ұясында есептеу нәтижесі: 0, ал формула жолында =СТЕПЕНЬ((B3+A4);2) формуласы пайда болады. Енді осы формуланы басқа ұяларға тасымалдаймыз. Нәтижесі қандай болды? (4.4- суретті қараңыз).





0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

0

0

1

9

144

21904

#####

#####

#####

#####

#####

4.4 сурет.
С4 ұясынан кейінгі ұяларда сандар көрінбейді, себебі олар ұяға толық симай тұр. Ұяларды тышқан көмегімен кеңейтіңіз. Экранда көрінген сандар сәйкес сандардың квадратына тең емес. Себебі, біз формуланы жол бойымен оңға тасымалдаған кезде Excel формуланы жаңа орынға сәйкес автоматты түрде өзгертті. D4 ұясында 2 санының квадраты емес = D3+C4 формуласы бойынша есептелген санның квадраты жазылған. Дұрыс нәтиже алу үшін кейбір сілтемелерді “абсолюттік” түрде жазу керек, мысалы ондықтарды тек А бағанасынан, ал бірліктерді тек 3- жолдан алу керек. Бұл үшін “абсолюттік” дәлірек айтсақ, аралас сілтемелерді пайдалану керек.
Ұя сілтемесінің кез келген позициясын тұрақты ету үшін оның алдына $ белгісін жазу керек. Ұя сілтемесін тұрақты ету үшін $B$4 түрінде жазу керек. Тек жол нөмірі тұрақты болу үшін сілтемені B$4, ал тек бағана аты тұрақты болу үшін – $B4 түрінде жазамыз.
В4 ұясында жазылған формула басқа ұяларға дұрыс тасымалдануы үшін біз аралас сілтемені пайдалануымыз қажет.

  1. Формуланы түзету үшін В4 ұясын белгілейміз. Мәтіндік курсорды Формула қатарына (Строка формул) орналастырып =СТЕПЕНЬ((B3+A4);2) формуласын түзетеміз. Формуладағы В3, А4 салыстырмалы сілтемелерін B$3, $A4 етіп аралас сілтемелерге алмастырамыз.

  2. Формула жолында курсорды В3 адресінің алдына қойып, Ғ4 батырмасын шертіңіз. Сілтеме $B$3-ке ауысады. Ғ4 батырмасын тағы бір басыңыз, сілтеме B$3-ке ауысады.

  3. Курсорды А4 сілтемесінің алдына орналастырып Ғ4 батырмасын 3 рет басыңыз. $A4 сілтемесі шығады.

  4. Enter батырмасын басып редакциялауды аяқтаңыз. Формула =СТЕПЕНЬ((B$3+$A4);2) түріне өзгереді. Сонымен редакциялау режимінде Ғ4 батырмасын әр басқан сайын сілтеме түрі $B$3  B$3  $B3  B3 тізбегі бойынша өзгереді екен.

  5. Формуланы кестенің қалған ұяларына толтыру маркері арқылы тасымалдаймыз (алдымен формуланы В4 ұясынан оңға қарай тасымалдап, тышқан батырмасын жібермей тұрып, осы жолды төмен қарай көшіреміз).

Енді кестені безендіруге кірісеміз:

    • Кесте тақырыбы жазылған А1 ұясын белгілеп, Ғ2 батырмасын басыңыз. Редакциялау режимі іске қосылып, бұрын жазылған мәтін соңында курсор пайда болады.

    • Бос орын пернесін бір басып, 0-ден 9-ға дейінгі бүтін сандар мәтінін енгізіп, Enter пернесін басыңыз.

    • А1 ұясын қайта белгілеп алып: оның қарпін Times New Roman, мөлшерін 14 пт, сызылымын жартылай қарайтылған етіп тағайыңдаңыз.

    • Кесте тақырыбын ұяларды біріктіріп ортаға орналастыру керек. Ол үшін А1:К1 диапазонындағы ұяларды белгілеп алып, Форматтау (Форматирование) саймандар тақтасындағы – Біріктіріп ортаға қою (Объединить и поместить в центре) батырмасын шерту керек.



    • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет