Бақылау сұрақтары: Беттің формуласын жазуда ұяшық адрестерінің қандай түрлері қолданылады?
Теңдеу шешуде қолданылатын Excel программасының командасы қалай аталады?
Подбор параметра командасы не үшін қолданылады?
Түбір жатқан аралықты қалай анықтайды?
Түбір жатқан аралыққа қандай шарт қойылады?
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №11
Тақырыбы: «Excel программасы. Мәліметтерді сұрыптау және фильтрациялау»
Мақсаты: MS Excel кестесін мәліметтер қоры ретінде пайдалану әдістерін үйрету.
Негізгі түсініктер: Excel программасындағы электрондық кестелерді кейбір жағдайларда қарапайым мәліметтер қоры ретінде де қолдануға болады, бұл жағдайларда электрондық кестенің жолы ішінара мәліметтер қорындағы жазба (запись) қызметін, ал бағандары мәліметтер қорындағы өрістің (поле) қызметін атқарады.
Электрондық кестеде жазылған мәліметтерді сұрыптау бағандар бойынша (өрістер ), Данные->Сортировка командасы немесе саймандар панеліндегі батырмасы арқылы жүргізіледі. Сұрыптаудың реті, шарттары және т.б. параметрлері Сортировка командасы орындалғанда пайда болатын Сортировка диапазона диалогтық терезесінде беріледі. Мәліметтерді сұрыптаудағы негізгі мақсат- бұл кесте жолдарындағы мәліметтерді (жазбаларды) белгілі бір ретпен орналастыру болып табылады.
Электрондық кестедегі мәліметтерді фильтрациялау - бұл сол кестеден, берілген шарттарды қанағаттандыратын жолдарды, немесе жазбаларды тауып алу . Электрондық кестедегі мәліметтерді фильтрациялағаннан кейін кестеде тек шартты қанағаттандыратын жолдар көрініп тұрады, ал қалған жолдар көрінбей тұрады. Электрондық кестедегі мәліметтерді фильтрациялау үшін Данные->Фильтр командасы қолданылады.
Автофильтрация Excel программасында кестенің бағанын немесе бірнеше бағандарын белгілеп алып программа терезесінің жоғарғы мәзірінен Данные->Фильтр->Автофильтр командасын орындағанда әрбір бағанда кішкентай үшбұрыш түріндегі () белгі шығады, бұл белгіге шерткенде пайда болатын тізімді фильтрациялау шарттары ретінде қолданады.
Кеңейтілген фильтр (Расширенный фильтр).
Данные->Фильтр->Расширенный фильтр командасы кестедегі мәліметтердің арасынан бірнеше шарттарды қанағаттандыра алатындай мәліметтерді анықтап бере алады. Кеңейтілген фильтрді қолданғанда шарттардың немесе фильтрациялау критерийлерінің екі түрі қарастырылған:
1) Салыстыру критерийлері (Критерий сравнения);
2) Есептелетін критерий (Вычисляемый критерий).
Кеңейтілген фильтрді қолдану екі кезеңді қамтиды:
1-Кезең – фильтрациялау критерийлерін құру;
2-Кезең –кесте жолдарын немесе жазбаларды фильтрациялау.