Ставка - периодқа сәйкес проценттік ставка;
Кпер - периодтың жалпы саны;
Плт - әрбір периодта төленетін төлемақы;
Пс- бастапқы құн;
Тип -бұл 0 немесе 1 саны, егер 0 болса төлем периодтың соңында , ал 1 болса басында жасалады.
FV=PV*(1+I)N,мұндағы: n –периодтың жалпы саны ;
І - проценттік ставка;
PV- салымның бастапқы құны;
FV-салымның болашақ құны.
Бастапқы құн
Тұрақты төленетін периодтық төлем- ақы негізінде құра-латын салымның бастапқы құны
Тұрақты төленетін периодтық төлем-ақы мен тұрақты проценттік ставка негізінде құралатын салым өтеу периодтары-
ның жалпы саны
КПЕР(ставка;плт;пс;бс;тип)
Процент-тік ставка
Периодта тұрақты төлемақы жасау жолымен қайтары-латын, сома беру үшін бір периодтың проценттік ставка-сын есептеу
СТАВКА(кпер;плт;пс;бс;тип)
Төлемақы
Төлемақы мен проценттік ставка-ның тұрақтылығы негізінде бір периодта төленетін сома көлемін есептеу
ПЛТ(ставка;кпер;пс;бс;тип)
Жаттығу жұмыстары. 1.1- жаттығу. Салымшы банкке 10 жылға 27000 теңге соманы 13,5% жылдық проценттік ставкамен салды. Процент әрбір жартыжылдықта қосылып отырады. Болашақ соманы анықтаңыз.
Жұмыс кітабын Фин. Функции деген атпен сақтаңыз;
Жұмыстық бетте Задача1.1 /17-сурет/ жасаңыз;
17-сурет
2. В бағанындағы сәйкес ұяшықтарға берілуі тиіс мәліметтерді жазыңыз;
3. Болашақ соманы есептеу үшін :
1- әдіс: формуланы пайдалану , яғни В6 ұяшыққа =B5*(1+B3/2)^(B4*2) формуласы жазылады;
2-әдіс: Болашақ құнды есептеудің БС финанстық функциясын қолдану:
БС функциясының терезесінде келесі мәліметтер енгізіледі: Ставка: B3/2; Кпер: B4*2;ПС: -B5
1.2 – жаттығу. Салымды 4 жыл бойы инвестициялаудың екі тәсілі бар: жыл басында 26% жылдық проценттік ставкамен немесе жылдың соңында 38% жылдық проценттік ставкамен. Егер, жыл сайын 300 000 теңге салынып тұратын болса салымшының есепшотында 4 жылдан кейін қанша сома болатынын екі тәсіл үшін табыңыз?
Екі тәсіл үшін де мәліметтерді кестеге енгізіңіз /Задача1.2, 17-сурет/;
2.1.- жаттығу. Фирмаға 12 жылдан кейін 500 000 тенге көлемінде қаржы қажет болады. Фирманың қазіргі уақытта депозитке қаржы салуға мүмкіндігі бар. Егер депозиттің жылдық проценттік ставкасы 12% болса, онда фирма 12 жылдан кейін 500 000 теңге алу үшін депозитке бастапқыда қанша сома қаржы салуы керек ? /Задача2.1, 17-сурет/