Калий перманганат ерiтiндiсiн дайындау және қымыздық қышқылы бойынша титрiн анықтау
Калий перманганаты ерiтiндiсiн дайындау.
Перманганатометриялық әдiсте жұмысшы ерітінді ретінде 0,05н KMnO4 ерiтiндiсiн пайдаланады. KMnO4 таза күйiнде алу өте қиын. Әдетте оның құрамында Mn(IV) тотығының қоспалары болады. Сонымен қатар су мен ауадағы кейбiр заттардың қоспасы да калий перманганатын тотықсызданды-рады. Осы тұздың белгiлi бiр мөлшерiн өлшеп дайындаған ерiтiндiнi титрі нақты ерiтiндi деп алуға болмайды. Осы ерiтiндi дайын болғаннан соң 7-12 күннен соң ғана анықтауға болады. Ерiтiндi тұрақталып, титрi өзгермеуi ке-рек және одан MnO2 бөлiп алып тастау керек. Ол үшiн оны фильтрден өткi-зеді. KMnO4 қышқыл ерiтiндiге қарағанда тезiрек ыдырайды. Калий пер-манганаты резеңкенi, ағаш тығындыны, фильтр қағазын тотықтырады. Сон-дықтан оны тек шыны фильтр арқылы сүзу қажет және ерiтiндiнi сифон арқылы құю керек. KMnO4 –ын өлшеп, колбаға салып, 80-90оС-та ыстық суда, аз-аздан құйып, әрдайым араластыра отырып ерiту керек. Қалған суды өлшемдi белгiсiне дейiн құйып 7-10 күнге дейiн қараңғы жерде сақтайды.
Ерiтiндiнi тез дайындау үшiн, 1,58 х.т. KMnO4 1 литр суда ерiтiп қайнат-қанға дейiн қыздырады. Осы жағдайды 1 сағаттай ұстау керек. Содан соң шыны фильтр арқылы сүзіп, таза ыдысқа құяды. Сонда 0,05 н ерiтiндi дайын болады. Егер, бiраз уақыт өткеннен кейiн ерiтiндiнiң астында тұнба қалса (MnO2), онда ерiтiндiнi сүзiп, титрiн қайтадан анықтау керек.
Калий перманганатының титрiн қымыздық қышқылы бойынша (H2C2O4 2H2O) немесе натрий оксалаты (Na2C2O4) бойынша анықталады:
5H2C2O4+ 2KMnO4+ 3H2SO4 2MnSO4+ K2SO4+ 8H2O+ 10CO2
2Na2C2O4+ 2KMnO4+ 8H2SO4 2KMnO4 + K2SO4 + 5Na2SO4 +8H2O +10CO2
Екi жағдайда да C2O42- көмiртек оксидiне дейiн тотығады:
C2O42- - 2e = 2CO2
KMnO4 концентрациясы шамамен 0,05н болғандықтан қымыздық қышқылының да нормальдылығы 0,05н болуы тиіс. Қымыздық қышқылы бойынша KMnO4 титрiн анықтау керек. Ол үшiн қымыздық қышқылының 250 мл 0,05 н ерiтiндiсiн дайындау қажет:
m = Э ∙ V ∙ N = 63,03 0,05 0,25 = 0,78 (г)
Анықтау жолы:
0,78 г қымыздық қышқылын өлшеп 250 мл колбада суық дистилденген суда ерiтеді. Содан соң белгiсiне дейiн су қосып, араластырады. Алынған ерiтiндiнiң нормальдылығын анықтайды. Ол үшін дайындалған ерiтiндiден 25 мл өлшеп алып, оған 10-15 мл H2SO4 құйып 70о-80оС-та қыздыру керек. Калий перманганатын тамшылатып құйып, әрбiр тамшының түсi өзгерген соң келесi тамшыны тамызады. Алғашқы кезде өте баяу түссiзденедi, ал KMnO4 түзiлгеннен соң реакция, түс өзгерісі тез жүре бастайды. Малина түсi бiр минут уақыт аралығында өзгермей тұрған кезде титрлеу аяқталады. Титр-леу кезiнде үздiксiз шайқап отыру керек. Титрлеудiң соңында ерiтiндiнiң температурасы 60оС шамасында болу керек. Титрлеудi 3 рет жасап, ортақ мәнiн алып, перманганат ерiтiнiдiсiнiң нормальдылығын анықтайды.
‟Калий перманганаты ерiтiндiсiн дайындау„зертханалық жұмысы бойынша видео түсірілім сілтемесі
https://youtu.be/j6vA3CBFJug
https://youtu.be/hZuC2jaFS14
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА
10.1. Тотығу-тотықсыздану реакцияларына сүйене титрлеу әдістері, жіктелуі.
10.2. Редоксиметрия әдісінің реакцияларына қойылатын талаптар.
10.3. Редоксиметрия әдісінің индикаторлары және оларға қойылатын талаптар.
Достарыңызбен бөлісу: |