Зертханалық ЖҰмыс №17 дифракциялық тор көмегімен жарықТЫҢ толқын ұзындығын анықтау



бет3/5
Дата19.10.2023
өлшемі0,65 Mb.
#119690
түріСабақ
1   2   3   4   5
n1

n2

n3

<n>
















3. Сыну көрсеткішінің ерітіндінің концентрациясына тәуелділік графикті сызу керек п = f{C};


4. Белгісіз концентрациясы ерітіндінің сыну көрсеткішін өлшеу керек nx. Осы ерітіндінің концентрациясын график бойынша анықтау керекСx;
5. График бойынша ерітінді концентрациясының қателігін анықтау крек Сx.
ІІІ. Сывороткадағы белоктың пайыздық мөлшерін анықтау
1. Ірі қара малдың концентрациялары Cа әр түрлі физиологиялық ерітіндідегі альбумин ерітіндінің сыну көрсеткішін өлшеу керек nA;
2. Өлшеулер нәтижелерін 2 кестеге жазу керек.

C,%

nА1

nА2

n А3

<nА>
















3. nA = fA) тәуелділік графикті сызу керек;


4. Ірі қара малдың сывороткасының сыну көрсеткішін өлшеңдер және альбуминнің график бойынша оның пайыздық мөлшерін өлшеңіз;
5. Альбумин мөлшерінің СA қателігін график бойынша анықтаңыз.
Өздік тексеру жолымен жұмыс мақсатына жету
Жұмыстың мақсаты орындалды деп есептелінеді, егер өлшенген шаманың теориялық мәні тәжірибелік мәнінен айырмашылығы 10%-тен аспаса.Керісінше жағдайда жұмыс атқару жолын қайта қарастырып, жіберілген қателіктердің себебін іздестіру қажет.
Бақылау сұрақтар және тапсырмалар
1. Жарықтың шашырау және сыну заңдарын тұжырымдаңдар.
2. Сынудың шекті бұрышы дегеніміз не?
3. Толық шағылу құбылысының мағынасы неде?
4. Толық шағылудың шекті бұрышы дегеніміз не?
5. Рефрактометрдің жұмыс жасау принципін түсіндіріңіз.
6. Өткінші және шағылған жарықтың рефрактометрдегі сәулелер жолын сызып беріңіз.
7. Медико-биологиялық зерттеулерінде рефрактометр не мақсатымен қолданылады?
8. Екі орта шекарасынан шағылған қай түсу бұрышында сәуле сыну сәулесіне перпендикуляр.
9. Егер ортаның ауамен шекарасындағы сыну сәулесі шығылған сәулесіне перпендикуляр болса, ал түсу бұрышының синусы 0,8-ге тең болса, ортаның сыну көрсеткіші неге тең.


ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №21 ГАЗДЫҚ ЛАЗЕРДIҢ ЖҰМЫС IСТЕУ ПРИНЦИПIН ЗЕРТТЕУ.


Жұмыстың оқулық мақсаты:
Қазіргі кезде медицинада лазерлік сәулеленуі офтальмологияда, хирургияда және т. б. аймақтарында қолданылады.
Гелий-неон лазер көмегімен қанның гистологиялық препаратын ала отырып эритроциттердің өлшемдерін анықтауға болады.


Жұмыстың мазмұны
Газдық лазердiң жұмыс iстеу принципiн оқу, дифракциялық тор көмегi мен лазерлік сәлеленудiң толқын ұзындығы анықталады. Эритроциттердің өлшемдері анықталады.
Құралдар мен жабдықтар:
газдық лазер, дифракциялық тор, сызғыш, экран, қанның гистологиялық препараты
Теориялық кiрiспе:
Гелий-неон лазер сәулеленудiң толқын ұзындығын анықтау үшiн, бұл жұмыста дифракциялық тор пайдаланады. Бiрдей өзара параллель орналасқан саңылаулар жиынтығы дифракциялық тор деп аталады. Егер шыны пластинканың бетiне бөлгiш машинамен арасын бiрдей етiп, өзара параллель бiрнеше сызық жүргiзiлсе, сонда пластинканың сызылған орындары мөлдiр болады. Оған түсiрiлген жарық көршiлес екi күнгiрт сызықшалар (штрихтар) аралығындағы мөлдiр саңылаулардан жақсы өтедi. Күнгiрт сызықтардан өте аз өтедi, өйткенi жарық одан барлық жаққа шашырап кетедi, сөйтiп оларды мөлдiр емес деуге болады. Ендi осындай мөлдiр тордың бiреуiн схема түрiнде көрсетейiк (сур).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет