Зертханалық жұмыс №4 Тақырыбы: Деректер қорының құрылымын әзірлеу, кестелер мен сұраныстарды құру


Кестелер арасындағы байланысты орнату



бет2/6
Дата09.11.2022
өлшемі464,05 Kb.
#48800
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Зертханалық жұмыс 4 БД 2022

Кестелер арасындағы байланысты орнату
Кестелер арасында бірден бірге, бірден көпке, көптен көпке байланыстарын орнатуға болады. Біздің құрған «Кітапхана» деректер қорында «Кітаптар» және «Оқырмандар» кестелерінің арасында кітаптың коды өрістері арасында бірден көпке байланысын орнатуға болады. Себебі, бір кітапты бірнеше оқырмандар алып оқиды.
"Схема данных" терезесін ашыңыз. Ол үшін Работа с базами данных мәзірінен батырмасын басыңыз.



4.4-сурет - «Схема данных» терезесі

"Схема данных" терезесіне «Кітаптар» және «Оқырмандар» кестелерін мәліметтер схемасына қосыңыз. Ол үшін тышқанның сол жақ батырмасын баып тұрып, Кітаптар кестесіндегі Кітаптың кодын Оқырмандар кестесіндегі Кітаптың кодына қосыңыз.





4.5-сурет – Кестелер арасындағы байланыс орнату

"Обеспечение целостности данных" бөліміне белгі қойыңыз. Байланыстардың өзгеруін тағайындаңыз. Тип отношения:один-ко-многим байланысын қойыңыз. ОК батырмасын басыңыз. Сонда байланыс орнаған терезе пайда болады.





4.6-cурет – Кестелер арасындағы байланыс

Деректер қорын толық толтырып шығыңыз. «Кітаптар» кестесіне 8-10 жазба, «Оқырмандар» кестесіне 15-20 жазбаға дейін мәліметтер енгізіңіз.




Кестеге қосымша өріс енгізу.

  1. Кітаптар кестесін Конструктор режимінде кестені ашыңыз.

  2. Кесте құрылымы басына жаңа өріс кірістіріңіз. Бұл үшін бесінші өрісті ерекшелеңіз және Insert пернесін басыңыз.

  3. Өріске Жанр атауын енгізіңіз және оның Мәтіндік типін беріңіз.

  4. Сақтай отырып, Конструктор терезесін жабыңыз.

  5. Кітаптар кестесін ашыңыз және әрбір жанр үшін мәліметтер енгізе отырып, оны толтырыңыз. Сақтай отырып, терезені жабыңыз.



3-тапсырма: Сұраныстар құру
Сұраныс құру – кестелерден мәліметтер алу үшін және оларды пайдаланушыға қолайлы түрде ұсынуға арналған арнайы құрылым. Сұраныс құру көмегімен мәліметтерді іріктеу, оларды сұрыптау мен сүзгіден өткізу сияқты амалдар атқарылады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет