Реакцияның орындалуы: Сурьма (V) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына 4-5 тамшы дистильденген су қосып, су моншасында қыздырамыз.
2. Сілтілердің (NaOH, KOH, NH4OH) әсері: Сілтілер мен аммиак ерітінділері сурьма тұздарымен әрекеттесіп, метасурьма қышқылын түзеді:
Реакцияның орындалуы: Сурьма (V) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына 1-2 тамшы сілті ерітіндісін қосып, тұнбаның түзілгенін байқау керек.
3. Күкіртті сутектің (H2S) әсері: Күкіртті сутек қышқыл ортада сурьма (V) иондарымен қызғылт сары, қызыл түсті тұнба түзеді: