Зертханалық жұмыс №6 5 ші аналитикалық топ катиондары



бет6/8
Дата13.12.2022
өлшемі138,05 Kb.
#57099
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
5 топ зертхана

Реакцияның орындалуы:
Темір (ІІІ) тұзы ерітіндісінің 1-2 тамшысына 1–2 тамшы калий гексацианоферраты ерітіндісін қосады.


6. Темір (ІІІ) ионының тотықсыздану реакциясы:
А) Қалайы (ІІ) хлоридінің (SnCI2) әсері:
Станнум (ІІ) хлоридінің әсерінен темірдің (ІІІ) ионы темірдің ІІ валенттілігіне дейін тотықсызданады:

Б) Калий иодидінің (КІ) әсері:
Реакция нәтижесінде темір (ІІІ) тотықсызданады, ерітіндіде дербес (бос) күйіндегі иод бөлінеді:



Mn2+ катионының жекелік реакциялары
1. Сілтілердің (NaOH, KOH, NH4OH) әсері:
Марганец (ІІ) катионы сілтілермен, ақ түсті тұнба түзеді:


Марганец (ІІ) гидроксиді қышқылдарда ериді, сілтілердің артық мөлшерінде ерімейді:

Марганец (ІІ) гидроксиді ауадағы оттектің әсерінен тотығады:

Сутек пероксиді қатысында қара–қоңыр түсті тұнба түзіледі:

MnО(OH)2 сұйытылған қышқылдарда ерімейді, бірақ концентрлі тұз қышқылында жоғары температурада ериді, сутек пероксиді қатысында күкірт қышқылында да ериді.
Реакцияның орындалуы:
Марганец (ІІ) тұзы ерітіндісінің 1-2 тамшысына осынша көлем NaOH, КОН, NH4OH ерітінділерінің бірін қосып, ақ тұнбаның түзілгенін байқау керек.


2. Аммиак ерітінділерінің (NH4OH) әсері:
Аммиак ертінділері әсерінен марганец (ІІ) гидроксиді тұнбаға түседі:

Бірақ реакция аяғына дейін жүрмейді. Ерітіндіге NH4СІ ерітіндісін қосатын болса, онда ерітіндінің рН–ы жоғарылайды да, Mn(OH)2 мүлдем түзілмейді.
Реакцияның орындалуы:
Марганец (ІІ) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына 2-3 тамшы аммиак ерітіндісін қосады.


3. Mn2+ иондарын MnO4- күйге дейін тотықтыру реакциялары:
Тотығу реакцияларының марганец (ІІ) иондарын анықтауда маңызы зор. Бұл реакцияларда түрлі тотықтырғыштарды пайдалануға болады, олардың әсерінен таңқурай түсті MnO4- түзіледі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет