Зертханалық жұмыс№72 Тақырыбы: Жарық дифракциясы құбылысын зерделеу. Пәні


Жарықтың кішкене дөңгелек саңылаудан өткенде диф­ракцияға ұшырауы



бет3/3
Дата09.12.2022
өлшемі38,83 Kb.
#56145
1   2   3
Байланысты:
Зертханалы ж мыс№72 Та ырыбы Жары дифракциясы былысын зерде

Жарықтың кішкене дөңгелек саңылаудан өткенде диф­ракцияға ұшырауы
Мысалы, S нүктелік жарық көзінен таралатын мо­но­хро­мат­ты сфералық толқынды қарастырайық. Оның жолында дөң­ге­лек саңылауы бар экран орналасқан (3.6 сурет).
Дифракциялық кескін S саңылауының центрінен өтетін тү­зудің бойында жатқан B нүктесінде бақыланады. Экран са­ңы­лаудан b қашықтықта орналасқан және оған паралель. Диф­ракциялық кескіннің түрі саңылау жазықтығындағы тол­қындық беттің ашық бөліктеріне сыйған Френель зо­на­ла­ры­ның санына тәуелді. B нүктесіндегі әсер ететін Френель зо­на­лар сандарының жұп немесе тақ болуы саңылау өлшемі мен тол­қынның  ұзындығына байланысты.

3.6-сурет
B нүктесінде барлық зоналар қоздырған қорытқы ампли­ту­дасы
A=A1/2Am/2 , (1)
Мұн­дағы қосу таңбасы тақ m-ге , ал алу – жұп m- ге сәйкес.
(1) және Am=(Am-1+Am+1)/2  ескерілді
Егер саңылаудың ауданына сыйған Френель зоналардың са­ны тақ болса, B нүктесінде максимум, ал егер жұп болса, ми­ни­мум бақыланады. Тесікке бір ғана зона сиятын болса, онда B нүк­тедеинтенсивтілік максималь болады. Шынында, берілген жағ­дайда қорытқы тербелістің амплитудасы A=A1, яғни са­ңы­лау­лы мөлдір емес экран болмаған жағдайдан 2 есе артық. Егер тесікке екі зона ғана сыйса, онда B нүктедегі интенсивтілік  өте әлсіз болады.
Экранның осьтен тыс бөліктерінде қорытқы тер­бе­ліс­тер­дің амплитудасын есептеу күрделірек (сәйкес Френель зо­на­ла­ры мөлдір емес экранмен бөліктеп жабылады). Бірақ диф­рак­ция­ға ұшырайтынсаңылаудың симметриясына байланысты B нүк­тесіндегі дифракциялық кескін жарық және қара центрлес са­қиналар жүйесінің түрі ретінде бақыланады және де m жұп болған кезде центрде қара, ал m тақ болған кезде жарық са­қина болады. B нүктеден қашықтаған сайын макси­мум­дар­дың интенсивтілігі кемиді. Саңылау монохроматикалық емес ақ сәулемен жарықталатын болса сақиналар боялады.
Саңылауға сиятын Френельдің зоналар саны саңылаудың диа­метріне байланысты. Саңылаудың диаметрі үлкен болғанда Am<1/2 және толық ашық толқындық шептегідей қо­ры­тын­ды тербелістің амплитудасы A=A1/2-ге тең болады. Берілген жағ­дайда дифракция бақыланбайды, жарық саңылау жоқ кез­де­гідей түзу сызықты таралады.

4.Дифракциялық тор, оны пайдалану жолдары.


Бірдей дифракциялық элементтердің бір-бірінен бірдей қашықтықтарда орналасқан жиынтығы дифракциялық торды құрайды. Біз дифракциялық элементтері ені а мөлдір емес аралықтармен бөлінген ені b параллель саңылаулар болатын дифракциялық торды қарастырамыз. а+ b=dшамасын тордың периоды немесе тұрақтысы деп атайды. N саңылаудан тұратын осындай торға жазық монохроматты толқын нормаль түсетін болсын. Барлық N саңылау жататын жазықтыққа нормальмен j бұрыш жасайтын бағытта таралатын жарық интенсивтігін табу керек (3-сурет).
 Екі саңылаудағы дифракциямен ұқсастығы бойынша, Nсаңылаудың әрқайсысынан алынатын дифракциялық сурет (3.33-суретте көрсетілген графикпен бейнеленетін) қалқадағы бір орынға келетіндігін атап өтеміз. Сондықтан, егер әртүрлі саңылаулардан бақылау нүктесіне келетін элементар толқындар когерентті болмаса, онда Nсаңылаудан алынатын қорытқы дифракциялық суреттің бір саңылау жасайтын дифракциялық суреттен бір-ақ айырмашылығы болар еді-барлық интенсивтіктер N есе өсер еді. Бірақта саңылаулардан шығатын толқындар когерентті болады, сондықтан бұлардың араларындағы интерференцияны ескеру керек болады.
3-суреттен екі көрші саңылаудың сәулелері арасындағы D жол айырымы мынаған тең болатындығы көрінеді
 (1)
Көп жарық шоқтарының көп саны интерференцияланғанда жол айырымы  , мұндағы m=0, 1, 2,… болған жағдайда интенсивтіктері бірдей максимумдар қатары пайда болады. (1) қатынасынан
 (2)
шартын қанағаттандыратын j бұрышы мәндері жағдайында максимумдар қатары пайда болады.
5.Қатты заттың кристалдық торындағы дифракция Вульф-Брэггтер өрнегі.
2 d sin = n (10.1)
мұндағы:
n - шағылу ретi, n=1, 2, 3, ... ;
d - жазықтықтар арасындағы арақашықтық;
 - жазықтықтардың берілген жүйесінен рентген сәулелердiң шағылу бұрышы;
 - рентген сәулеленудiң толқын ұзындығы.
Вульф-Брэггтердiң теңдеуi (10.1) рентген сәулеленудiң дифракциясының геометриялық жағдайларын суреттейдi, өйткенi атомдық жазықтардың шағылу параметрлерiн және рентген сәулеленудiң түсу бұрышын (шағылу) өзара байланыстырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет