Астыңғы қабатты фон үшін қолданыңыз (сағат циферблаты). Ол үшін циферблатты салуыңыз керек. Үстел үстінде орталандырыңыз. Сонан соң сандарды бір-бірімен теңестіре отырып құрыңыз:
3-ші қабатта (ең жоғарғы қабатта) сағаттың үлкен тілшесін құрыңыз:
Үлкен тілшені ерекшелеп, бас менюдің Өзгерту-Топтау (Изменить ► Группировать) командасын қолданыңыз.
Үлкен тілше орналасқан қабатты таңдап, Қозғалысты бағыттауышты қосу (Добавить направляющую движения) батырмасын басу арқылы бағыттауышы бар қабат қосыңыз:
Бағыттауышы бар үлкен тілшелі қабатта Эллипс құралын таңдап және ол үшін құюды (Заливканы) алып тастап, жиектеме (контур) сызыңыз. Сол жиектеме (контур) бойымен үлкен тілше қозғалады. Жиектемені (контурды) орталандырыңыз да, оның масштабын тілше центр арқылы жүріп өтетіндей етіп өзгертіңіз:
Ең кіші диаметрлі өшіргіш (Стирание) құралымен Сызықтарды өшіру (Стирать линии) жиектемеде (контурда) кішкене үзік (тілшенің жолының бастауы мен аяқталуын белгілеу үшін) жасаңыз:
Үлкен тілшені таңдап Кірістіру – Екі еселенген қозғалыс командасын (Вставить ► Создать двойное движение) орындаңыз. Бұл жағдайда тілшенің жабысу нүктесі (точка сцепления) жолдың басына жылжиды:
Үлкен тілше және оның бағыттауышы орналасқан қабатта 60-шы кадрда кілттік кадр құрыңыз.
60-шы кадрда ерекшелеуді алып тастап, үлкен тілшені жолдың соңына жылжытыңыз:
Үлкен тілшенің 1-ші кадрында Параметрлер палитрасындаЖолдың бағыты белгішесін шертіңіз:
Кішкене тілше орналасқан қабатты таңдап, оған Добавить направляющую движения батырмасы көмегімен бағыттауышы бар қабат құрыңыз:
Бағыттауышы бар кішкене тілшелі қабатта Эллипс құралын таңдап және ол үшін құюды (Заливканы) алып тастап, жиектеме (контур) сызыңыз. Сол жиектеме (контур) бойымен үлкен тілше қозғалады. Жиектемені (контурды) орталандырыңыз да, оның масштабын тілше центр арқылы жүріп өтетіндей етіп өзгертіңіз:
1 сағатты (мысалы, сағат 9-дан 10-ға дейінгі аралықты) қамтитындай етіп бір бөлігін өшіріңіз:
Кішкене тілшені таңдап, Кірістіру – Екі еселенген қозғалыс құру (Вставить ► Создать двойное движение) командасын орындаңыз. Бұл жағдайда тілшенің жабысу нүктесі (точка сцепления) жолдың басына жылжиды:
Кішкене тілше және оның бағыттауыш қабаты үшін 60-шы кадрда кілттік кадр құрыңыз.
Ерекшелеуді алып тастап, кішкене тілшені жол соңына жылжытыңыз да, Тәуелсіз (Свободная) трансформация құралы көмегімен қажетті ыңғайды орнатыңыз:
Көрсетілу жылдамдығын секундына 1 кадр жүретіндей етіп беріңіз (1 fps):
+ пернелерінің комбинациясы арқылы құрылған фильмді көріп шығыңыз.
Дайын болған суретті *.fla форматында өз папкаңызға сақтаңыз