Зертханалық ЖӨне тәжірибелік жұмыстар мазмұны


Өндірістік жарақаттану мен кәсіби науқастану



бет10/74
Дата11.12.2022
өлшемі4,68 Mb.
#56433
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   74
Байланысты:
АГРО -ДЭРИСТЕРАул ЕК 1-7 Жаданов у

1.5. Өндірістік жарақаттану мен кәсіби науқастану

Қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен жұмысшының кездейсоқ оқиғаға ұшырауы өндірісте болған қайғылы оңиға деп аталады.


Егер жұмысшы жұмыс кезінде өзінің қауіпсіздік талаптарын сақтамауынан жарақат алса, ол өндірістік жарақаттану деп аталады. Өндірістік жарақаттануға, сондай-ақ, жұмысшының сол мекеменің көлігімен жұмысқа барар жолда, яки қайтарда алған жарақаттары да жатады.
Ал жұмысшының мас болуы, ұрлық жасауы кезінде, болмаса әкімшіліктің рұқсатынсыз жеке басының қажетін өтеу кезінде алған жарақаты өндірістік жарақаттануға жатпайды.
Қоғамдық тапсырмаларды орындау кезінде, адамдарды құтқару кезінде және жұмысқа бару немесе жұмыстан қайтуда жаяу, яки жалпы көлікпен жүрген кезінде алған жарақат жұмысқа байланысты деп есептеледі.
Жұмыстан бос уақытта алған жарақаттар тұрмыстық жарақат болады. Ауыл шаруашылығы өндірісінің гцбекшілеріне механикалың (соғып алу, жаралап алу, жарақаттану) және электрлік (күю, көздің зақымдануы, терінің металдануы, электр соққысы) жарақаттар тән болады.
Денені жаралап алу, соғып алу затты өңдеу кезінде құрал-жабдықтарды абайламай қолданудан, жарамсыз аспаптарды пайдаланудан, балғаның басының сабынан шығып кетуінен, ауыр аспаптың немесе өңделіп жатқан заттың жерге түсіп кетуінен, аспаптың қолдан шығып кетуінен, қатар үйілген заттардың арасынан өтетін ікилдың енсіздігінен немесе адамдардың жүріп бара жатқанда сүрініп қүлауынан болады.
Қолдың саусақтары мен аяқтың басының сынуы ауыр заттың биіктен құлап түсуінен болады. Сүйектің аса ауыр сынықтары (жамбастың, санның, жіліншіктің, бұғананың, омыртқаның, бел омыртқанын, бас сүйегінің) адамның биіктен құлауынан, көлік апатынан болады.
Дененің, әсіресе қолдың жиі жарақаттануы металл өңдейтін станоктардың жарамсыз жабдықтарын пайдаланудан, металл шикізаттардың өткір қырынан, кескіш аспаптарды қауіпсіз пайдаланбаудан, металды шапқанда ұшатын металл кесектерінен, металды станокта өңдегендегі үгінділерден болады.
Көз зақымданғанда, көзге бөтен заттар түскенде, қабақтың терісін кесіп кеткенде, тері сыдырылғанда, т.с.с. көздің жарақаттары аса қауіпті болып саналады. Көздің жарақаттануы, көбінесе, жұмыс кезінде қорғану көзәйнектерін кимеуден болады.
Механикалық жарақаттанудың ерекше түрі – қолдың терісінің жарылуы, тітіркеніп ісінуі. Ол электрлік машиналардың орамдарының арасын құрамында шыны талшықтары бар материалдармен оқшаулау кезіндегі жанар-жағармайларды пайдалануда, тұзды сумен жуынғанда, тіпті ауа райының қолайсыз жағдайларында орын алады. Осының әсерінен адамдар тері ауруына шалдығуы мүмкін.
Күйіктің химиялық және ыстықтық түрлері болады.
Қол мен беттің химиялық күйігі қышқылдар мен сілтілердің ерітінділерін, әр түрлі еріткіштерді, эпоксидтік желімнің қатырғыштарын абайламай пайдаланудан,оларды бір ыдыстан екінші ыдысқа құйғанда, қақпағы ашық ыдыстарды қозғағанда шашырауынан немесе ыдыстары зақымданғанда төгілуінен болады.
Химиялық күйіктер ете ауыр болады. Сондықтан онай жағдайда жедел дәрігерлік жәрдем көрсетілуі тиіс. Әсіресе, мұндай агрессивті сұйықтар түскен көздің күйігі аса қауіпті болады.
Ыстықтың әсерінен болатын күйіктер материалды балқытып пайдаланатын өндірістерде, металды пісіру мен балқыту орындарында, термиялық өңдейтін өндіріс орындарында көп кездеседі. Мұндай күйіктер қызып тұрған затқа тікелей жанасудан да немесе қызудан шығатын сәуле энергиясының дененің қорғалмаған жерлеріне (қол мен бетке) әсерінен де болуы мүмкін. Әсіресе, электрлік доғадан тарайтын ультракүлгін сәулелердің көзге әсері өте қауіпті болады. Мұндай кезде көздің шырышты қабығы электроофтальмия ауруына шалдығады.
Өндірісте адамдардың электр тогының әсерінен алған жарақаты көптеп кездеседі.
Адам электр тогына түскенде оның терісінің және көзінің күюі, дене түршіккен кезде еріксіз қозғалудың немесе биіктен құлаудың әсерінен жарақат алуы және электр соққысының әсерінен жалпы электрлік жарақат алуы мүмкін. Электр соққысы адамның жүйкесін зақымдайды, бұлшық еттерінің құрысып-тырысуына, тіпті есінен тануына әкеліп соқтырады. Электр жарақатының ауыр түрлері жүректің қызметін және тыныс алу мүшелерінің жұмысын бұзады. Осының әсерінен адам клиникалық қазаға ұшырауы мүмкін.
Зиянды еңбек жағдайының әсерінен пайда болған науқас және өндірістің қолайсыз жағдайларының ұзақ уақыт әсерінен еңбекшінің денсаулығының бұзылуы кәсіби науқастану деп аталады.
Кәсіптік улану кәсіби науқастанудың ерекше түрі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сактау Министрлігі кәсіби науқасқа жататын аурулардың тізімін бекіткен. Бұл тізімде ауруды тудыратын зиянкестердің және ондай аурулар көп кездесетін кәсіптер мен өндірістердің тізімі берілген. Мысалы:
1. Пневмокониоздар (тыныс алу мүшелерінің ауруы), ұзақ уақыт құрамында кремний тотығы бар шаң жұтудан, металды электр доғасымен пісіру кезінде шығатын зиянды түтіндерден, көмірдің, слюданың, т.б. шаңдардың әсерінен пайда болады. Мүндай аурулар қүнмен немесе таспен атып өңдеу, қалыпқа құю, диқаншылық, электрмен және газбен пісіру жұмыстарына тән болады.
2. Тербелмелі аурулар денеге дірілдің әсерінен пайда болады. Бұл ауру үнемі пневматикалық және электрлік аспаптармен жұмыс жасайтындарға тән болады.
3. Қолдың терісінің қатты және созылмалы ауруы ( дерматит, бертпе) металды термиялық өңдеу жұмыстарына, хромдаушылар мен металға химиялық жолмен ойып өрнек жасаушыларға тән болады.
4. Катаракта – көздің мөлдір қабығының ауруы. Ол сәуле энергиясының әсерінен пайда болады. Бұл ауру металды пісіру, термиялық өңдеу, шыныдан түрлі бұйымдарды үрлеп жасайтын жұмыстарға тән болады.
5. Электр-офтальмия - көздің шырышты және мөлдір қабығының ультракүлгін сәулелердің әсерінен ауруы. Бұл ауру металды электрмен пісірушілерге, электр доғасымен жұмыс жасайтын пештердің операторларына тән болады.
Енді оны болдырмаудың жолдары қандай?
1. Жұмыс орнында еңбектің қауіпсіз жағдайын жасау;
2. Барлық жұмысқа қатысушылардың тиісті тәртібің қамтамасыз ету, яғни:
- өндіріс мәдениетін арттыру және жұмысшыларды өндірістік шеберлігін үнемі жетілдіріп отыру;
- өндірістің салаларына жарақтандыру, автоматтандыру, қашықтан басқаруды енгізу;
- жұмысқа қабылдау мен жұмысшыны пайдаланудың талаптарын орындау;
- қауіпті жабдықтарды алмастыру;
- еңбекшілерді еңбек қорғау мәселелері бойынша оқытып тұру;
- еңбек заңдылықтарының нормаларын сақтау;
- еңбек қауіпсіздігінің стандарттарын енгізу;
- еңбек қорғау жұмыстарына бақылау жасау;
- өндірістік жарақаттанудың себептеріне тиянақты талдау жасап, оны болдырмаудың шараларын іске асыру;
- әрбір жұмыс орнына еңбек қорғаудың нұсқауларын жасап, оның орындалуын ұйымдастыру.
Әрбір мекемеде еңбек қорғаудың іс бөлмесі болып, қауіпсіздік техникасы жөнінде бұрыштар ұйымдастырылуы тиіс. Жұмыс орындарының тазалығы, жарығы, жылылығы, микроклиматы сақталуы қажет. Жұмысшылардың арнайы киімдермен, жеке қорғану қүралдарымен жұмыс істеуін үнемі қадағалау кажет. Еңбекшілердің денсаулығын корғау мақсатында әлеуметтік сақтандыру жүйесі ұйымдастырылады. Ол міндетті сақтандыру және ерікті сақтандыру жолдарымен іске асырылуы мүмкін. Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің негізінде еңбекшілердің науқастанған мерзімі, қартайған шағы және еңбек етуге қабілеті жойылған мезгілі материалдық түрғыда қамтамасыз етіледі. Ол кәсіпорынның және жеке түлғалардың қамсыздандыру жарналары мен мемлекеттік бюджеттің жәрдем қаржысы есебінен жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет