Зертханалық ЖӨне тәжірибелік жұмыстар мазмұны


B. Жұмысқа байланысты жарақат



бет13/74
Дата11.12.2022
өлшемі4,68 Mb.
#56433
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   74
Байланысты:
АГРО -ДЭРИСТЕРАул ЕК 1-7 Жаданов у

B. Жұмысқа байланысты жарақат;
C. Тұрмыстық жарақат.



5

Еңбек жағдайын жақсартуға бөлінген қаржының өтелу мерзімі неше жыл?

A. 9 жыл;
B. 10,5 жыл;
C. 12,5 жыл.

Еңбек жағдайын жақсарту шараларының жылдық экономикалық тиімділігін және оған бөлінген күрделі каржының өтелу мерзімін анықтау жұмысын 8-тарауда үлгіге сәйкес орындаңыз.




ДЭРИС 2-ТАРАУ
ЕҢБЕК ҚОРҒАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ
МӘСЕЛЕЛЕРІ


2.1. Еңбек қорғау мәселелері жайлы мемлекеттік заңды актілер

Еңбек қорғаудың заңдылықтарына Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі мен басқа да мемлекеттік актілері, Республика Министрлер кабинетінің, кәсіподақтарының орталық кеңесінің заңдылық актілері және кәсіподақ ұйымымен келісілген министрліктердің нұсқаулары мен ережелері, сондай-ақ ішкі тәртіп ережесінде көрсетілген еңбек қорғаудың нормалары жатады.


Еңбек қорғау мөселелері Қазақстан Республикасы Конституциясында, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, кәсіпорынның еңбек қорғау қызметі туралы ережесінде айқындалған.
Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабында әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар деп тұжырымдалған. Осы тұжырым басшылыққа алынып, 2007 жылғы 15 мамырда қабылданған Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде қоғам мен мемлекет мүддесі үшін ұйымдастырылған еңбек қызметінің кез келген түріне қатысушылар еңбекті қорғауға құқылы деп атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 6 бөлімнен, 40 тараудан, 341 баптан тұрады. Кодекстің бірінші бөлімі жалпы ережелерді қамтиды, оның ішінде осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар, Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты мен принциптері, қолданылу аясы, мемлекеттік органдардың еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құзіреті, еңбек қатынастары субъектілерінің құқықтары мен міндеттері белгіленген. Осы Кодекстің 9-бабында оның күші жұмыс берушілерге, оның ішінде мүлкінің меншік иелері, қатысушылары немесе акционерлері шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ұйымдарға қолданылады делінген.
Көсіпорындар, оның ішінде жекелеген жалдаушылар мен еңбек қатынасында тұратын барлық қызметкерлер, кооператив мүшелері, өндірістік практикадан және өндірістік оқудан өтуші жоғары оқу орындарының студенттері мен арнаулы орта оқу орындарының және жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, әскери қызмет атқаруға қатысы жоқ жұмысқа тартылған әскери қызметшілер, үкімнің орындалуын бақылайтын органдар белгілейтін косіпорындарындағы жұмыс кезінде сот үкімі мен жаза өтеп жатқан адамдар, сондай-ақ қоғам мен мемлекет мүддесі үшін ұйымдастырылған еңбек қызметінің кез келген түріне қатысушылар еңбекті қорғауға құқылы.
Кодекстің екінші бөлімі еңбек қатынастарына, яғни еңбек шартын жасасу, еңбек тәртібін қамтамасыз ету, жұмыс және тынығу уақыттары, еңбекке ақы төлеу, мамандарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жұмыстары, жұмысқа орналастыру, кепілдіктер мен өтемақы төлемдері, еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігі және жеке еңбек дауларын қарау мәселелеріне арналған.
Осы Кодекстің 24-бабында «Еңбек шарты бойынша қызметкер сыйақы үшін тиісті біліктілігі бойынша жұмысты (еңбек функциясын) атқарады және еңбек тәртіптемесін сақтайды, ал жұмыс беруші еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді, қызметкерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта, тараптардың келісімінде көзделген жалақыны уақтылы және толық көлемінде төлейді және өзге де төлемдерді жүзеге асырады» делінген.
Кәсіпорындардың қызметкерлеріне меншік иесі есебінен еңбек жағдайларына байланысты мемлекеттік басқару органдары белгілеген нормадан кем түспейтін және ұжымдық шарт негізінде арнаулы киім, аяқкиім және басқа да жеке қорғану құралдары, жуу және дезинфекциялау материалдары, сүт, емдеу - алдын алу тамағы беріледі.
Кодекстің үшінші бөлімінде қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін реттеу ерекшеліктері, атап айтқанда, жасөспірімдер мен әйелдердің еңбегін реттеу, ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда, вахталық әдіспен немесе үйде жұмыс істейтін қызметкерлердің, мүгедектердің және шағын кәсіпкерлік субъектілері қызметкерлерінің еңбегін реттеу ерекшеліктері сараланған.
Кодекстің 16, 17-тараулары әйелдер мен он сегіз жасқа толмаған адамдардың еңбегін қорғауга арналған. Осы санаттағы адамдардың еңбегін зиянды және қауіпті еңбек жағдайы бар жұмыстарға, ауыр жүк көтеру, оны қолмен тасуға байланысты жұмыстарға пайдалануға заңда белгіленген тәртіппен шек қойылады.
Әйелдер мен он сегіз жасқа толмаған адамдардың ауыр жүкті көтеруі мен қолмен тасуына байланысты жұмыстарда әкімшілік жүктерді тасу үшін механикаландыру мен автоматтандыру құралдарын, басқа да жабдықтарды көздеуге міндетті. Егер ауыр жүкті көтеру мен түсіру кезінде жүк зиян келтіретін жағдайда қолмен тасу тоқтатылуға тиіс. Ауыр жүкті қолмен көтеру мен тасуға байланысты жұмыстарға екіқабат әйелдердің еңбегін қолдануға тыйым салынады. Екіқабат әйелдер медициналық қорытындыға сәйкес заңдарда белгіленген тәртіппен өндірістің қауіпті және зиянды факторлары әсерін болдырмайтын басқа жеңілірек жұмысқа ауыстырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет