Зертханалық ЖӨне тәжірибелік жұмыстар мазмұны


Зиянды заттар төрт топқа бөлінеді



бет8/74
Дата11.12.2022
өлшемі4,68 Mb.
#56433
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   74
Байланысты:
АГРО -ДЭРИСТЕРАул ЕК 1-7 Жаданов у

Зиянды заттар төрт топқа бөлінеді:
1. Аса қауіпті зиянды заттар, шекті мөлшері 0,01 мг/м3- ге дейін;
2. Қауіптілігі жоғары зиянды заттар, шекті мөлшері 0,1 мг/м3-ге дейін;
3. Қауіптілігі орташа зиянды заттар, 10 мг/м3-ге дейін;
4. Қауіптілігі төмен зиянды заттар, 10 мг/м3-ден жоғары болуы мүмкін.

Осы аталған қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерінен еңбекші жарақат алуы немесе кәсіби науқасқа шалдығуы мүмкін. Оған қоса ол мекемеге көптеген материалдық шығын келтіреді. Мысалы, осы себептерден, тек қана ауыл шаруашылығында жыл сайын 3,5 млн. жұмыс күні жоғалады және емдеу парағына сәйкес 400 мың теңге қаржы төленеді. Оған қоса әр адамның емханада жатып емделуіне күніне 126-128 теңге жұмсалса, жарақаттанған адамды емдеуге одан да көп қаржы шығындалады.


Демек, еңбек қорғауға, яғни қауіпсіздік техникасы мен өндірістік тазалықты сақтауға жұмсалатын шығын өзін-өзі ақтай алады. Сондықтан да біздің елімізде жыл сайын бұл мақсатта миллиондаған теңге қаржы жұмсалады. Тек қана оны тиімді етіп, жарақаттану мен науқасқа шалдығу көбірек кездесетін ауыр жұмыстарда пайдаланған жөн. Сондай-ақ, зиянды және қауіпті факторларды болдырмаудың шараларын алдын ала қарастырып отыру қажет. Ол үшін сол факторлардың болу себептерін жүйелі түрде талдап, қорытып отыру керек.

    1. Зиянды және қауіпті факторларды талдау

Өндірісте жарақаттанудың себептерін талдаудың төрт әдісі пайдаланылады. Олар:


- статистикалық әдіс;
- монографиялың әдіс;
- экономикалың әдіс;
- эргономикалық әдіс.
1. Статистикалық әдіс бойынша кәсіпорында немесе оның кез келген бөлімшесінде болып жатқан жарақаттанулардың бірнеше жыл ішіндегі есебіне сүйеніп талдау жасалады.
Бұл әдіс бойынша әрбір учаскеде немесе жұмыс орнында бірнеше жыл ішінде болған жарақаттанулардың саны кестеге немесе диаграммаға түсіріледі. Сол арқылы жұмыс орнында жарақаттанудың қандай түрі көп орын алғандығы анықталады да, оны келешекте болдырмаудың шаралары қарастырылады.
2. Монографиялық әдіс бойынша зиянды және қауіпті факторлардың жекелеген станоктарда, машииаларда, технологиялық үдерісте, яғни учаскеде орын алуына себеп болатын жағдайларға талдау жасалады. Демек, бұл әдіс арқылы жарақаттану мен науқасқа шалдығудың болуы мүмкін екендігі алдын ала анықталады.
3. Экономикалық әдіс бойынша жарақаттанудың еебебі емес, экономикалық зияны есептеледі. Ол сол кәсіпорында еңбек қорғау шараларын енгізудің экономикалық тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді.
4. Эргономикалық әдіс бойынша адам-машина-өндірістік орта жүйесі кешенді түрде зерттеледі.
Бұл әдіс мұнай, газ өндіретін өнеркәсіпте пайдаланылған. Онда қайғылы оқиғалардың себептері төмендегідей факторларға сәйкес зерттелген:
- зардап шегушінің жеке басының ерекшеліктері (мінезі, жасы, денсаулығы, күші, ойлау қабілеті, ұйқышылдығы, есту және көру мүшелерінің жұмысы, аңғарымдылығы, шалттығы, білімі, дайындығы, т.с.с.);
- жұмыс орнының санитарлық-гигиеналық жағдайы;
- жұмыстың ауқымы, көлемі, ауырлығы, психикапық-физиологиялық жағдайы, мазмұны, т.с.с.;
- «адам-машина-қоршаған орта» жүйесінің түрі және оның атқаратын қызметі;
- еңбектің қарапайым талаптарының орындалуы, т.с.с.
Қысқасы, онда 250 түрлі эргономикалық көрсеткіштер зерттелген және оған қоса зардап шегушінің оііінің қайғылы оқиғаға душар болуының себептері жайлы пікірі еске алынған.
Қорытындысында қайғылы оқиғалардың 80 пайызы жұмысшылардың өз кінәсінен, 10 пайызы олардың сол жұмысқа дайындығының төмендігінен, ал қалған 10 пайызы жұмыс үдерісіндегі жағдайдың жетімсіздігінен болып шықты.
Демек, еңбек қорғау шаралары осы себептерді ескере отырып жасалуы тиіс.
Еңбек қорғау шараларының негізгі мақсаты – оның әлеуметтік және экономикалық тиімділігіне жету.
Еңбек қорғаудың әлеуметтік тиімділігі дегеніміз - еңбекшілердің денсаулығын жақсарту, жұмысқа қабілетін арттыру, еңбек етуге ынталандыру, қысқасы, еңбекті адамның бірінші кезектегі қажетіне айналдыру болып табылады.
Еңбек қорғаудың экономикалық тиімділігі дегеніміз - шығынды аз жұмсап, еңбек қорғау мақсатында атқарылған жұмыстардың есебінен көп пайда көру.
Өндірісте еңбек қорғау шараларының экономикалық тиімділігін анықтау үшін төмендегідей екі түрлі есеп жасалуы тиіс.
1. Өндірісте болған қайғылы оқиғалардың, жарақаттанудың, кәсіби науқастанудың, жұмысшының жұмыс өзгертуінің, т .с .с . жағдайсыз оқиғалардың жалпы келтірген экономикалық зияны есептелуі тиіс. Оған мекеменің, кәсіподақ ұйымының және емдеу мекемесінің шығындары кіреді.
2. Еңбек жағдайын жақсарту үшін жасалған шаралардың экономикалық тиімділігі есептелуі қажет. Еңбек қорғау шараларының экономикалық тиімділігін мына формуламен анықтауға болады:

ЭЖ = Р - (С + Ен К) (1)


мұндағы Р - жылдық экономикалық қорытынды (теңге есебімен), еңбек жағдайын жақсарту есебінен алынған табыс;


С - еңбек жағдайын жақсарту мақсатына жұмсалған жылдық шығын (теңге есебімен);
Ен - еңбек қорғауға бөлінген күрделі қаржының тиімділік коэффициенті;
К - еңбек жағдайын жақсартуға бөлінген күрделі қаржы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет