Еңбек қорғау пәнін оқу арқылы болашақ мамандар: - еңбек қорғаудың негізгі заңдылық актілерін оқып үйренеді;
- өндірістік жарақаттану, кәсіби сырқаттанудың себептері мен оның алдын алудың жолдарын меңгереді;
- өндірістік тазалықтың негіздері мен өрт қауіпсіздігін білетін болады;
- жәбірленушіге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетудің жолдарымен танысады;
- жұмыс орнындағы еңбек жағдайын бақылаудың құралдары мен оны пайдаланудың әдістерімен танысады;
- еңбек қорғау жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі ережелерімен және оның құжаттарын жүргізу жолдарымен танысады.
Сондай-ақ, еңбек қорғау жөніндегі ұжымдық шарт жасауды, еңбек қорғау мен өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына бақылау жасаудың жолдарын, еңбек қорғаудың шараларын жоспарлауды, өндірістік жарақаттанудың, жазатайым оқиғалар мен кәсіби сырқаттардың себебін анықтап, олардың алдын алудың жолдарын, жеке-дара қорғану құралдары мен арнайы киімдердің қажеттілігін анықтауды үйренеді.
«Адам-машина-өндірістік орта» жүйесі және оны үйлестіру.
Еңбек үдерісі қоршаған ортаның белгілі бір жағдайында еңбекшінің еңбек құралын пайдалануы арқылы жүргізіледі. Олардың жиынтығы «адам-машина-өндірістік орта» жүйесін қалыптастырады. Адам-машина жүйесіне еңбек ететін адам-оператор мен жүмыс орнында ол пайдаланатын машина немесе басқа да еңбек құралдары жатады.
Оператордың жарақат алмай, науқасқа шалдықпай еңбек етуге қабілетін сақтауы үшін осы айтылған жүйе тоқтаусыз, іркіліссіз жұмыс істеуі тиіс. Алайда, өндіріс жағдайында кездесетін әр түрлі себептердің әсерінен (айталық, шаңның, шудың, дірілдің, т.с.с.) жүйеде кідірістер болып жатады. Бұдан басқа оператордың жүмыс қабілетіне ауаның температурасы, ылғалдылығы, қозғалу жылдамдығы, сондай-ақ ұжымдағы психологиялық жағдай, еңбек тәртібі, т.б. факторлар да әсер етеді.
Оператордың ағзасы қоршаған ортада қалыптасқан жағдайларға бірте-бірте бейімделеді де, нәтижесінде адам ағзасының кейбір жүйелері мен қоршаған ортаның факторлары арасында динамикалық тепе-теңдік қалыптасады. Егер оператор осы тепе-теңдіктің шеңберінен шығып кетсе, онда шаршағыштық пайда болып, жұмысқа қабілеті төмендейді.
Адам ағзасының еңбек жағдайына бейімделу мүмкіндігінің шектеулі екендігі ескеріліп, оған тән факторлардың нормалары енгізілген. Бірдей жұмыстарды атқарып жатқан адамдардың барлығы бірдей энергия жұмсамайды. Өйткені, әр адамның еңбек қарқыны әр түрлі болады. Еңбек қарқыны дегеніміз - оның еңбек етуге ынтасының дөрежесі. Қарқынның қоғамға қажетті деңгейін қамтамасыз ету үшін адамның физиологиялық мүмкіндігі деңгейінде ой мен күш қабілетін толық пайдалану қажет. Еңбек қарқыны операцияны орындаудың сапасына әсер етеді, қателіктерді тудырады, тіпті оператордың «тоқтап қалуына» әкеліп соқтырады. «Адам-машина-өндірістік орта» жиынтығының бір-бірімен байланысы эргономикамен айқындалады.
Эргономиканың негізі заттың эргономикалық қасиеттері, эргономикалық талаптары мен көрсеткіштері болып табылады.
Ғылыми-техникалық прогресс соңғы кезде өндірістің барлық салаларына жаңалық әкелуде. Атом энергиясы, автоматтандыру мен электроника, полимерлер, химия мен микробиология, кибернетика мен ЭЕМ – осының барлығы еңбек жағдайын күрт өзгертетін жаңалықтар. Бұл жаңалықтарды өндіріске енгізу арқылы, ең алдымен, қол еңбегі жойылады, еңбек жағдайы жақсарады.
Машина жасау өнеркәсібінде станоктардың жұмысының автоматтандырылуы, бағдарламалық басқарудағы манипуляторлардың іске қосылуы жұмысшыларды ауыр қол жұмысынан босатып, шаршамай өнімді еңбек етуіне мүмкіндік беріп келеді.
Көптеген электр станцияларын басқарудың автоматтандырылуы, құрылыс материалдары өнеркәсібінде бетон шығаратын завод-автоматтардың іске қосылуы, болатты балқытып қүю жұмысының қашықтан басқарыуы, ауыл шаруашылығындағы қол еңбегінің машиналармен алмастырылуы еңбекшілердің жұмысын едәуір жеңілдетеді.
Алайда, өндірістің жоғары дәрежеде жарақаттандырылуы мен автоматтандырылуы, бір адамның бірнеше агрегаттарды пульт арқылы басқаруы, екінші жағынан, адамның қозғалысын азайтады, денесінің енжарлығын үлғайтады. Мұның өзі адамның нерв жүйелері мен жүйкесінің тозуына, жүрек қан тамырлары ауруларыың пайда болуына әкеліп соқтырады. Түрлі механизмдердің пайдаланылуы дыбысты, селкілді көбейтеді. Химиялық заттарды пайдалану адамның денсаулығына зиянын тигізіп, тіпті олардың улануына әкеліп соқтырады.
Демек, ғылыми-техникалық прогресс еңбекті жеңілдетіп, оның өнімділігін арттырумен қатар еңбекшілерге шексіз қайғы да әкеледі. Өйткені, қазіргі техникалардың көпшілігі еңбек қорғаудың стандарттары мен ережелеріне сай келмейді.
Мысалы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында жыл сайын 19 млн. қайғылы оқиға болып тұрады, 250 мың адам кездейсоқ оқиғалар мен уланудың әсерінен қайтыс
болады. Өндірісте жыл сайын 700 мың адам жарақат алады, оның 15 мыңы қайтыс болады.
Сондай-ақ, жолда жүру кезінде 1990 жылы ТМД-да 63 мың адам қайтыс болып, 360 мың адам жараланған.
Өрттің салдарынан жыл сайын 10 мың адам қайтыс болады. 1990 жылы қайғылы оқиғалардың әсерінен 491 мың теңге зиян келген болса, өрттен 2 млн. теңгеден аса шығын болды.
Халық шаруашылығының басқа салаларына қарағанда АӨК саласында жарақаттану 1,4 есе жоғары, жыл сайын онда 300 мың адам жарақаттанып, оның 5 мыңы қазаға ұшырайды. Оның 65-70 пайызы еңбектің нашар ұйымдастырылуынан, 15-20 пайызы инструктаж беру мен оқытудың сапасыздығынан, 20-25 пайызы түрлі техникалық себептерден болады (НИИ информагротех, Аналитический обзор, 1990).
Қазір ТМД-да 7 миллиондай мүгедек бар, олардың әрбір бесіншісі өндірістегі оқиғалардан болған. Жыл сайын 30 мың адам өндірістен мүгедектік алса, 11 мың адам кәсіби науқасқа шалдығады.
Ғалымдардың айтуынша, біздің елде басқа өркендеген елдерге қарағанда, қайғылы оқиғалардың салдарынан адам өлімі көрсеткіші жоғары. Ал онымен тікелей айналысып отырған адам жоқ. Қазіргі майда қожалықтар, кіші кәсіпорындар, кооперативтер құрылып жатқанда, республикада жекешелендіру үдерісі жүріп жатқанда онымен айналысу өте қиын.
Сондықтан ғылыми-техникалық прогресс жағдайында еңбек қорғау талаптарының орындалуы оны терең талдап, анықтап отыруды талап етеді. Осы мақсатта Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында 350 ғылыми-зерттеу институттары, құрылымдық-жобалау мекемелері мен жоғары оқу орындары жұмыс істеуде.
Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі дегеніміз - еңбек үдерісінде адамның денсаулығы мен еңбекке қабілетін сақтауға және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған стандарттардың жиынтығы.
Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі мемлекеттік, аймақтық, салалық және кәсіпорындық болып бөлінеді.
Мемлекеттік стандарт - өндірістік қауіпті және зиянды факторлардың түрін көрсетіп, оның жоғарғы және төменгі мөлшерін шектейді және оған бақылау жасаудың әдістерін көрсетеді.
Ал кәсіпорындық стандарт - сол мекеме жағдайында еңбек қауіпсіздігіне шек қойып, жарақаттанудың себебін анықтауды, арнайы қорғану құралдарын жұмысшыларға беру мен оны есептен шығаруды мөлшерлеп шектейді.
Стандарттарды енгізу мен оның орындалуына бақылауды мемлекеттік стандарт органдары, көсіподақтарының инспекторларымен және де басқа мемлекеттік бақылау инспекцияларымен бірлесе отырып жасайды.
Мемлекеттік стандартқа сәйкес еңбекті қорғаудың атаулары мен анықтамалары болады. Олардың негізгілері - еңбек қауіпсіздігі, қауіпті және зиянды өндірістік факторлар, эргономика, өндірістік эстетика.
Еңбек қауіпсіздігі - еңбек жағдайының жұмысшыға қауіпті және зиянды әсер ететін өндірістік факторлады болдырмайтын ахуалы.
Қауіпті өндірістік фактор деп еңбекшіге әсерінен оның жарақаттануына әкеліп соқтыратын өндірістік факторды айтады.
Зиянды өндірістік фактор деп еңбекшінің ағзасына әсерінен оның кәсіби науқасқа шалдығуына әкеліп соқтыратын өндірістік факторды айтады.
Эргономика - «адам-машина-қоршаған орта» жүйесін зерттейтін ғылым. Оған тракторлар мен комбайндардың орындықтары мен басқару органдарының жүргізушіге ыңғайлы, залалсыз, шаршатпайтындай етіп орналастырылуы жатады. Өндірістік эстетика дегеніміз физиологтар мен гигиенист-психологтардың талаптарын ңанағаттандыратын өндірістік жағдай жасау болып табылады. Оған жұмысшыларды таза да ыңғайлы арнайы киімдермен қамтамасыз ету, жұмыс орнының тазалығы, бөлменің тартымды түстегі әрмен боялуы, жұмыс орнының көгалдандырылуы, т.с.с. жұмыстар жатады.