Зертханалық ЖӨне тәжірибелік жұмыстар мазмұны


Еңбекті қорғау қызметінің құқықтары



бет17/74
Дата11.12.2022
өлшемі4,68 Mb.
#56433
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   74
Байланысты:
АГРО -ДЭРИСТЕРАул ЕК 1-7 Жаданов у

4. Еңбекті қорғау қызметінің құқықтары
Еңбекті қорғау қызметінің мынадай құқықтары бар:
4.1. Кәсіпорынның бөлімшелерінен еңбекті қорғау мәселелері бойынша қажетті материалдарды кедергісіз алады, еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормаларды, техника қауіпсіздігі жөніндегі ережелер мен нормаларды, техника қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулардың бұзылуына жол берген адамдардан жазбаша түсінік талап ете алады.
4.2. Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан белгілі бір жұмысты атқаруға жіберуге болмайтын немесе еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормаларды, қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқауларды қалай болса солай бұзуға жол беретін адамдарды жұмыстан босатуды талап ете алады. Бұл талаптар сөзсіз орындалуға жатады.
4.3. Егер жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін немесе апатқа апарып соғатын болса, кейбір учаскелердегі машиналарды, жабдықтарды пайдалануға және өндірістік жұмысты одан әрі жүргізуге тыйым салады және бұл жөнінде кәсіп-орынның басшысына немесе иесіне хабарлайды.
4.4. Кәсіпорынның басшылығымен келісе отырып, басқа бөлімшелердің тиісті мамандарын еңбекті қорғаудың ахуалын тексеруге қатыстыра алады.
4.5. Кәсіпорын басшылығына жекелеген қызметкерлерді еңбектің қолайлы да қауіпсіз жағдайларын жасау жөніндегі белсенді жұмыстары үшін ынталандыру сыйлығын беру жөнінде ұсына алады. Сондай-ақ, еңбекті қорғаудың ережелері мен нормаларын бұзуға, өндірісте қайғылы оқиғаларға әкелетін жағдайларға жол берген адамдарды белгіленген тәртіп бойынша тиісті жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныс енгізе алады.
4.6 . Кәсіпорынның өндірістік, қызмет бабындағы және тұрмыстық жұмыс орындарын кедергісіз қарап шығуға, еңбекті қорғау меселелері жөніндегі құжаттармен танысуға құқығы бар. Кәсіпорынның бөлімшелерінің басшыларына орын алған кемшіліктерді жедел жою жөнінде орындалуы міндетті болып саналатын жазбаша нұсқаулар бере алады.
4.7. Кәсіпорынның жетекшісінің (иесінің) нұсқауы бойынша мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда еңбекті қорғау мәселелерін талқылау кезінде өкілдік ете алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет