Зертханалық ЖӨне тәжірибелік жұмыстар мазмұны


Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген еңбек қорғаудың талаптары



бет20/74
Дата11.12.2022
өлшемі4,68 Mb.
#56433
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   74
Байланысты:
АГРО -ДЭРИСТЕРАул ЕК 1-7 Жаданов у

2.4. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген еңбек қорғаудың талаптары

Жұмыс уақыты. Жұмыс уақытының бірқалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс. Жеке еңбек шарттарында тараптардың келісімі бойынша жұмыс уақытының үзақтығы азырақ көзделуі мүмкін.Қысқартылған жұмыс уақытының ұзақтығы мынадай мөлшерде белгіленеді:


1. 16 жастан 18 жасқа дейінгі жұмысшылар мен қызметшілер үшін аптасына 36 сағат, 14 жастан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер үшін аптасына 24 сағат;
2. Ауыр дене жұмысты зиянды жұмыстарда істейтін жұмысшылар мен қызметшілер үшін аптасына 36 сағаттан аспайды.
Түнгі уақытта жұмыс істеген кезде жүмыстың белгіленген үзақтығы бір сағатқа қысқартылады.Түнгі уақытта жүмыс істеуге мыналарға жол берілмейді:
- жүкті әйелдерге, егер олардың келісімі болмаса;
- 18 жасқа толмағандарға және түнгі уақытта жұмыс істеуге тыйым салатын медициналық қорытындысы болған жағдайда өзге де адамдарға.
Мүгедектер түнгі жүмысқа, тек олардың өздерінің келісімі бойынша, егер оларға ондай жүмыс істеуге дәрігерлік қорытынды бойынша тыйым салынбаған жағдайда тартылады.
Кешкі сағат 10-нан таңертеңгі сағат 6-ға дейінгі уақыт түнгі уақыт болып есептелінеді.
Жүкті әйелдердің сегіз жасқа, дейінгі баласы бар немесе семьясының ауру мүшесін күтіп-бағып жүрген әйелдердің өтініші бойынша медициналық қорытындыға сәйкес әкімшілік оған толық емес жұмыс күнін белгілеуге міндетті. Мұндай реттерде еңбекақы жұмыс істеген уақытына қарай пропорциялы түрде немесе жұмыстың өніміне қарай төленеді.Уақытынан артық жұмыс істеуге: жүкті әйелдерге,он сегізге жасы жетпеген жүмысшыларға, оқу күндері өндірістен қол үзбей білім беретін оқу орындарында оқып жүргендерге, заңға сәйкес басқа да санаттағы қызметкерлерге жол берілмейді.
Уақытынан артық жұмысына мынадай ерекше реттерде ғана жол беріледі:
1. Отан қорғау үшін қажетті жұмыстарды жасаған кезде, сондай-аң қоғамның немесе табиғи апатты,өндірістік апатты болдырмау және олардың зардаптарын дереу жою маңсатындағы жұмыстарды жүргізген кезде;
2. Сумен жабдыңтау, газбен жабдыңтау, жарың беру,канализация, транспорт, байланыс жөнінде қоғамның қажетті жұмыстар жүргізген кезде олардың дұрыс қызмет істеуін бүзатын кездейсоқ немесе күтпеген жағдайларды жою үшін;
3. Басталған жұмыс, бірақ өндірістегі кездейсоқ өнідіріс салдарынан бітпей қалған жүмысты бітіру қажет болғанда, егер оның өзінде басталған жұмысты тоқтату мемлекеттік немесе ңоғамдың мүліктің бүлінуіне яғнижойылуына өкеп соңтыратын болса;
4. Механизмдер мен ғимараттарды жөндеу және қалпына келтіру жөніндегі уақытша жұмыстарды жүргізген реттерде, мұндайда олардың жұмысының тоңтап қалуына әкеп соқтыратын болса;
5. Егер жұмысты үзіліспен істеуге жол берілмейтін болып, конвейер ауыстыруға келетін ңызметкер келмеген кезде жұмысты жүргізе беру үшін; мұндай реттерде әкімшілік ауысатын адамды басңа ңызметкермен ауыстыруға дереу шара қолдануға міндетті.
Қауырт дала жұмыстары кезінде кәсіпорын басшыларына егіншілердің жұмыс уақытын кәсіподақ ұйымымен келісе отырып 10 сағатқа дейін ұзартуына болады.Олардың артық істеген уақытының орнына кейін, жұмыстың саябыр кезінде демалыс берілуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет