Зертханалық ЖӨне тәжірибелік жұмыстар мазмұны


Мүгедек қызметкерлердің еңбек жағдайына байланысты Кодекстің 223-бабында



бет14/74
Дата11.12.2022
өлшемі4,68 Mb.
#56433
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   74
Байланысты:
АГРО -ДЭРИСТЕРАул ЕК 1-7 Жаданов у

Мүгедек қызметкерлердің еңбек жағдайына байланысты Кодекстің 223-бабында, «Еңбекті нормалау, еңбекке ақы төлеу және еңбекті қорғау жағдайлары, жұмыс режимі, кәсіптерді қоса атқару тәртібі, техникалық, санитарлық, гигиеналық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптар келісімі бойынша еңбек шартының, ұжымдық шарттың өзге де жағдайлары басқа қызметкерлермен салыстырғанда мүгедек қызметкерлердің жағдайларын нашарлата немесе құқықтарын шектей алмайды» делінген. I және II топтағы мүгедек қызметкерлерге аптасына 36 сағаттан аспайтын ұзақтығы қысқартылған жұмыс уақыты белгіленеді және оларға ұжымдық шартта белгіленген қосымша жеңілдіктер берілуі мүмкін.
Кодекстің төртінші бөлімінде еңбек саласындағы әлеуметтік әріптестік пен ұжымдық қатынастарды ұйымдастыру мен өзара келісімдер жасасу тәртібі, ұжымдық шарттың мазмұны және ұжымдық еңбек дауларын қараудың тәртібі белгіленген.
Кодексте әлеуметтік әріптестік республикалық деңгейде, салалық деңгейде, өңірлік деңгейде және ұйым деңгейінде ұйымдастырылуы мүмкін. Әлеуметтік әріптестіктің тараптары болып тиісті атқарушы органдар атынан мемлекет, белгіленген тәртіппен уәкілеттік берілген ез өкілдері атынан қызметкерлер мен жұмыс берушілер саналады. Келісімдер Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, мүлкінің меншік иелері, құрылтайшылары немесе акционерлері шетелдік жеке және заңды тұлғалар не шетелдік қатысуы бар ұйымдар болып табылатын ұйымдарға да қолданылады.
Ұжымдық шартқа еңбекке ақы төлеуді нормалау және индекстеу, жәрдемақылар мен өтемақы төлемдерін төлеу, разрядаралық коэффициенттерді белгілеу, жұмыс уақыты мен демалу уақытының ұзақтығы, медициналық сақтандыру кепілдіктері, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қаржыландыру, қоршаған ортаны қорғау, тиісті саланың разрядаралық коэффициенттерін белгілеу туралы ережелер енгізілуі тиіс.
Кодекстің бесінші бөлімі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға бағытталған. Онда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға байланысты мемлекеттік саясат, қызметкерлер мен жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды ұйымдастырудың талаптары, жазатайым оқиғалар мен өзге де зақымдануларды тергеп-тексеру мен есепке алудың жолдары заңдастырылған. Осы бөлімнің 321-бабында жұмыс орындары орналасқан ғимараттар мен жұмыс жабдықтары олардың функционалдық мақсатына және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сай болуы, жұмыс орындарындағы микроклимат, табиғи және жасанды жарықтылық, шу мен дірілдің мөлшері белгіленген нормаға сай болуы, қауіпті өндірістік объектілерде жұмыс жүргізу үшін қызметкерлердің жеке қорғану құралдары болуы тиіс деп көрсетілген.
Еңбек шартының (контрактының) шарттары еңбекті қорғау жөніндегі заңдар мен басқа да нормативтік актілердің талаптарына сай келуі тиіс. Азаматтарды денсаулық жағдайына жақпайтын жұмысқа қабылдауға тыйым салынды.
Кәсіпорын денсаулық сақтау органдары белгілеген тәртіпке сәйкес медициналық тексерулер өткізуді ұйымдастыруға міндетті. Қызметкерлердің медициналық тексерулерден жалтаруға қақысы жоқ, жалтарған кезде олар жұмысқа жіберілмейді.
Кәсіпорын өзінің қызметкерлерін өндірістегі жазатайым жағдайдан және кәсіби аурулардан қолданылып жүрген заңдарда белгіленген жағдайларда міндетті түрде сақтандырады.
Қызметкерлердің денсаулығына немесе өміріне қауіп төнетін жағдай туған кезде ол жұмысты тоқтатып, дереу бұл туралы әкімшілікке хабарлайды, ал әкімшілік сол жағдай расталса, жұмысты тоқтатуға және осы қауіпті жою жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
Кәсіпорынның жұмысы еңбек қауіпсіздігінің талаптарына сай келмегендіктен тоқтатылса, тоқтатылудың барлық кезеңінде қызметкердің орташа жалақысы сақталады.
Қызметкерден кәсіби аурудың алғашқы белгілері білінсе, әкімшілік медициналық қорытынды негізінде оны қайта мамандандыру кезеңінде орташа айлық жалақысын сақтай отырып, бірақ он екі айдан асырмай, басқа жұмысқа ауыстыруға тиіс.
Еңбекті қорғау жөніндегі оқудан, нұсқау алу мен білімін тексеруден өтпеген адамдар жұмысқа жіберілмейді.
Осы бөлімде еңбекті қорғау жөніндегі заң және басқа да нормативтік актілерді бұзғаны үшін жауаптылық мәселелері белгіленген. Олардың бастылары:
- кәсіпорын еңбекті қорғау заңының талаптарын қамтамасыз етпегені үшін заң алдында экономикалық жауапкершілікке тартылады;
- қызметкерлермен болған жазатайым жағдай және кәсіби аурулар нәтижесінде зардап шеккендерге төленетін өтемдік төлемдерге байланысты шығындарды өтейді;
- бұл арада зиян мөлшерін белгілеген тәртіп бойынша төрелік сот белгілейді және өндіреді.
Еңбекті қорғау жөніндегі заң және өзге де нормативтік актілерді бұзғаны үшін кінәлі не қадағалау мен бақылауға кедергі келтіруші лауазымды адамдар заңдарда белгіленген тәртіп пен әкімшілік, тәртіптік, материалдық немесе қылмыстық жауапқа тартылады.
Кодекстің алтыншы бөлімінде Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылаудың талаптары заңдастырылған.
Заңға сәйкес, еңбек заңнамасының сақталуын бақылау мен қадағалау мемлекет тарапынан және қоғамдық ұйымдар тарапынан іске асырылады. Мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен бағдарламаларын әзірлеп, олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді және еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғауды мемлекеттік бақылаудың тәртібін белгілейді. Ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады. Мемлекеттік еңбек инспекторлары Еңбек кодексі белгілеген талаптарының сақталуын бақылайды, өндірістік жарақаттану мен кәсіби наукастанудың себептеріне талдау жасайды, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергейді, жауапты басшылар мен адамдардың біліміне тексеру жүргізеді, объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссияға қатысады және қызметкерлер мен жұмыс берушілердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелеріне байланысты өтініштерін қарайды.
Жұмыс беруші жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі белгіленген талаптарды сақтау және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша жедел шаралар қабылдау мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асырады. Ішкі бақылау еңбек жағдайларының жай-күйін қадағалауды ұйымдастыруды, өндірістік бақылаудың деректеріне жедел талдау жүргізуді, тәуекелдерді бағалауды және анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар қабылдауды қамтиды.
Қызметкерлерінің саны 50-ден асатын өндірістік ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын сақтау үшін ішкі бақылауды жүзеге асыру мақсатында жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау кызметін құрады. Ол өз мәртебесі бойынша негізгі өндірістік қызметтерге теңестіріледі.
Қызметкерлерінің саны 50-ге жетпейтін жұмыс беруші қызмет ерекшелігін ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мамандық лауазымын енгізеді немесе еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі міндетті басқа маманға жүктейді.
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі қызметтің немесе маманның еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын орындау жөніндегі нұскауларын ұйымның барлық қызметкерлері орындауға міндетті.
Еңбекті қорғау және еңбек жағдайын жақсартуда кәсіподақтар ұйымы үлкен рөл атқарады. Ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық бақылауды ұйымның кәсіподақ органы тағайындайтын, ал ол болмаған кезде қызметкерлердің жалпы жиналысы сайлайтын еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдың инспектор жүзеге асырады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор ұйымдағы нормативтік-құқықтық актілердің сақталуын тексереді және тексерудің қорытындысымен анықталған заң бұзушылықты жою туралы ұсыныстар енгізіледі, өндірісте болған жазатайым оқиғаларды тергеу жөніндегі комиссияның құрамына кіріп, болашақта ондай оқиғаларды болдырмаудың іс-шараларын жасауға қатысады.
Кәсіподақтар қызметкерлердің еңбектегі міндеттеріне байланысты мертігуден немесе денсаулыққа өзге закым келтіруден шеккен зиянның орнын толтыруға құқығын қорғап, қызметкерлердің еңбекті қорғау құкығына қысым жасаудың басқа да жағдайларында талапкерлік арызбен сотқа жүгіне алады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет