Зертханалық ЖӨне тәжірибелік жұмыстар мазмұны


Қосымша құрылыстар мен аулаларға қойылатын талаптар



бет28/74
Дата11.12.2022
өлшемі4,68 Mb.
#56433
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   74
Қосымша құрылыстар мен аулаларға қойылатын талаптар
Еңбекшілердің санитарлық-тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыру мақсатында кәсіпорындар қосымша бөлмелермен және қүрылғылармен жабдықталады. Олар бес топқа бөлінеді: қоғамдық тамақтандыру бөлмелері, дәрігерлік бөлмелер, санитарлық-тұрмыстық бөлмелер мен құрылғылар, мәдени қызмет көрсету бөлмелері мен құрылғылар және қоғамдық ұйымдар орналасатын бөлмелер. Бұл бөлмелер бір ғимараттың ішіне, шу мен дірілдің және басқа зиянды факторлардың әсері төмен орындарға орналастырылады. Тұрмыстық бөлмелер өндірістік бөлмелердің жылу жүйесіне қосылады.
Қосымша құрылыстардың орналасатын орнына, өлшеміне және жабдықтарына қойылатын талаптар 11-92-76 құрылыс нормалары мен ережелерінде көрсетілген.
Санитарлық-тұрмыстық бөлмелер мен құрылғыларға жұмысшылардың сырт киімін сақтайтын орын, қол жуғыштар, әжетхана, душ бөлмесі, әйелдердің жеке гигиеналық бөлмелері, сауықтыру пункті, тамақтандыру пункті, шылым шегетін орын, арнайы киімдерді тазарту, жуу және кептіру бөлмелері, жылынатын бөлме,т.с.с. бөлмелер жатады. Санитарлық-тұрмыстық бөлмелер мен құрылғыларды таңдау өндірістік үдерістің санитарлық талаптарына сәйкес жүргізіледі. Санитарлық талаптардың негізінде құрылыстың қабат саны мен әрбір қабаттың биіктігі, еденнің жерден жоғары орналасу деңгейі, шкафтар мен гардеробтардың құрылымдары, санитарлық-тұрмыстық бөлмелердің өңделуі, душ бөлмесінің орналастырылуы, т.с.с. жатады.
Тынығу бөлмесінің аудан ы18-ден кем болмауы тиіс немесе әрбір адамға - 0,2. 
Кәсіпорындарда еңбекті қорғау кабинеті жабдықталуы тиіс. Жұмысшылардың саны 500-ден асатын болса,дәрігерлік пункт, 250-ден асса асхана, ал одан аз орындарда ыстық тамақ дайындайтын буфеттің жұмыс істеуіне рүқсат етіледі.
Елді мекендер суды кұдықтардан, көлден, өзеннен,су құбырларынан пайдаланады. Сондықтан оның тазалығына, залалсыздандырылуына мән берілуі тиіс.
Құдықтардың айналасына жас көшеттер отырғызу,оның суына бактериологиялық және химиялық өңдеу,жүргізіп тұру қажет. Мұндай су көздері 100-200 метрге дейін қоршалып, оған ағын судың араласпауы, малдың бармауы қадағалануы тиіс. Судың құрамындағы зиянды заттардың мөлшері 245-714 санитарлық нормалардың талаптарымен шектеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет