Зертханалық ЖӨне тәжірибелік жұмыстар мазмұны


Өндірістік бөлмелердің ауасын алмастьіру және ауаны салқындату



бет26/74
Дата11.12.2022
өлшемі4,68 Mb.
#56433
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   74
Өндірістік бөлмелердің ауасын алмастьіру және ауаны салқындату

Өндірістік бөлмелер мен жұмыс орындарының ауасын алмастыру үшін желдеткіштер пайдаланылады.Желдеткіштер іштегі ластанған жылы ауаны сыртқа шығарып, оның орнына таза ауа келтіру қызметін атқа-рады. Ауаны алмастыру өдістеріне қарай олар жалпы ауаны алмастыру және жергілікті ауаны алмастыру болып бөлінеді.


Жалпы ауаны алмастыру әдісі бойынша бір уақытта бүкіл бөлмедегі барлық ауа алмастырылады. Ал жергі-лікті ауа алмастыру әдісі бойынша денсаулыққа зиянды факторлардың жиналған жерлерінің ауасы алмастырылады. Ауа алмастыру үдерісі бөлмедегі ауаны сыртқа соратын немесе сырттағы ауаны ішке айдайтын әдістермен жүргізілуі мүмкін.
Сыртқа сору әдісі бөлмедегі лас ауаны шығаруға, ал ішке айдау әдісі сыртқа шығарылған лас ауаның орнын таза ауамен толықтыруға қолданылады.
Тәжірибеде табиғи ауа алмастыру әдісі кең қолданылады. Ол ауасорғыш құбырлармен атқарылады. Ірі ғимараттарда табиғи ауа алмастырудың аэрациялық әдісі қолданылады. Аэрация үдерісі желдің арынымен немесе ішкі және сыртқы ауаның температурасының әр түрлі болуына байланысты ауаның тығыздығының айырмашылығының әсерімен жүреді. Ғимаратты аэрациялау сызбасы 2-суретте көрсетілген.



Егер табиғи ауа алмастыру бөлмедегі ауаны толық тазартуға жеткіліксіз болса, онда желдеткіштердің арынымен механикалық ауа алмастыруды қосымша жабдықтайды. Жұмыс істеу принциптеріне қарай желдеткішті осьтік, ортадан тепкіш және диаметральды болып бөлінеді. Желдеткіштерді олардың жұмыс өнімділігіне және пайда ететін қысымына қарай таңдайды.


Ауа райы ыстық жұмыс орындарында, тракторладың кабиналарында кондиционер орнату арқылы ауаның қажетті параметрлерін ұстап тұруға болады.


3.2. Жұмыс орнының микроклиматы және оның көрсеткіштерін тұрақтандыру

Адамның денсаулығы мен жұмысқа кабілетіне метерологиялық жағдайдың (өндірістік ортаның микроклиматы), яғни ауаның температурасының, ылғалдылығы мен қозғалу жылдамдығының үлкен әсері бар.


Сыртқы ауаның өзгеруіне қарамастан, адам денесінің температурасы 36,7-37 °С аралығында тұрақты сақталады.
Ауаның ылғалдылығы 70-75%-ға жетіп, температурасы жоғарылай бастаған кезде адамның денесі қыза бастайды. Өйткені, бүл жағдайда дененің жылу алмасу.
Керісінше, адамның температурасы төмендеген кезде денеден бөлінетін жылудың мөлшері көбейіп, адамның денесі тоңази бастайды.
Сондықтан да жыл мезгіліне, жұмыстың ауырлығына, жұмыс орнында бөлініп шығатын қосымша жылудың мөлшеріне қарай температураның, ылғалдылықтың және ауаның қозғалу жылдамдығының стандартты нормалары белгіленген (2-кесте).
Адам ағзасына ауаның қысымы да әсер етеді.
Атмосфералық қысымның мөлшері сынап бағанасымен 760 мм-ге тең болғанда ағзаның ішкі және сыртқы қысымдары теңеседі. Ал қысым өзгергенде адамда әлсіздік пайда болып, басын айналдырады, жүрегін алып мұрнынан қан ағуы мүмкін.
2-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет