Зертханалық ЖӨне тәжірибелік жұмыстар мазмұны


Улы химикаттармен жұмыс жасағандағы



бет29/74
Дата11.12.2022
өлшемі4,68 Mb.
#56433
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   74
3.4. Улы химикаттармен жұмыс жасағандағы
қауіпсіздік талаптары

Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру мақсатында улы химикаттар, минералды тыңайтқыштар, қышқылдар мен сілтілер, түрлі еріткіштер, жуғыш сүйықтар және жанар-жағармайлар көптеп пайдаланылады. Мұның өзі ағзаның өмір сүруіне кері әсерін тигізеді. Оның әсері сол улы заттардың мелшеріне тікелей байланысты.


Улы заттардың уландыруға дейінгі мөлшері және уландыратын мөлшері болады. Ал уландыратын мөлшердің өзінде ағзаны өлтіретін жөне өлтірмейтін мөлшерлері болады.
Мысалы: 1. Күшті әсер ететін улы заттар. Малдың әрбір килограмм салмағына шаққанда 50 миллиграмм мөлшерінде болса, малдың 50 пайызын өлтіреді;
2. Жоғары улағыш заттар. Малдың әрбір килограмм салмағына шаққанда 50-ден 200 миллиграмға дейінгі мөлшерде жұтса, малдың 50 пайызын өлтіреді.
3. Орташа улағыш заттар. Малдың әрбір килограмм салмағына шаққанда 200-ден 1000 мг-ға дейінгі мөлшерде жұтса, малдың 50 пайызын өлтіреді.
4. Улағыштығы төмен заттар. 1000 мг/кг-нан жоғары мөлшерде болса, малдың 50 пайызын өлтіреді (тәжірибе тышқандарға жасалған).
Улы химикаттар мен уландырғыш заттар адамның ағзасына тыныс алу жолдары арқылы, дененің жарақаттанған жерлері арқылы, сондай-ақ ішкі ас қорыту жолдары арқылы барады және ол ағзаны қатты уландыруы мүмкін.
Улы химикаттармен жасалатын жұмыстар зиянды болғандықтан, оған 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер,жүкті әйелдер, емізулі баласы бар әйелдер, дәрігерлік комиссияның рұқсаты жоқтар, науқас және мас адамдар жұмысқа жіберілмейді. Тұқымды дәрілеуге және түрлі қоспалар дайындауға жасы 55-тен асқан ерлер мен 50-ден асқан әйелдер жіберілмейді. Улы заттармен жұмыс жасауға жіберілген адамдар еңбек қорғаудың нұсқауын алуы тиіс. Сондай-ақ, мына төмендегідей талаптар орындалуы тиіс:
- демалыс орны белгіленіп, онда қол жуғыш, сүлгі,сабын және дәрі-дәрмек болуы;
- арнайы киімдер мен қорғану құралдары берілуі (көзәйнек, респиратор, противогаз, т.с.с.);
- жұмыстың үзақтығы 6 сағаттан аспауы, ал күшті әсер ететін улы заттармен жұмыс істейтіндерге 4 сағаттан аспауы;
- жұмыс кезінде ербір сағат сайын 10 минут үзіліс жасау.
Улы заттар арнайы дайындалған қоймаларда сақталады және ол тек қана мекеме басшысының рұқсатымен жауапты адамға ғана босатылуы тиіс.
Егісті химиялық заттармен өңдегенде тұрғындар,дәрігерлік және санитарлық ұйымдар ерте хабарланып,уақыты белгіленуі тиіс және ол жерлер 300 метрге дейін қоршалып, тиісті белгілер қойылуы тиіс. Бүл кезде желдің жылдамдығы 4 м/сек-тан аспауы керек. Мал қораларын дезинфекция жасаған кезде де тиісті сақтану ережелері сақталуы тиіс. Пайдаланылатын механизмдер жарамды болып, жұмыс біткеннен кейін хлорлы сумен жуылып,оның суы терең шұңқырға ағызылуы тиіс. Жұмыс біткесін арнайы киімдер де содалы ерітінділермен жуылады.
Минералды тыңайтқыштардың булары мен газдары улағыш болады және олар денені күйдіруі мүмкін.
Әсіресе, азотты тыңайтқыштардың құрамындағы аммиак адамды тұңшықтырып жөтелтуі және көзіне жас ағызуы мүмкін. Сондай-ақ ауаның араласуымен 15-27% аммиак қопарылғыш болады жөне аммиак тез буланады. Сондықтан аммиак сақталатын ыдыстар жақсы тығыздалуы тиіс және оны отқа жақын жерде сақтауға болмайды.
Ауыл шаруашылығында, сондай-ақ, түрлі қышқылдар мен сілтілер, жанар-жағармайлар пайдаланылады.Олар көбіне шыны ыдыстарда сақталады. Сондықтан оларды сақтауда және пайдалануда ерекше талаптарды орындау қажет. Өйткені олар күйдіруі, улауы, жарақаттауы, тіпті өрт шығаруы мүмкін. Мысалы, бензин этильді сүйық қосылады. Жалпы майдың құрамында күкірт, қорғасын, цинк, фосфор болуы мүмкін. Олар тыныс алу мүшелерін, теріні және көзді түршіктіреді,басты айналдырып, жүректің соғуын жиілетеді, жүйке жүйелерін қоздырады. Ал бензинге қарағанда керосин мен солярканың улағыш қасиеті жоғары.
Ауаның құрамында 30 г/ бензиннің буы болса, адам 10-12 рет дем алғанда есінен айырылады. Егер ауада бензиннің буы 3% -дан асса (40 г/м3) бірден улайды, тіпті өліп кетуі мүмкін. Автомобильдер мен тракторларда пайдаланылатын антифриздер де улы заттардың қатарына жатады. Демек, оларды пайдаланғанда қауіпсіздік ережелері бұлжытпай орындалуы тиіс.
Улы заттармен жұмыс жасаушыларға тегін арнайы киімдер мен қорғану құралдары беріледі. Мысалы: комбинезон, кеудеше, шалбар, халат, алжапқыш, резеңке қолғаптар, дулығалар мен күлепара, резеңке етіктер,көзәйнектер, респиратор мен противогаздар.
Кәсіпорынның әкімшілігі жұмысшыларды дер кезінде тапсырмамен, оны орындаудың жолдарымен,қауіпсіздік техникасымен таныстырып, зиянсыз және қауіпсіз жұмыс жағдайын жасауға міндетті. Мұның өзі адамның улануын, топырақтың, судың, ауаның және апарылған тамақтың умен ластануын болдырмаудың әдепкі жолы.
Умен жасалатын әрбір жұмысты агроном арнайы журналға тіркеп отырады және жұмысшылардың арнайы киімдер мен қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін
қадағалайды.
Улы заттармен жұмыс жасағанда ашқарынға жұмыс істеуге болмайды, яғни адам тамаққа тойып алуы қажет.Жалпы талап бойынша тамақтың құрамында крахмал мен желатин болмағаны дүрыс. Өйткені, олар дененің тітіркену қасиетін төмендетеді. Сондай-ақ, малдың майлары мен сары майды жеуге де болмайды. Себебі, майды сорып алуға икем келеді. Тұздалған тағамдарды да жеуге болмайды.Умен жұмыс жасағанда сүт (ағарғанның барлың түрін),ара балын, қантты, көкөніс пен жемістерді, өсімдік майларын пайдаланған дұрыс. Жалпы С және дәрумендерді қабылдауға болады. Адамның ағзасы уланғанда құсқысы келіп, басы айналады, тынысы тарылып, мүрнынан қан кетуі мүмкін, жүрек қан тамырлары әлсіреп, іші өтеді, есінен айырылады, ал кей жағдайда құлағы шулап,ауыз қуыстары, ішектері, қарны ауыруы мүмкін. Барлық жағдайда да оған дәрігерге дейінгі алғашқы көмек берілуі тиіс. Ең алдымен, денедегі уды кетіру керек және қалған уды зиянсыз ету қажет. Ол үшін әуелі уланған адамды таза жерге алып шығып, сырт киімін шешіндіру,көйлегінің тамақтағы ілгегін ағыту, белбауын босату керек.
Егер оның терісінде удың қалдығы болса, оны шүберекпен сүртіп, сумен жуу, ал көзін екі пайыздық ас содасының ерітіндісімен жуу қажет. Одан кейін адамды төсекке жатқызып, жылытып, тәтті шай немесе кофе ішкізу керек.
Ал, егер есі түгел болмаса, мүсәтір спиртін иіскету қажет. Егер тынысы тоқтап қалса, жасанды дем беру қажет. Егер у ішкі құрылысына түскен болса, онда асқазан ды жуу қажет. Ол үшін бірнеше стакан жылы су немесе марганец қышқылды калийдің әлсіз ерітіндісін ішкізіп,аузына қол тығып құстыру керек. Осылай 2-3 рет қайталайды, сосын карболен береді.Ал жүрек тоқтап қалғанда сырттан массаж жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет