4.1 1 . Малдарға күтім жасаудағы қауіпсіздік шаралары Мал өнімін арттыру, олардың ауруына жол бермеу мал шаруашылығы қызметкерлерінің басты міндеті. 0л үшін мал ауруының алдын алу, жұқпалы ауруларға қарсы шараларды жүризу, сондай-ақ малдың күтімі мен жемдеуді жақсарту қажет.
Бұл жұмыстарды жүргізу кәсіпорынның бас мал дәрігеріне және бас зооинженерге жүктеледі.
Айғырлар мен ұкүтіміне жасы 18-ге толмаған жасөспірімдер мен жүкті әйелдер жіберілмейді. Ал қалған малға күтім жасауға 16 жастан бастап, дәрігерлік байқаудан өткен адам кәсіподақтың келісімімен пайдаланылады.
Асау мал тұратын жерде «Ат тебеді, тістейді», «Сиыр сүзеді», т.с.с. кестелер ілініп қойылады.
Малға жылы сөйлеп, сипалап, жылы шыраймен қызмет көрсету керек. Малға күтім жасайтын адам оның әрқайсысының атын, жынысын, жасын, әдетін, мінезін және оған белгі салу әдісін білуі тиіс. Сиырдың басын байлайтын жіптің мықты болуы және ол мойнын тартып түрмайтындай ұзындау болуы шарт. Сүзеген сиырдың мүйізін мал дәрігердің айтуымен кесіп тастайды. Сиырды қолмен сауғанда оның құйрығын артқы аяғына байлаған жөн. Сауыншының орындығы мықты болуы керек.
Бұқалар өте қауіпті. Сондықтан олармен жұмыс істегенде ерекше қауіпсіздік талаптарын сақтау қажет. Ол адамдар арнайы оқытылып, аттестациялануы тиіс.
Бұқаларға күтім жасаушыларды аттестациядан
өткізудің журналының үлгісі
Рет саны
Күні
Аттестацияланушының аты-жөні
Жасы
Осы жұмыстағы өтілі
Білімінің бағасы
Комиссия төрағасының қолы
Аттестацияланушының қолы
Ескерту
Бұқалар тұратын жердің темір қоршауының биіктігі 1,5 метрден кем болмауы тиіс. Малды қолдан ұрықтандыратын жерлерде бұқалар бөлек жерде байлап қойылуы тиіс, бірақ арасы темір қада қоршаумен бөлінеді. Бұқаларды темір шынжырлармен екі жағынан байлайды. 6-8 айлық кезінде оларға сақина мұрындық салынады. Бірак мұрындыңтан байлауға тыйым салынады. Сақңинаны мүйізіне тартып байлап қояды. Далаға айдап шығарарда үзындығы 2 метр таяқ байлап жүргізеді. Бұл кезде бұқаның алдында адам тұрмауы тиіс. Сиырды бұқамен бірге айдап шығаруға болмайды.
Асау және тарпаң жылқыларды күтуге төжірибелі маман адамдар жіберіледі. Айғырлар бөлек орында қамалады. Қашырым кезінде айғырларға ауыздық салу керек, шылбырдың ұзындығы 5 метрден кем болмайды. Айғырды биемен бірге серуенге шығару қауіпті, оларды арнайы қоршауларда серуендетеді. Оларды жуып-тазарту, тұяқтарын тазарту, тағалау арнайы дайындығы бар адамға тапсырылады.
Үйірімен бағылатын жылқыларға арнайы жайылымдар дайындалады. Жылқышы атқа ер салып мінуі тиіс. Түнде немесе боранды күндері екі жылқышы бағады.
Жылқыларға зоотехниялық-малдөрігерлік шаралар арнайы орындарда жасалуы тиіс.
Жоғалған жылқыларды іздеуге жер жағдайын жақсы білетін адамдар жіберіледі, олар сумен, шырпымен,тамақпен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі тиіс.
Жұмыс көлігі ретінде пайдаланылатын жылқылар әр адамға жеке-жеке бекітіліп берілуі тиіс. Олар жұмыс алдында ер-тұрманды, арбаның доңғалағын, тіркемені тексеріп алуы қажет. Арбалардың арақашықтығы қара жерде - 1,5-2 м, ал мұз үстінде - 5 метр. Таулы жерлерде арбаға тежеуіш орнату қажет.
Көші-қон кезінде, әсіресе ірі қара малы көп жарақат алады. Сондықтан олардан дұрыс үйір жасақтау қажет. Мал әр үйірден жиналған болса, олар бірін-бірі сүзіп, ма-засызданады. Сондықтан оларды көшіргенде бір үйірден және нашарларын белек айдап, жасына, жынысына мән беру керек. Бір үйірде 150-ден артық мал болмағаны дұрыс.
Оларды көшіргенде күніге 15 км жер жүріп, әлсін-әлсін демалдырып отыру қажет. Көшемен жүргенде машинада немесе вагонда тасығанда арнайы қауіпсіздік ережелері сақталуы тиіс. Малды көшіруге жасы 18-ге толмағандар, емізулі баласы бар немесе жүкті өйелдер жіберілмейді.
Малды теміржолмен тасығанда вагондар арнайы жабдықталады жене 3-4 күн бүрын малға арнайы рационмен азық беріледі. Вагонға мал тиерде арнайы басқыштар пайдаланылады, жарық жеткілікті болуы тиіс. Вагонды алдын ала тазартып, дезинфекциялайды. Бір вагонға бір топтағы, бірдей малдар тиеледі. Олардың басын пойыздың жүру бағытына қарай байлап қояды.
Жүк машиналарының шанағының ернеуін 1 метр өсіреді. Қыстың күндері шанақтың астына құм немесе сабан төсем салып жұмсарту қажет. Оларға жолсерік
беріледі, бірақ ол малмен бірге отыруына болмайды, кабинада отырады.
Ауру малдарды тасығанда адам арнайы киіммен, қолғаппен қамтамасыз етіледі және оған қауіпсіздік талаптарының нұсқауы беріледі.
Малды тексергенде тыныштық жағдайда, дөрекі мінез көрсетпей қарау керек, жанына малдың иесін немесе көмекшілерді алу керек. Емдеушіге зақым келтірмеу үшін малдың артқы жағынан немесе тосыннан келуге болмайды. Малды тексерер алдында дыбыс шығарып, қорықпай жақындау керек.
Ауырған малға алдыңғы жағынан келіп, ол өзіне жақындаған адамды сезуі үшін сылап-сипап, дауыстап белгі беру керек.
Ірі қара мүйізімен сүзіп, артқы аяқтарымен тебуі ықтимал. Сондықтан оған бүйірінен немесе жанынан жақындау керек. Өгіздерді байлап бекітіп алғаннан кейін ғана тексереді. Ірі қараны арқанмен мүйізінен немесе мойынынан байлап, танау қысқыштарын пайдаланады. Тынышсыз малдарды мүйізі мен тұмсығынан ұстап түрады. Өгіздерді танау сақинасын салып, шынжырмен немесе арқанмен бекітеді.
Жылқыларға алдынан немесе жанынан міндетті түрде дауыс беріп жақындайды. Жылқылар артқы аяқтарымен теуіп, тістеуі мүмкін. Басын тексеруде бір қолмен жүгеннен немесе ноқтадан ұстау керек. Дененің артқы бөлігін зерттегенде жамбас бұлшық еттерін қолмен сипап, шапты сипалау керек.
Жылқыны құлагынан және жүгеннен ұстап бекітеді.Асау жылқыларға үстіңгі ерніне бұрау салады және оны, 10-15 минуттан артық ұстауға болмайды. Шешкеннен кейін уқалау керек. Алдыңғы аяқтарды тексерер кезде қауіпсіз болуы үшін алдыңғы аяқтарын арқанмен немесе бүғау белдікпен көтеріп қояды. Артқы аяқтың тұяғын тексергенде көмекші адам жылқының басын ұстайды, ал оператор жылқының денесінің артқы жағын сипап, содан соң екі қолмен аяқты тізеден артқа қарай' көтеріп ұстайды.
Түйеге алдыңғы аяқ тұсынан жанынан жаймен сипап жақындау керек. Түйелер басымен түйіп, артқы аяғымен теуіп, тістеуі мүмкін. Осындай қолайсыз жағдайлардан
аулақ болу үшін әуелі малдарды байлап, бекітіп алған жөн.
Түйелерді тыныштандыру үшін ерніне бұрау салып,танауын қысып ұстайды.
Қой, ешкілерді мойнынан, мүйізінен ұстап немесе жатқызып тексереді. Шошқаларды арнаулы қысқашпен немесе бұраулармен бекітеді.
Малмен жұмыс істегенде жеке бастың тазалығын сақтау қажет. Малды тексеру алдында да, соңында да қолды сабындап жуу керек. Жұмысты таза халат, орамал тартып істеу керек. Егер инфекциялық ауруларға күдік болса, онда кілегей қабықтарын тексеру, ыстығын өлшерде резеңке қолғаптарды пайдаланған жон. Тырнақ міндетті түрде алынуы керек.