4.12. Машиналардыжөндеу мен оларға техникалық қызмет көрсетудегі қауіпсіздік талаптары Тракторларға жене күрделі ауылшаруашылық машиналарға күтім жасау мен жөндеу жүргізу арнайы шеберханаларда, көтергіш құралдары бар қажетті аспаптармен, құралдармен жабдықталған орындарда атқарылуы тиіс. Стендтер, аспаптар, басқа да құралдар жарамды, қауіпсіз болуы қажет. Машиналардың жұмысшы мүшелерін ауыстырғанда олардың астына тіреу қойылуы тиіс.
Станоктарда жұмыс жасағанда төмендегідей ережелер сақталуы тиіс:
- станоктар жерге жақсы бекітілген болуы керек,
- станоктарды орналастырғанда олардың арасынан адам еркін өте алатындай болуы тиіс;
- жұмыс орны таза болып, металл қалдықтары шашылмауы тиіс;
- станоктың қайысты, шынжырлы берілістері қоршалуы қажет;
- станоктар металл жаңқаларының ұшуынан сақтайтын қорғану экрандарымен жабдықталуы тиіс;
- жұмыс алдында станоктың майы, суы, жерге тұйықталуы тексеріледі;
- айналып тұрған патронға қол тигізуге, тетікті өлшеуге болмайды;
- станокты жүргізуші бас киіммен, арнайы киіммен жұмыс жасауы тиіс;
- автомашиналарға техникалық қызмет жасап, жөндеу кезінде өр машинаның арасында 1,2 м ашық жол болуы, тұрған орындарында астын көретін шүқыр және
көтергіш құралдар болуы тиіс.
Автомобильдерді жөндеу алдында тазартып жуу керек. Қозғалтқыштың түтінін далаға шығару үшін құбырлармен жабдықталады.
Рессорларды, баллондарды ауыстырғанда машинаны көтеріп, тиянақты тіреуге қою керек. Самосвалдардың қорабын көтеріп, тіреуіш қою қажет. Жөндеуді бітіріп, машинаны жүргізер кезде оның астын және жан-жағын жақсылап қарап, адам яки басқа заттардың болмауын қадағалау қажет.
Металдарды пісіргенде одан зиянды газ, бу, сйуле энергиясы және майда шаң бөлініп шығады. Мүның бөрі адамға зиян. Сөндықтан пісірушілер қараңғы көзөйнекпен, дулығамен, брезент киіммен, қөлғаппен жұмыс істеуі тиіс. Пісіру жүмыстары жасалатын жер белек қоршалады жөне тартқыш-желдеткіш шатырлармен жабдықталады.
Пісіргіш агрегатты жерге тұйықтайды, ал кабельді ішінің окшаулағышы бүтін болуы тиіс. Құбырлардың, бактардың ішіне кіріп жұмыс істегенде пісіруші ток өткізбейтін кебіс пен төсеніш пайдаланады. Пісіруде цетилен баллонынан 5 метр, газогенератордан 10 метр жақынға от жағуға, шылым шегуге болмайды.
Қара майды бөшкелерде, цемент, гипс, әктерді жабық ыдыстарда сақтау керек.
Жұмыс істейтін барлық машиналар мен механизмдерді дыбысты сигналмен жабдықтау қажет.
Арналарды түрлі өсімдіктерден тазарту жұмысы көктемде, күзде атқарады. Арна тазартқыш машиналардың жанына адам жақын тұруға болмайды.