4.14. Қазандардың, су қыздырғыштардың және жылу генераторларының қауіпсіз пайдаланылуы Егер бу қазандарын, су қыздырғыш қондырғыларды жылу генераторларын дұрыс пайдаланбаса, оларды қопарылуы, жарылуы мүмкін.
Сондықтан қазандарда жұмыс істеуге жасы 18-ге толған, дәрігерлік байқаудан өткен, арнайы оқытылған адамдар жіберіледі жөне олар жыл сайын қайта аттестациядан өткізіліп тұрады. Олар арнайы киім, аяқ киім, қолғап, козәйнек пайдалануы тиіс. Бас киімсіз, жеңін түріп, яғни ілгектемей жұмыс істеуге тыйым салынады. Қазан газбен қыздырылатын жағдайда онда екі адам жұмыс жасайды.
Қазандықта тез жанатын заттарды сақтауға болмайды. Оның биіктігі 3,2 метрден кем болмауы, қабырғалары отқа төзімді материалдардан өрілуі және желдеткішпен қамтамасыз етілуі тиіс. Қазан қызып тұрғанда есікті ашып қояды және оған өзге адамдардың кіруіне рұқсат етілмейді.
Қазандарда манометр, судың деңгейін көрсеткіш,сақтандырғыш орнатылады; оны пайдаланудың талаптары бұлжытпай орындалуы тиіс.
Қазандьщтың меңгерушісі, от жағушы оператор қазанның дұрыс жұмыс жасауына жауапты және олар қазандьқ кітап пен смена ауысу журналын жүргізіп отыруға міндетті.
Егер қазанның қысымы 68 кПа (0,7 кг/см2)-дан жоғары жағдайда жұмыс істейтін болса, оған бақылауды котлонадзордың инспекторы жасайды.
Қазанның жұмысын төмендегідей жағдайда тоқтатады:
- қысым шамадан тыс жоғарылап кетсе;
- судың деңгейі төмендесе (айдағанға қарамастан);
- қосылған жерлерден су аққанда;
- бақылау қүралдары істен шыққанда.
Ал су қыздырғыштар мен жылу генераторларына жұмыс жасауға арнайы оқудан өткізілген, қауіпсіздік нұсқауын алған адамдар жіберіледі. Су қыздырғыштар жерге тұйықталуы тиіс.
Жылу генераторларын ауаны сырттан тарту үшін бөлек бөлмеге орнатады. Оны бақылаусыз қалдыруға болмайды.
4.15. Қысыммен жұмыс жасайтын ыдыстардың қауіпсіз пайдаланылуы Ауыл шаруашылығында сығылған ауа, оттегі, ацетилен, көмірқышқыл газы сияқты заттарды баллондарда сақтайды.
Сондай-ақ, сығылған ауаны компрессорлы қондырғылар арқылы да алады. Ал олар жарылуға икем болады. Оларды манометрмен, сақтандырғыш клапанымен жабдықтайды. Егер компрессордың өнімділігі минутына 15 м3-ден жоғары болса, оны бөлек бөлмеге қояды, қайыс пен шынжырларды қоршайды, қорабын жерге тұйықтайды.
Компрессорлы қондырғының жұмысшы температурасы 140-160 градустан аспауы керек.
Газ сақтайтын баллондардың жарылу себептері:
- баллонның қатты қызуынан;
- баллонның қатты затқа соқтығуынан;
- баллонның қабырғасын тот басуынан;
- газды тез шығарғанда пайда болатын статикалық зарядтың ұшқынынан;
- баллонның шұрасын ашу үшін кескішпен немесе балғамен ұрудан пайда болған ұшқынның өсерінен;
- шұраға май тамуынан (оттегі баллонында).
Баллондарды күннің сәулесінен брезентпен қорғайды. Оны жылу көзінен 1 м, ал ашық оттан 5 м қашықта ұстау керек. Балоннан газ шыға бастаса дереу сыртқа шығару қажет.