4.16. Газдың және зертханалық жабдықтардың
қауіпсіз пайдаланылуы
Қазір газ отын ретінде көп пайдаланылады. Ал оны дұрыс паіідаланбаса жалын шарпып, қопарылыс жасауы, ал газ өздігінше ағытылса адамды улауы мүмкін.Сондықтан газ қондырғыларының жарамды болуы - басты талап. Әдетте, үйде төмендегі қысымдағы (4,9 кПа -0,05 кг/см2) газ жолдары пайдаланылады.
Бөлмеде газдың исі шыңса үйге кірмеу керек, от жағуға, электр жарығын қосуға болмайды. Тез газды сөндіріп, бөлмені желдету керек. Газды жағарда өуелі сіріңке жағып, сосын газды ашу керек. Егер от шілтердің ішіне кетіп тұрса, оны тез сөндіріп, салқындағаннан кейін қайтадан жағу керек. Егер одан да болмаса, маман шақырту қажет.
Адам газбен уланғанда дәрігер шақырып, адамды таза ауаға шығару керек және оның ұйықтауына жол бермей қозғалтып түру қажет. Қажетті жағдайда мүсәтір спиртін иіскетіп, жасанды дем алдыру керек. Ол кезде оның денесін салқындатпай ысқылау, қыздыру қажет.
4.17. Тасымал көліктері мен жүк көтергіш
машиналарды пайдаланудағы еңбек қауіпсіздігі
Ауыл шаруашылығындағы тасымалданатын жүк қатты, сұйық, газ түрінде болады. Сондықтан әр түрлі жүкті тасымалдағанда қажетті тасымал көліктерін іріктеп, онда жұмыс жасайтындардың қауіпсіз еңбегін қамтамасыз ету қажет.
Мысалы, тіркеменің тежегіші дүрыс жүмыс істеуі тиіс. Әйтпесе апатқа ұшырауы ықтимал. Ал төмен түсерде тіркеменің доңгелегіне тежегіш башмактар кигізіп қойған дұрыс. Жүктің дұрыс тиеліп, түсірілуіне көліктің жүргізушісі жауапты. Сондықтан улы заттарды, қопарылғыш заттарды тиеп-түсіретін болса, жүргізуші арнайы нұсқаудан өткізіледі. Жүкті тиеп-түсіру жұмыстары барынша жарақтандырылуы тиіс. Жүк көтеру мөлшері: ересек ер адамдар үшін - 50 кг, әйелдерге - 20 кг, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге - 16 кг, ал осы жастағы қыздарға - 10 кг.
Егер машинаға ауыр заттар тиелетін болса, оған жүргізушіні қатыстыруға болмайды, өйткені ол шаршамауы тиіс. Жүкті көтергіш механизмдермен тиегенде жүргізуші кабинадан шығып тұруы қажет. Шыны ыдыстарға құйылған заттар жәшікке, себетке, ағаштан жасалған торларға салынып тиеледі. Иісі бар заттарды брезентпен жауып қояды. Олар қозғалмауы үшін арқанмен байлап қойған дұрыс. Тиелген жүк көліктің жүруіне кедергі жасамайтындай болуы керек. Жәшіктерді, бөшкелерді, шөпті тиегенде белгіленген мөлшерге дейін тиелуі тиіс. Мысалы, биіктігі 3,8 метрден, ені 2,5 метрден асырылмауы тиіс. Ал артына 2 метрден артық шығарылмайды. Егер тиелген зат шанақтың ернеуінен 1 метрден артық шығарылса, оның шеті күндіз жалаушамен, ал түнде жарықпен белгіленуі тиіс.
Машинаны сүйрегенде тіркеменің ұзындығы 4 метр етіп алынады және оның дарулінде жүргізуші отыруы тиіс.
Адамдарды тасу тек қана автобустармен, жеңіл машиналармен немесе
жабдықталған жүк машиналарымен атқарылады. Жүк машиналарына орнатылған орындақтары кем дегенде шанақтың ернеуінен 150 мм төмен орналастырылады. Машина от сөндіргішпен қамтамасыз етіледі. Адам тасуға жабдықталған машиналарды жүргіз кемінде үш жылдық өтілі бар жүргізушілерге рұқсат етіледі. Олардың жүру жылдамдығы сағатына 60 км-ден аспауы тиіс.
Машина орнынан қозғалар алдында жүргізуші үстіндегі адамдарға міну,
түсу ережелерін және жүру кезінде қалай өздерін ұстауы қажет екендігін түсіндіреді. Машинаның шанағына және оның ернеуіне отыруға болмайды. Балаларды тасығанда «Балалар» деп жазып қояды. Аяқ жол жоқ жерлерде, жаяу адамдар жолдың сол жағымен, яғни машинаға қарсы бағытта жүруі тиіс.
Жүк көтергіш және түсіргіш механизмдер мен машиналарда жұмыс жасауға
жасы 17-ге толған, арнайы оқыған және аттестаңиядан өткен адамдар жіберіледі. Ал машина мен механизмдердің өзі алдын ала тексеруден өткізіледі. I Крандарды электр желілері тартылған жерде пайдланбайды. Жүктің астында адам тұрмауы тиіс, ал трос ілетіндер, басқа да жұмысшылар жұмыс жөнінде нұсқау алады. Жүк тиегенде жүргізуші кабинадан түседі, ал шанақта адам болмауы тиіс. Кран айдайтын әйелдер бас киім мен шалбар киюі тиіс. Кранның жарақтылығына бақылауды Мемэнергонадзор, Мемгортехнадзор инспекторлары жасайды.
Олар:
- кранды есепке алады, құжаттарын тексеріп, оның жарамдылығын анықтайды;
- кранды жұмысқа қосуға рұқсат береді;
- жыл сайын кранның жарамдылығын тексеріп, бақылау жасайды және онда қызмет жасайтын адамдарды оқытады;
- жаңа крандардың дайындалуын бақылайды;
- апат пен қайғылы жағдайларды зерттеуге қатысады және оның алдын алудың шараларын жасайды.
1. Қауіпсіздік техникасының міндеті не?
2. Жарақаттанудың себептері қандай топтарға бөлінеді?
3. Өндіріс мәдениетін арттыру қандай жүмыстарды қамтиды?
4. Еңбек қауіпсіздігіне әсер ететін психикалық-физиологиялық факторларды атаңыз?
5. Қауіпті аймақтарға қандай өндірістік орындар жатады?
6. Электр тогы адам ағзасына қалай әсер етеді?
7. Электр қондырғыларын жерге тұйықтаудың қандай пайдасы бар?
8. Қауіпсіздік белгілері қандай топтарға бөлінеді?
9. Станоктарда жұмыс жасағанда қандай қауіпсіздік ережелері сақталуы тиіс?
10. Пісіргіш аппараттарды пайдаланғанда қандай қауіпсіздік ережелері қамтылуы тиіс?
Реті
|
Сұрақтар
|
Жауаптар
|
1
|
Тракторларды және басқа өздігінен жүретін машиналарды жүргізуге неше жастан бастап рұқсат етіледі?
|
А. 16 жастан;
B. 17 жастан;
C. 18 жастан.
|
2
|
Күші қандай ток адамға кауіпсіз деп есептеледі?
|
А. 0,01 А;
B. 0 ,0 2А;
C. 0 ,1 А.
|
3
|
Еңбек қауіпсіздігінің тыйым салу белгілері қандай түсті бояумен белгіленеді?
|
A. Қызыл түсті;
B. Сары түсті;
C. Жасыл түсті.
|
4
|
Машина шамдары қашық жарықты қосқанда қанша жерге дейін анық жарық беруі тиіс?
|
A. 30 метр;
B. 100 метр;
C. 150 метр.
|
5
|
Адам таситын машиналардың жүру жылдамдығы сағатына неше километрден аспауы тиіс?
|
A. 40 км/сағ;
B. 60 км/сағ;
C. 80 км/сағ.
|
Машина-трактор агрегаттарын қауіпсіз пайдалануды 8-тараудағы үлгіге сәйкес орындаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |