Зертханалық ЖӨне тәжірибелік жұмыстар мазмұны


Электр тогына түскен адамға дәрігерге дейінгі алғашқы көмек



бет63/74
Дата11.12.2022
өлшемі4,68 Mb.
#56433
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   74
Байланысты:
АГРО -ДЭРИСТЕРАул ЕК 1-7 Жаданов у

7.2. Электр тогына түскен адамға дәрігерге дейінгі алғашқы көмек

Токқа түскен адамды, ең алдымен, ажыратуға тырысу қажет. Ол үшін токты ажырату керек. Оған мүмкіндік болмаса құрғақ шүберекпен қолды қалың байлап адамды ажыратады. Тіпті токқа түскен адамның киімі қүрғақ болса, оның денесіне тимей тұрған жерлерінен, мысалы, жағасынан, етегінен тартып ажыратады.


Егер адам электр сымының біреуін қолымен қысып қалған болса, оны сымнан ажыратудың орнына жерден ажыратқан дұрыс. Ол үшін астына құрғақ тақтай тығып немесе құрғақ арқанмен аяғынан тартып босатады. Сол кезде адам сымды өздігінен жібереді.
Кейде токты сымды балтамен шабу арқылы ажыратуға болады. Ол кезде балтаның сабы құрғақ болуы керек және сымды біртіндеп, шабу қажет. Сымды үзуге қысқыштар мен тістеуіктерді де пайдаланады. Егер олардың тұтқалары оқшауланбаған болса, онда оған жібек шүберек немесе полиэтилен қалталарын орауға болады.
Егер үзілген сым жерде жатса немесе жерге тұйықталған темірге тиіп жатса оған жақындау қауіпті. Сондықтан ондай жерге тек қана ток өткізбейтін құрғақ кебістер киіп немесе құрғақ тақтай, таяқ пайдалану қажет. Таяқты да өзінің құрғақ киімімен ұстайды.
Егер токқа түскен адам есінен танып жатса, бірақ тынысы, тамырларының соғуы тоқтамаса, оның ілгектері мен белдігін ағытып, мүсәтір спиртін иіекету қажет. Мүсәтір болмаған жағдайда аршылған жуаға сірке суын тамызып иіскетуге болады. Бетіне су бүркуге болады, бірақ басына салқын зат басуға болмайды.
Осыдан кейін адам өз қалпына келсе, оған 15-20 тамшы стақанның - құйылған суға тамызып, валериан тұнбасын және ыстық шай ішкізу керек. Оларға көп қозғалуға немесе жүмысқа кірісіп кетуіне жол бермеу қажет.
Егер токка түскен адам тыныс алмай есінен танып жатса, оған жасанды дем беру қажет және бұл жұмыс тез атқарылуы тиіс. Егер көйлектің түймесін ағытып демалысты бастауға дейін 5 минуттан артық уақыт кетсе, ол адам өліп кетуі ықтимал. Оның аузын ашып, үрлеу қажет.
Адамның аузына үрлеу әрбір 5 секунд сайын, яғни минутына 12 рет жасалады. Ауаның шығуы өздігінше болып жатады және оның кеудесінен басып көмектесу қажет.
Егер жәбірленушінің көзінің қарашығы ұлғайып, тынысы тоқтаса, оның жүрегінің де жұмысы бұзылғаны.Демек, жүректі де сылап, уқалау қажет. Ол жиі-жиі секундына 1 реттен кем болмауы қажет.
Токқа түскен адамды жерге көму дұрыс емес. Егер адам токтан күйік алса, күйген жерді қолмен ұстауға немесе май жағуға болмайды. Ол кезде дәрігер шақыру қажет. Киімді шешу үшін оны қайшымен кескен дұрыс. Күйген адамға бір стакан суға бір шай қасық ас содасын салып немесе минералды су берген дұрыс.
Егер суға батқан адам су жұтпаған болса, оның терісі аппақ болып тұрады. Демек, ол адам суды әдепкі жұтқанда-ақ дыбыс түтігі қысылып, жүйкесі мен жүрегі тоқтаған деген сөз. Бұл кезде жағы да қарысып ашылмайды. Бірақ аузында көбік болмайды. Ол кезде адамнан су ағызамын деп уақыт алудың қажеті жоқ. Одан да жасанды дем беріп, аузынан немесе мұрнынан үрлеу және жүректі уқалау қажет.
Егер суға батқан адам су жұтқан болса, ол өкпеге және қанға сіңе бастайды. Оның терісі көгеріп, тамырлары іседі, аузынан көбік шығады. Оларға тез жәрдем беру қажет. Ол үшін әуелі тыныс жолынан суды ағызу, аузының көбігін тазарту қажет.
Адамның денесі үсігенде үсікті жылы сумен 20-30 минут қыздырады, егер салқын далада болса денесін ысқылайды. Дене қызарған кезде аши бастайды. Сондықтан оны құрғақ сүртіп, спиртпен немесе әтірмен (одеколон) сүртіп таңып тастау керек және ол жерді жоғары көтеріп байлаған дұрыс. Қатты үсіген кезде көпіршік (пузырь) пайда болуы мүмкін. Оларды аршуға болмайды, өзі 10-12 күнде құрғайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет