6.8. Еңбек қорғауға оқыту және оны насихаттау Еңбек қорғауға оқыту екі түрде жүргізіледі: нұсқау беру және курстық оқыту.
Еңбек қорғауға нұсқау беру жүмыстарына:
- кіріспе нұсқауын беру;
- жұмыс орнындағы нұсқау беру;
- мерзімді нұсқау жүргізу;
- қосымша нұсқаулар беру жатады.
1. Кіріспе нұсқауды жүмысшы жүмысңа жаңадан орналасарда ер саланың бас маманы жүргізеді. Онда жұмысқа жаңадан қабылданатын адамды еңбек қорғаудың төмендегідей мөселелерімен таныстырады:
- шаруашылықтағы ішкі төртіп ережелерімен (жұмыс уақыты, демалыс уақыты, қауіпсіздік техникасының жалпы ережелері, т.с.с.);
- еңбек қорғаудың мөлшерлерін, ережелері мен нүсқауларды орындаудағы жүмысшының міндеттерімен;
- еңбек заңдылықтарымен;
- өндірістік жарақаттанудың себептерімен;
- шаруашылықтың аумағында жүрудің тәртіптерімен;
- өндірісте және тұрмыста сақталуға тиісті электр қауіпсіздігімен;
- тасымал көліктерімен жұмыс жасағанда қауіпсіздік талаптарымен;
- машиналар мен механизмдерге күтім жасаудың жалпы ережелерімен;
- малдармен, құстармен, т.с.с. орындарда (объект) жұмыс жасаудың ережелерімен;
- арнайы киімдер мен қорғану құралдарын беруді тәртібімен;
- өртті болдырмаудың шараларымен;
- жәбірленушіге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетудің жолдарымен.
Жұмысшының кіріспе нұскау алғандыгы жөнінде №1 нысанды карточкаға белгі жасалады және ол оның жеке іс-құжатына тігіліп қойылады. Бұл карточка болмаса мекеменің басшысы жұмысшыны жұмысқа қабылдау жөніндегі бұйрыққа қол қоймауы тиіс.
2. Жұмыс орнындағы нұсқауды жұмысшы жұмысқа қабылданғаннан кейін немесе жұмыс орнын ауыстырғанда, жұмыс жағдайы мен технологиясы өзгергенде,жаңа техниканы енгізгенде бөлім басшылары мен мамандары жүргізеді. Оған қоса, жұмыс орнының қауіпсіздігі жайлы ереже жұмысшының қолына жазылып берілуі тиіс. Бұл нұсқауды (инструктаж) алғандығы арнайы журналға жазылып, екі жағы да қол қояды.
3. Мерзімді нұсқауды көктемде егін егу алдында, күзде егін жинаудың алдында, мал шаруашылығында, шеберханада алты ай сайын бас мамандар мен өндіріс бригадирлері бірлесіп жүргізеді.
4. Қосымша нұсқауды мекемеде яки белімшеде кездейсоқ оқиға болған жағдайда шұғыл жүргізеді. Онда барлық жұмысшыларды жинайды.Курстық оқыту барлық санаттағы жұмысшы-қызметкерлермен өткізіледі. Жұмысшылар шаруашылықтың өзінде, ал басшылар мен мамандар ауылшаруашылық басқармаларында өтеді. Оны тыңдағандарға куәлік беріледі, оқу, негізінен, жұмыс басында жүргізіледі.