Зертханалық ЖӨне тәжірибелік жұмыстар мазмұны


Еңбек қорғау жұмыстарына ынталандыру



бет60/74
Дата11.12.2022
өлшемі4,68 Mb.
#56433
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   74
Байланысты:
АГРО -ДЭРИСТЕРАул ЕК 1-7 Жаданов у

6.6. Еңбек қорғау жұмыстарына ынталандыру
Шаралары

Еңбекшілерді еңбек қорғау шараларын жетілдіргені үшін моральдық және материалдық ынталандырудың еңбек жағдайын одан әрі жақсартуға, өндірісте жарақаттану мен науқастануды болдырмауға, соның негізінде өндірістің тиімділігін арттыруға үлкен маңызы бар.


Моральдық ынталандыруға: алғыс жариялау, құрмет тақтасына суретін ілу, мақтау қағазымен мадақтау, ауыспалы тулар, қүрмет белгілерін тапсыру, «Еңбек қауіпсіздігінің озат үжымы», «Кәсібінің шебері» деген құрметті атақтарды беру жатады. Материалдық ынталандыруға: ақшалай сыйлықтар, заттай сыйлықтар жатады. Ол қаржы-жалақы қоры мен материалдық мадақтау қорынан алынады. Еңбек қорғау жүмыстары бойынша ынталандыру шараларына мөлшерлік коэффициенттердің орындалуы,жарақаттанудың жиілігі мен ауырлық көрсеткіші, еңбек қауіпсіздігінің коэффициенті сияқты негізгі көрсеткіштердің орындалуы есептеледі.
Мекемеде еңбек қорғаудың жайы базалық коэффициентпен бағаланады.


(10)
мұндағы Кп.б - өндірістік қауіпсіздік коэффициенті, яғни еңбекшінің еңбек қорғау ережелері мен мөлшерін (норма) орындауы. Ол қауіпсіздік талаптарын толық орындап жүрген адамдардың санын жалпы жұмыс жасайтын адамдардың санына бөлгенге тең; Кт.б техникалық қауіпсіздік коэффициенті, ол қауіпсіздік талаптарын толық қанағаттандыратын машиналар мен механизмдердің санын мекемедегі жалпы машиналар мен механизмдердің санына бөлгенге тең; Кид – инженер-техник қызметкерлердің орындаушылық тәртібінің коэффициенті. Ол еңбек қорғаудың бір ай немесе бір тоқсан ішінде орындалған шараларының санын жалпы жоспарланған шаралардың санына бөлгенге тең.
Ал еңбек қорғаудың ережелері мен мөлшерін бүзған жұмысшыларға тәртіпке шақыру шаралары және қоғамдық ықпал ету жүмыстары жүргізіледі.
6.7. Еңбек қорғау жұмыстарындағы озат
тәжірибелер
Агроөнеркәсіптік кәсіпорындардағы еңбек қорғау тәжірибелерін жинақтай келіп, еңбек жағдайын жақсарту мен еңбекшілердің денсаулығын сақтау үшін төмендегідей шаралар іске асырылуы тиіс деген тұжырымға келуге болады:
- машиналардың қүрылымдарын қауіпсіздік стандарттарының талаптарына сай жетілдіру қажет;
- ауыл шаруашылығы техникаларын пайдалануда,күтім жасағанда және жөндегенде сақталуға тиісті қауіпсіздік ережелерін ғылыми негізде жетілдіру қажет;
- шудан, дірілден, шаңнан және газдан қорғайтын тиімді құрал-жабдықтар жасап шығару қажет;
- өндірістік жарақаттанудың алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыру қажет (оқыту, нұсқау беру,т.с.с.);
- өндірісте әлеуметтік жағдайды жақсарту қажет.
Еңбек жағдайын жақсарту мақсатында агроөнеркәсіптік кәсіпорындардың өздерінде жасалып, өндіріске енгізіліп жатқан жаңалықтар, төжірибелер көңіл аударарлықтай. Мысалы: Қорған облысы механизаторлары ұсынған - жазғы сауын лагерьлерінде пайдаланылатын вакуум сорғылардың шуылын басу үшін жасаған шу жұтқыш қондырғылар, еңбек қорғау ғылыми зерттеу институты жасаған діріл өлшегіштер мен діріл басқыш қондырғылар, шаң мен газдан сақтану үшін жасалған қйынды желдеткіштер, көпшілік кәсіпорындарда тиімді ұйымдастырылған оқулар еңбек қорғау саласындағы озат тәжірибелер болып саналады.
Сондай-ақ, жеке қорғану құралдарының жаңа үлгілерін жасап жатқан шетелдік фирмалардың тәжірибелері де еңбек жағдайын жақсартуға игі ықпал етеді. Мысалы, Финляндияның «Нокия» фирмасы шығаратын жеңіл әрі түрлі химиялық заттардың әсеріне төзімді аяқ киімі, Италияның «Альма» фирмасы шығаратын ылғал жұтқыш теріден жасалған аяң киім, АҚШ, Англия, Францияда шығатын аяқты түрлі жарақаттанудан саңтайтын пластмасса қалқандарды (щиттер) біздің ауыл шаруашылығы
өндірісінде тиімді пайдалануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет