6.5. Еңбек қорғауды жоспарлау, қаржыландыру және оның есебін беру Еңбек қорғау жүмыстарын жоспарлаудың үш жолы бар. Олар: болашақтық (перспективалық) жоспар, яғни бесжылдық жоспар, ағымдағы жоспар, яғни жылдық
жоспар, шүғыл істің (оперативный) жоспары (тоқсанға, айға, он күнге жасалады).
Бүл жоспарларды қүрғанда мекеменің өкімшілігі көсіподақ үйымымен келісе отырып, еңбек қорғаудың заңдылықтары мен еңбек қорғау саласындағы нүсқауларды, ережелерді жөне мөлшерлерді (норма) басшылыққа алады. Ал ондай нүсқаулар жоқ жүмыстарды қосымша атқару қажет болғанда мекеме екімшілігі кәсіподақ үйымымен келісе отырып, оны орындаудың шараларын жасауына қүқылы.
Еңбек қорғау шараларын жоспарлағанда шаруашылықта болған өндірістік жарақаттану мен кесіби науқастанудың материалдары зерттеліп, барлық учаскедегі жұмысшы-қызметкерлермен өңгіме өткізілуі тиіс. Еңбек жағдайын жақсартудың болашақтық және ағымдағы жоспарларынасағанда, сондай-ақ еңбек қорғау шараларының номенклатурасы есепке алынуы тиіс.
Еңбек қорғау шараларының номенклатурасы үш бөлімнен түрады. Олар:
1) қайғылы оқиғалардың алдын алу шаралары (құрал-жабдықтарды қауіпсіз етіп жетілдіру, қосымша қорғану қүралдарын орнату, еңбек қауіпсіздігін бақылауға арналған қүралдарды алдыру, ауыр қол жүмыстарын жарақтандыру, т.с.с. қауіпті аймақтарда еңбек жағдайын жақсарту жүмыстары);
2) өндірісте науқасқа шалдығудың алдын алу шаралары (жүмыс орнының микроклиматын, мөлшерге сәйкес жарықтылықты, шуды, дірілді, жылуды қамтамасыз етудің жолдары, мекемеде санитарлық-гигиеналық бөлменің жабдықталуы, жалпы зиянды жүмыс орындарында денсаулық сақтаудың шаралары);
3) жалпы еңбек жағдайын жаңсартудың шаралары (еңбек қорғаудың іс бөлмесін, бүрышын, көрмелерін ұйымдастыру, қауіпсіздік техникасының үгіт-насихат жұмыстары мен курстық оқуын үйымдастыру, еңбек қорғау жайлы кинофильмдер көрсету, т.с.с. жүмыстар).
Кәсіпорындарда әлеуметтік мәселелер мен еңбек қорғаудың келісімшарттары жасалады. Ол еңбек қорғаудың бір жылдық жоспары болыпсептеледі. Ол шартта атқарылатын жұмыстардың мазмүны, орындалу мерзімі, оған бөлінетін қаржының мөлшері жөне орындауға жауапты адамдар көрсетіледі.
Оған қоса шаруашылықта өртке қарсы шаралардың жоспары жасалуы тиіс. Онда: су қүбырларын, су жолдарын жасау, отқа жанғыш материалдарды алмастыру, өрт сөндіретін қүралдар мен техникаларды алу сияқты жұмыстар жоспарланады.
Кәсіпорындарда еңбек қорғаудың номенклатуралық шараларын қаржыландыру өндірістік қаржы жоспарында қаралған қаражаттардың есебінен жүргізіледі. Ал еңбек қорғаудың басқа шығындары шаруашылыққа жұмсалатын ақшалай табыстан жүргізіледі.
Еңбек қорғау шараларына бөлінген қаржы басқа жұмыстарға жұмсалмауы тиіс.
Шаруашылықтың қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженері бухгалтерлік есептерге сүйене отырып, жылына екі рет еңбек қорғау жүмыстарына бөлінген қаржының игерілуі жайлы есеп жасап, статистикалық басқармаға тапсырып отырады. Сондай-ақ, шаруашылықтың басшысы мен кәсіподақ ұйымы жыл аяғында №21-Т нысанды еңбек қорғаудың кешенді жоспарының орындалуы жайлы есеп жасап, жоғарғы органдарға тапсырады.