Зертханалық ЖӨне тәжірибелік жұмыстар мазмұны


Өндіріс мәдениетін арттыру жұмыстары



бет35/74
Дата11.12.2022
өлшемі4,68 Mb.
#56433
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   74
Байланысты:
АГРО -ДЭРИСТЕРАул ЕК 1-7 Жаданов у

4.2. Өндіріс мәдениетін арттыру жұмыстары

Өндірісті жетілдіру, оның өсуінің жоғары дәрежесіне жету үшін жұмысты екі бағытта жүргізу арқылы іске асырылады.


1. Өндірістің ұйымдастыру және техникалық деңгейін арттыру арқылы, яғни өндірістің техникалық мәдениетін жетілдіру арқылы;
2. Еңбек жағдайын жақсарту арқылы, яғни еңбек мәдениетін көтеру арқылы.
4.3. Еңбек қауіпсіздігіне әсер ететін
психикалық-физиологиялық факторлар

Адамның бойында қоршаған ортаның жағымсыз және қауіпті жағдайларынан сақтандыратын орталық жүйке жүйелерімен байланысқан сезім мүшелері жұмысы


істейді. Мысалы, тері арқылы адам жылу мен салқынды ажыратады, көз арқылы дененің түрін, көлемін, қозғалуын ажыратады, құлақ арқылы дыбысты ажыратады мұрынмен иісті байқайды, т.с.с. Алайда, бүл мүшелерді қызметі әр адамда әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан жұмысқа орналасар кезінде және жұмыс істеп жүргенде де ауық-ауық дәрігерлік байқаудан өткізіледі. Мұның өзі еңбек қауіпсіздігін сақтаудың алғышарты болып табылады.
Сонымен, еңбек қауіпсіздігіне әсер ететін психикалық-физиологиялық факторлар төмендегідей: сезу қабылдау, назар аудару, есте сақтау, ойлау, әсерлену жұмысқа қабілеттілік, шаршағыштық.
Сезіну, сезу - қоршаған ортадағы құбылыстарды кейбір қасиеттерінің адамның үғымына әсері. Егер адамның бір мүшесі кенет қатты ауырса немесе бір затта қатты дыбыс шықса, тіпті жарық бірден кенет жарқ етіп қалса адамда қорғану реакциясы пайда болады. Мысалы, машинаның моторындағы дыбыс, әйтпесе машинаның қыратты жерде қисаюы, т.с.с. құбылыстар адамның сезіміне әсер етпей қоймайды. Әрине, сезу адамның сезім мүшелерінің жұмысына, оның сол жұмысты сапалы және дер кезінде орындауға деген ынтасына байланысты.
Қабылдау, үғыну - адамның ұғымына қоршаған ортаның жеке қасиеттерінің емес, түгелдей, толық әсері,яғни ол иллюзия (қиялдану, үміттену).
Иллюзия (қиялдану) дегеніміз - құбылысты, затты,оның арақашықтығын өзгеше ұғыну. Мысалы, қатты айналып түрған бөлшектер бір қарағанда тоқтап тұрған сияқты болып көрінеді. Ол қайғылы оқиғаға душар етуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет