Зертханалық ЖӨне тәжірибелік жұмыстар мазмұны


Өндірістік шу, діріл және олардың



бет30/74
Дата11.12.2022
өлшемі4,68 Mb.
#56433
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   74
Байланысты:
АГРО -ДЭРИСТЕРАул ЕК 1-7 Жаданов у

3.5. Өндірістік шу, діріл және олардың
көрсеткіштерін тұрақтандыру

Шу дегеніміз - адамға жағымсыз әсер ететін кез келген дыбыс. Адамның дыбысты қабылдауы оның жиілігіне, екпініне және қысымына байланысты. Дыбысты қысымы деп оның атмосфералық қысымнан жоғары айырмашылығын айтамыз.


Дыбыстың қысымы паскальмен (Па) өлшенеді.Дыбыстың екпіні деп дыбыс толқыны арқылы белгілі бір ауданнан белгілі бір уақытта өткен энергияны айтамыз. Ол Вт/м2-пен өлшенеді.
Дыбыстың жиілігі дегеніміз - оның бір секундтағы толқуының саны. Ол герцпен (гц) өлшенеді. Дыбысты 1 секундтағы 1 толқуы 1 герцке тең.
Адамның жай сөйлескендегі дыбысының орташа деңгейі 40 децибелл болып есептеледі.
Өндірісте шудың шектелген мөлшері белгіленген. Ол жиілігі төмен шулар - 40-100 дб, жиілігі орташа шу 85-90 дб, жиілігі жоғары шу 75-85 дб-ге дейін адамға зиянсыз.
Шудың деңгейін шу өлшегішпен (шумомер) өлшейді.Ойлау арқылы (оқу, жазу) жұмыс істелетін бөлмелердегі шудың мөлшері барлық жиілікте 60 дб-дан аспауы керек.
Станоктарда шудың мөлшері 80-100 дб, пневмопрестерде - 120 дб, реактивті двигательдерде 140-тан жоғары болады.
Жалпы шудан қорғану үшін құлаққа киетін наушниктер пайдаланылады. Мысалы, механизаторлар мен жөндеушілерге берілетін ВЦНИИОТ-1 наушнигі жоғары жиіліктегі 110-120 дб шудан қорғай алады.
Ультрадыбыс деп жиілігі 20 кгц-тен жоғары дыбыстарды айтамыз. Дыбыстың жиілігінің нормасы 10 кгц-тен аспауы керек. Ал жиілігі 10 кгц-тен 20 кгц-ке дейінгі дыбыстар инфрадыбыс деп аталады. Бұлардың қай-қайсысы да құлаққа, жүйке жүйелеріне кері әсер етеді,адамды шаршатады, еңбек өнімділігін төмендетеді.
Бұл жағдайларда өндірісті барынша автоматтандырып, оны дистанциядан, яғни қашықтан басқарған жөн.Оған қоса дыбысты азайтатын шараларды және дыбыстан қорғанатын құралдарды пайдалану қажет.
Мәселен, шулы заттарды (құралдарды) бөлек бөлмеге орналастыру, технологиялық үдерістерді езгерту немесе құралды жаңа құрылымымен алмастыру; бөлмеге түрлі шу тұншықтырғыштарды орнату; машиналар мен механизмдерді жарамды күйде ұстау - осының барлығы шудың деңгейін тұрақтандырудың амалдары.
Діріл дегеніміз - машинаның немесе оның кез келген бөлшектерінің, сондай-ақ олар орналасқан жердің серіппелі толқуы.
Дірілдің екпіні оның амплитудасы мен жиілігіне байланысты.

3-кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет