Зертханалық ЖӨне тәжірибелік жұмыстар мазмұны



бет47/74
Дата11.12.2022
өлшемі4,68 Mb.
#56433
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   74
Байланысты:
АГРО -ДЭРИСТЕРАул ЕК 1-7 Жаданов у

5-ТАРАУ
ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ
5.1. Өрт қауіпсіздігінің сипаттамасы.
Өрттің алдын алу жүйелері

Ауыл шаруашылығында ағаш отын, шөп, егін, орман, түрлі жанар-жағармай сияқты жанғыш заттар көптеп пайдаланылады. Сондықтан ауылшаруашылық өндірісі өртке қауіпті болып есептеледі.


Өрттің шығу себептері қандай?
- тыйым салынған жерде от жағып, шылым шегуден;
- электр желілері мен қондырғыларының ақауларынан;
- электр жүйелерінің нормадан артық күш түсіп, сымдардың, қондырғылардың қатты қызуынан;
- тез жанатын сүйықтарды дұрыс сақтау мен пайдаланудың ережелерін бұзудан;
- жылу жүйелерін, пештерді дұрыс пайдаланбаудан;
- тракторларды, комбайндарды өртке қауіпті жерлерде пайдаланудан;
- адамдардың жауапсыздығынан, ұмытшақтығынан, жеңіл мінезділігінен;
- найзағайдан, кейде өздігінен жануы мүмкін.
Жану дегеніміз - жанатын заттың оттегімен, жылу және жарық шығаратын химиялық реакциясы.
Егер ауаның құрамында 0,7% -ға дейін бензиннің буы болса, ондай қоспа жанбайды. 0,7-ден 5 ,0 3% -ға дейін бензиннің буы болса, ол қопарылыс жасайды. Ал 5,03% -дан жоғары болғанда кәдімгідей жалындап жанады.
Сондай-ақ, ауаның құрамындағы оттегі 14-16%-ға дейін азайғанда жану тоқтайды, ал оттегі 8-1 0% -ға түскенде шоқ сөнеді. Кейбір заттар күннің ыстығынан, әйтпесе өзінің ішкі үдерістерінің әсерінен өздігінен от алуы (жануы) мүмкін. Олар: шымтезек (торф), көмір, түрлі майлар, майланған шүберектер, т.с.с. Керосиннің өздігінен жану температурасы - 380-425°, басқа жанармайларда 300-700' аралығында, қатты отындарда - 150-700 °С, газдың жану температурасы - 200-600 °С.
Өндірісте пайдаланылатын заттарды олардың жану қабілетіне қарай үш топқа бөлуге болады: жанатын заттар, жанбайтын заттар және жануы қиын заттар. Құрылыстың салынған материалына байланысты оның отқа төзімділігі де әр түрлі болады. Құрылыстарды отқа төзімділігіне қарай бес топқа бөледі:
I және II тобы - отқа жанбайтын материалдардан жасалған құрылыстар.
III тобы - отқа жанбайтын материалдан жасалады. Бірақ плиталардың, қабырғалардың, төбенің арасын қосқан жері қиын жанатын материалдардан жасалады.
IV тобы - қабырғалары қиын жанатын материалдардан, ал арасын қосқан жерлері жанғыш материалдардан жасалады.
V тобы - толығынан отқа жанатын материалдардан жасалған үйлер.
Өндірісте құрылыстарды оның ішінде және сыртында атқарылатын жұмыстардың өртке қауіптілігіне қарай таңдайды. Құрылыс салғандағы өрт қауіпсіздігінің басты талабы
үйлер мен ғимараттардың салынатын материалдарының отқа төзімділігіне қарай арақашықтығын сақтау болып табылады. Санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес өндірістік ғимараттардың, мал қораларының, құс әсіретін объектілердің өртке қарсы арақашықтықтары: отқа төзімділігі III дәрежедегі үйлер үшін - 12 м; III және IV дәрежедегі үйлер үшін - 15 м; IV және V дәрежедегі үйлер үшін 18 м болуы тиіс. Шөп, сабан жиналған ашық қоймадан отқа төзімділігі III дәрежедегі үйлердің қашықтығы 39 м, IV және V дәрежедегі үйлерден қашықтығы 48 м орналастырылады. Сұйық жанармай сақтайтын ыдыстардан отқа төзімділігі III дәрежелі құрылыстар кем дегенде 12-20 м, IV және V дәрежедегі құрылыстар 15-25 м ауруханалар, мектептер, мәдениет үйлері 25-50 м қашықтыққа орналастырылуы тиіс. 5000 адамға дейін тұрғындары бар елді мекенде сыйымдылығы 50 м3 суат, 10000 адамға дейін болса сыйымдылығы 100 м3 суат жасалып қойылуы тиіс. Ауылшаруашылық машиналарды сақтайтын сарайлар мен ықтырмалар, гараждар, шеберханалар және техникалық қызмет көрсету бекеттері бөлек аулаға орналастырылады. Техникаларды 200 машинадан топтастырып, әр топтың арақашықтығын 20 м етіп ашық аулаларда сақтауға болады. Мұндай жағдайда машиналарды жеке-жеке алып шығуға мүмкін болатындай етіп орналастыру қажет. Техника сақталатын ашық аула үйлерден 15-201 қашықтықта болуы тиіс.
Ауылшаруашылық онімдерді сақтайтын қоймалардың өртке қауіпсіздігіне ерекше талап қойылады. Шөп елді мекеннен қашық жерге маялануы, оның ауданы 150 м аспауы және ол электр желілерінің астына орналастырылмауы тиіс. Минералды тыңайтқыштар мен пестицидтердің де өрт және қопарылыс қауіптілігі бар. Сондықтан оларды сақтау мен пайдалануда белгіленген нормаларды сақтау қажет. Оларды сақтайтын қоймалардың ауданы 300 м2 аспауы тиіс және ол бөлмелердің екі қапталына да шығатын есік салынады. Пестицидтер салынған ыдыстардың сыртына «отқа қауіпті!» немесе «қопарылысқа қауіпті!» деген жазулар жазылады.
Өрттің алдын алу шараларын ұйымдастыру және техникалық шаралар деп екіге бөлуге болады.
Ұйымдастыру шараларына:
- тұрғындардың арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- көрнекі үгітпен насихаттау;
- ерікті өрт сөндірушілерін жасақтау;
- ашық от жағуға, темекі шегуге, жарамсыз пештерді пайдалануға, т.с.с. тыйым салу жұмыстары жатады.
Барлық жұмыс істейтіндер өртке қарсы күрес жөнінде инструктаж алуы, ал дәнекерлеушілер, пісірушілер, электриктер, қоймашылар арнайы курстарда оқудан өткізілуі тиіс.
Техникалық шараларға:
- құрылыстарды өртке төзімді материалдардан салу;
- құрылыстардың талапқа сай арақашықтығын сақтау;
- қыстақтарды суға жақын жерге орналастыру;
- барлық құрылыстарда өрт кезінде шығып кететіндей арнайы есіктер болуы тиіс және олар сыртқа қарай ашылатын болуы қажет;
- пештер, қыздырғыштар, құбыр желілері талапқа сай болуы тиіс;
- су жүретін жолдар қатып қалғанда оларды ыстық сумен, болмаса ыстық құммен еріту қажет;
- қоймалар, жанармай сақтайтын жерлер, егістіктер айналдыра соқамен жыртылып қойылуы тиіс;
- тракторлар ұшқын сөндіргіштермен жабдықталуы тиіс;
- электр жүйелерінде жерге тұйықтау, нөлдік сымға қосу істері жасалуы тиіс;
- шөгіті, астықты кептіргенде желдеткіш айдайтын ауаның температурасы 110-120 °С-тан аспауы қажет;
- от сөндіргіш, күрек, құм салған жәшік, киіз болуы тиіс;
- жайтартқыштар салынылуы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет