5.3. Өрт сөндіргіш құралдар
Өрт сөндіру үшін түрлі техникалық құралдарды пайдаланады. Олар үнемі жарамды күйде болуы тиіс.
Олар:
- өрт сөндіру жабдықтары (су құятын бактар, өрт шелектері, құм салатын жәшіктер, өрт крандарының жәшіктері, өрт сөндіргіш аспаптардың тақтасы, өрт қауіпсіздігінің белгілері);
- өрт сөндіру қондырғылары (өрт гидранттары, гидрант-колонкалары, өрт крандары, сорғылар, көбік араластырғыштар;)
- өрттен құтқару құралдары (сатылар, арқандар);
- өрт сигнализациясы (автоматты немесе қолмен қосылатын қондырғылары - дыбысты, жарықты, аралас);
- от сөндіргіштер - олардың ауа мен көбіктің қоспасын, химиялық көбікпен, сұйықпен, ұнтақпен, қышқылмен сөндіретіні болады.
- өрт сөндіретін қондырғылар - бөлменің ішіндегі отты сөндіру үшін пайдаланылады. Олар аэрозолды,сұйықты, сулы, газды, булы, көбікті, ұнтақты болады;
- өрт машиналары (өрт сөндіруші автомобильдер, мотопомпалар).
Ауыл шаруашылығы өндірісінде төмендегідей от сөндіргіштер көп пайдаланылады:
- қолмен іске қосатын көбікті от сөндіргіштер: ОП-5, ОХП-ІО;
- көмір қышқылды от сөндіргіштер: ОУ-2, ОУ-5, ОУ-8;
14-сурет. ОП-5 көбікті от сөндіргіші:
1 - қаңқа; 2 - қышқыл стаканы: 3 - сап; 4 - қақпақ;
5 - тұтқа; 6 - өзек; 7 - резеңке төсем; 8 - серіппе;
9 - бүрку түтігі; 10 - клапан; 11 - сақтандыргыш;
12 - от сөндіргіиітің түбі
15-сурет. ОУ-2 көмір қышқылды от сөндіргіші:
1 - сифон түтігі;
2 - сақтандырғыш;
3 - доңгалақша;
4 - шура; 5 – кеңбалақ түтік; 6 - болат сауыт
ОП-5 от сөндіргіштің қаңқасына 400 грамм натрий бикарбонатының 9 литрлік ерітіндісіне 50 грамм мия сығындысын (солодковый экстракт) қосып толтырады. Ал стаканға 120 грамм күкірт қышқылы мен 115 г күкірт қышқылды темір тотығын көлемі 250 см3 ыстық (85-95 С) суға ерітіп құяды. Стаканға құяр алдында ерітіндіні 30-35 °С салқындатады. Бұл от сөндіргіш 1 минут жұмыс істейді. Сол уақытта 50 литр көбікті 6-8 м қашықтыққа шаша алады. Әрбір 3 жылда от сөндіргіштің жағдайын тексеріп тұру қажет. ОУ-2 от сөндіргіштің сауытының сыйымдылығы 2,5 және 8 литр болады. Оны көмір қышқылды газбен толтырады. Бұл от сөндіргіштердің шұрасына су тигізуге және оның өзін ыстық жерде сақтауға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |