Зертханалық ЖӨне тәжірибелік жұмыстар мазмұны


Жапуды тоқтату әдістері және от сөндіргіш заттар



бет48/74
Дата11.12.2022
өлшемі4,68 Mb.
#56433
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   74
Байланысты:
АГРО -ДЭРИСТЕРАул ЕК 1-7 Жаданов у

5.2. Жапуды тоқтату әдістері және от сөндіргіш заттар

Жануды тоқтатудың үш жолы бар:


1. Жанатын заттың отқа келуін тоқтатып, басқа жаққа алып кету;
2. Жанып жатқан жерге оттегінің келуін тоқтату немесе оны азайту;
3. Жанып жатқан затты салқындату.
Отты сөндіру үшін от сөндіргіш заттар пайдаланылады. Олар: су, көбік, көмір қышқылы, инертті газдар, құм, ұнтақтар және түрлі жапқыш құралдар: брезент, киіз, асбест.
Су - өрт сөндіру үшін көп қолданылатын зат. Судың ағыны жалынды бөліп, тұншықтырады. Сондай-ақ, су жанып жатқан затты салқындатып, отты сөндіреді. Су отқа тигенде буға айналып, ол жерге оттегінің қатысуына жол бермейді, сөйтіп жануды тоқтатады.
Бірақ суды барлық уақытта пайдалануға болмайды. Ол ток өткізгіш, ол арқылы адамды ток ұруы мүмкін. Қатты қызған темірге тигенде су сутегі мен оттегіне бөлініп, қопарылыс пайда етеді. Сондай-ақ, су кальций карбидіне тигенде ацетилен бөлінеді, әктасқа тигенде жоғары жылу бөлінеді. Мұның бәрі адамның денесін күйдіруі мүмкін. Судың салмағы жанармайдан ауыр. Сондықтан су жанып жатқан майды сөндірудің орнына оны ұлғайтып жіберуі мүмкін. Су төмен температурада қатып қалады.
Көбік - жақсы от сөндіргіш зат. Көбікті қысылған ауамен немесе химиялық жолмен алады. Қысылған ауамен алынатын көбік ауаның түйіршіктерінен тұрады, ал химиялық жолмен алынатын көбік қышқыл газдан түрады. Көбік жеңіл болады, оны жанар-жағармай-
ларды сөндіру үшін пайдаланады. Көбік бензиннің бетінде қалқып жүреді және отқа ауаның, будың, газдың баруына жол бермей, сөндіреді. Көбікпен еріткіш сұйықтар, электр тогы жүріп тұрған желілерді, адамның үстіндегі киімді сөндіруге болмайды. Ол үшін түрлі жапқыш заттарды пайдалану керек (киіз, брезент, асбест).Көмірқышқыл газын түрлі отты сөндіруге пайдалануға болады. Ол ток өткізбейді, ауаны келтірмейді. Оған қоса көмірқышқыл газының қар сияқты массасы -72 0С температурасымен отты салқындатады. Ол ауадан 1,5 есе ауыр. Демек, ол оттың арасына кіріп, тұншықтырады. Көмірқышқыл газымен этилді спиртті, целлулоидты, термитті сөндіре алмаймыз. Өйткені олар оттегінің қатысуысыз жанады.Отты сөндіруге, сондай-ақ, инертті газды (азот), өрт сөндіргіш ұнтақтарды (кальцилендірілген сода-графит, тальк, т.с.с.) пайдаланады. Құм да отқа оттегіні келтірмей салқындатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет