Зертханалық ЖӨне тәжірибелік жұмыстар мазмұны


Еңбек қорғау саласындағы басшылар мен мамандардың міндеттері мен құқықтары



бет53/74
Дата11.12.2022
өлшемі4,68 Mb.
#56433
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   74
Байланысты:
АГРО -ДЭРИСТЕРАул ЕК 1-7 Жаданов у

6.2. Еңбек қорғау саласындағы басшылар мен мамандардың міндеттері мен құқықтары

Еліміздің халық шаруашылығында еңбек қорғау жұмыстары жоспарлы түрде және еңбек қорғау заңдылықтары негізінде жүргізіледі. Кәсіпорындар мен мекемелердің басшыларына төмендегідей міндеттер жүктеледі:


- кәсіподақ ұйымымен бірлесе отырып, еңбек қорғау мен еңбек жағдайын жақсартудың шараларын жоспарлауды;
- еңбек қорғау шаралары жайлы кәсіподақ комитеті мен келісімшартқа отыруды;
- еңбек қорғау шараларын ақшамен және материалдық жабдықтармен қамтамасыз етуді;
- белгіленғен мөлшерде арнайы киімдермен, қорғану құралдарымен, аяқ киіммен, сабынмен қамтамасыз етуді;
- санитарлық-тұрмыстық бөлменің жұмысын ұйымдастыруды;
- мекемедегі қауіпсіздік ережелерінің және өндірістік санитария талаптарының орындалуына бақылау жасауды;
- мекемедегі жұмысшы-қызметкерлерді еңбектің қауіпсіз жолдарына оқытудың оларға тиісті (инструктаж) нұсқау берілуін және олардың білімін тексеруді ұйымдастыру;
- жұмыс орнын қажетті плакаттармен, қауіпсіздік техникасы жайлы әдебиеттермен қамтамасыз етуді;
- еңбек қорғау шараларын жүргізуге бөлінген қаржының игерілуі жайлы есеп беруді.
Бас мамандар кәсіпорынның әрбір саласы бойынша еңбек қорғаудың жайына жауапты және оларға төмендегідей міндеттер жүктеледі:
- жұмысқа жаңадан түсетіндермен еңбек қорғаудың кіріспе нұсқауын жүргізеді;
- өндірістік үдерістерді автоматтандыру және қауіпті аймақтарды қоршауды ұйымдастырады;
- бу қазандарының, су қыздырғыштардың, түрлі аспаптардың, жүк көтергіш құралдардың сынақтан өткізілуін және есепке алынуын ұйымдастырады;
- жарамсыз механизмдер мен жабдықтардың іске қосылмауын және еңбекшілердің денсаулығына зиянды жерлерде жұмыс істемеуін қадағалайды;
- еңбек қорғаудың заңдылықтарының ережелері мен нормаларының бұлжымай орындалуын қадағалайды;
- өз салалары бойынша өндірістік қайғылы оқиғалардың себептерін зерттейді.
Бөлім басқарушылары, ферма меңгерушілері, шеберхана меңгерушілері, гараж меңгерушілері, механиктер мен бригадирлер төмендегідей жұмыстарды атқаруға міндетті:
- жұмыс орнындағы нұсқауды жүргізу, журнал жүргізу және оның орындалуын қадағалау, еңбек тәртібінің орындалуын бақылау;
- тракторларды, комбайндарды және басқа машиналарды басқаруға тиісті құжаты жоқ адамды жібермеу;
- машиналардың және жеке қорғану құралдарының түгел және жарамды болуын бақылау;
- техникаларды бір жерден екінші жерге ауыстырғанда жүру ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету;
- механизаторлар мен жұмысшылардың демалатын орындарын белгілеп, ол жерді жабдықтау;
- өндіріс орнының демалыс бөлмелерінің санитарлық жайын қадағалау;
- қауіпсіздік техникасы талаптарының орындалуын бақылау, қайғылы оқиғаларды дер кезінде жоғарғы органға хабарлау.
Ұжымшарларда еңбек қорғау жұмыстарына жауапкершілік басқарма мүшелерінің біріне, әдетте басқарма төрағасының орынбасарына жүктеледі. Өндірістік практикада жүрген оқушылар үшін жауапкершілік оны басқарушы мүғалімге және сол кәсіпорынның басшысына жүктеледі. 300-ден 500-ге дейін жұмысшылары бар кәсіпорындарда - еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрттен қорғауды ұйымдастыру жөніндегі инженер, ал егер жұмысшының саны 500-ден асса аға инженер штатын ұстауға рұқсат етіледі. Олар ауыл шаруашылығы департаментінің бұйрығымен алынады және шығарылады. Бірақ кәсіпорын басшысының басшылығымен жұмыс істейді. Еңбек қауіпсіздігі ережелері бұзылған жерде олар жұмысты тоқтатуға құқылы. Сондай-ақ, кәсіподақ комитетімен бірлесе отырып, ол жұмысшыларды оқытуды ұйымдастырады, еңбек қорғаудың іс бөлмесін ашады, қайғылы оқиғаларды зерттеуге қатысады. Жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру.
Жұмыс орнын ұйымдастыру еңбек үдерісін ұтымды жүргізудің және еңбек құралдарын тиімді пайдаланудың шараларын іске асыруды қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет