Зертханалық ЖӨне тәжірибелік жұмыстар мазмұны


-сурет. Жоғары өрмелеуге арналган сақтандыргыш белдік



бет56/74
Дата11.12.2022
өлшемі4,68 Mb.
#56433
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   74
Байланысты:
АГРО -ДЭРИСТЕРАул ЕК 1-7 Жаданов у

22-сурет. Жоғары өрмелеуге арналган сақтандыргыш белдік:
а) жалпы түрі; э) белдіктің мықтылыгын сынақтан өткізудің сызбасы
Мұндай белдіктер 300 килограмға дейінгі салмаққа төзімді болуы тиіс. Оларды пайдаланғанда зақымданбағандығына мен беру қажет.
Электр тогының зақымдануынан қорғау үшін ток өткізбейтін қолғаптар, ботылар, кеуіштер, төсеніштер қолданылады. Бұл қорғаныш құралдары жоғары сапалы резеңкелерден жасалады және олардың көлемі мен өзі пайдалануға ыңғайлы болуы тиіс. Оларды оқтын-оқтын кернеулі сынақтан еткізіп тұру қажет. Электр қондырғыларында жұмыс жасаушылардың құрал-саймандарының саптары ток өткізбейтін материалдармен қапталады.
Жеке қорғану құралдарына тыныс алу мүшелерін, қолды, басты, көзді, бетті, құлақты қорғайтын құралдар және белдіктер, сондай-ақ кремдер мен пасталар, майлар жатады.
Дерматологиялық қорғану құралдарына теріні жүмсартып, әр түрлі зиянды заттардың әсерін болдырмайтын кремдер, пасталар, сабындар, майлар, сұйықтар жатады.
Олар мынандай талаптарға сәйкес болуы тиіс:
- теріні түршіктірмеуі тиіс;
- өндірістің жағымсыз жағдайларында теріні жақсы қорғауы тиіс;
- теріге жеңіл жүғатын болуы және оның әдеттегі қызметін бұзбайтын болуы тиіс;
- ауысым соңына дейін теріде сақталып қорғауы тиіс;
- сабынды сумен немесе басқа тазартқыш заттармен жуғанда жеңіл кететін болуы тиіс.
Әдетте, кремдер, пасталар, майлар таза және қүрғақ теріге жүқалап жағылады да, 1-2 минуттан кейін жүмысқа кірісуге болады. Пасталар мен майлардың бір түрімен үнемі пайдалануға болмайды, ай сайын оларды өзгертіп түрған жөн. Пайдалану орындары мен қасиеттеріне қарай кремдер, пасталар, майлар үш топқа бөлінеді:
1. Гидрофобиялық препараттар - қалдық терісін судан, тұздан, қышқыл мен сілтіден, басқа да химиялық заттардан сақтайды (гидрофобия - судан қорқатын психикалық аурудың бір түрі). Оған:
а) ИЭР-2 пастасы (қүрамында парафин - 20%, церезин - 15%, сеператор майы - 7 6 5% );
ә) «Силиконовый» кремі;
б) «Защитный» кремі (құрамдарында глицерин, консервант, парфюмерлік май болады). Бұлар суда ерімейді және суға жуылмайды.
2. Гидрофильдік препараттар - теріні бояулардың, қарамайдың, мұнай өнімдерінің, органикалық сусыз еріткіштердің әсерінен сақтайды. Бұлар суда тез ериді, тез жуылады. Оған: «Айро» пастасы, «пленкообразующий» кремі, солидол қосылған жуғышорғағыш паста жатады.
3. Терінің кірін жуу, ластанудан тазарту үшін пайдаланылатын тері тазартқыш препараттар болады. Олар «Фея», «Вега», «Ралли» пасталары және басқа содалық ерітінділер. Олардың нормасы атқарылатын жұмыстың түріне, жағдайына байланысты.
Арнайы киімдерді мақтадан, жүннен, леннен, асбесттен, т.с.с. материалдардан дайындап, ылғал өткізбейтін және қышқылға (кислотаға) төзімді етіп арнайы ерітінділерді сіңдіреді. Сондай-ақ, арнайы киімдерді дәрігерлік зерттеудің қорытындысымен жөне өндірістік сөнге сәйкес дайындайды.
Арнайы киімдер белгіленген мерзімге беріліп,мерзімі біткесін қайта өткізілуі тиіс. Егер киім жұмысшының кінәсіз жарамсыз болып қалса, мекеме оны акт жасап, алмастырады. Арнайы киімдер мен қорғану құралдары мекемеде сақталады.
Зиянды жұмыстарда нормаға сәйкес тегін сүт жөне басқа тағамдар беріледі (күніге 0,5 л). Жұмысшы сүтті үйге алып кетпей, жұмыс кезінде ішуі тиіс. Сүттің уақтылы берілуіне мекеме басшысы жауапты, ал оған бақылау жасайтын - көсіподақ комитеті.
Қандай жұмыстарда сүт берілетіндігі мекеменің ұжымдық шартында көрсетілуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет