Зертханалық сабақтарды орындаудың әдістемелік нұсқауы №1 зертханалық жұмыс



бет1/23
Дата30.09.2023
өлшемі8,67 Mb.
#112028
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Лаб Жалпы химия



Зертханалық сабақтарды орындаудың әдістемелік нұсқауы
1 зертханалық жұмыс
ХИМИЯ ЗЕРТХАНАСЫНДАҒЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ ТЕХНИКАСЫ
Химиялық зертханада жұмыс істегенде төмендегі ережелерді қатаң сақтау қажет:
1. Алдын ала оқып, жұмыстың мазмұнымен толық танысу керек.
2. Тәжірибеге қажетті ыдыстар, құрал-жабдықтар мен реактивтерді дайындап алғаннан кейін жұмысты бастауға болады.
3. Жұмыс ретін және барысын нұсқау бойынша жүргізеді.
4. Тәжірибе барысындағы өзгерістерді мұқият бақылап, жұмыс орнын таза ұстау керек.
5. Тәжірибе нәтижесін арнайы жұмыс дәптеріне жазу керек.
6. Дәптерде күні, айы, тақырыбы, жұмыс барысы (сызбанұсқа немесе құрал суреті), байқалған құбылыстар, реакция теңдеулері, есептеулер және қорытындылар жазылады.
Химиялық реактивтер және оларды дұрыс пайдалану.
Зертханалық жұмыстарға қажетті реактивтер арнайы столдар мен шкафтарда сақталады. Тазалығы жағынан реактивтер: химиялық таза (х.т,), анализ үшін таза (а.ү.т.), таза (т) деп бөлінеді. Осыдан басқа реактивтер: спектральды таза (сп.т.), ерекше таза (е.т.), тазартылған (т) және техникалық (техн) болып бөлінеді. Реактивтерді пайдаланғанда олардың қасиеттерін білген жөн (оталғыштығы, улылығы, қопарылыс беретін қоспалар түзуі). Ерітінділерді және құрғақ тұздарды шыны ыдыстарда сақтайды, ол ыдыстарды шыны, резина немесе ағаш тығынмен жабады. Әрбір реактиві бар ыдыста реактивтің аты, сапасы (х.т., а.ү.т. немесе т.б.) және концентрациясы көрсетіледі. Егер жазуы (этикеткасы) болмаса, ол реактивті пайдалануға болмайды.
Реактивтерді қолдану ережелері
1.Тәжірибе үшін реактивті мүмкіндігінше аз алу керек (уақыт және реактив үнемделеді).
2. Артық алынған реактивті қайта ыдысына салуға немесе кұюға болмайды.
3. Реактивті алғаннан кейін ыдысты тығынмен жауып орнына қояды.
4. Құрғақ реактивтерді темір немесе фарфор қасықшамен немесе шпательмен алу керек.
5. Егер реактивті питеткамен алса, оны жуу керек.
6. Улы және оталғыш заттармен аса сақтықпен жұмыс істеу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет