Көміртегі (IV) оксидінің молекулалық массасын табу Жұмыстың мақсаты: Кипп аппараты арқылы алынған көміртегі (IV) оксидінің молекулалық массасын анықтауү
Тәжірибе: Қажет аспаптар мен реактивтер: аспап көміртегі (IV) оксидін алуға арналған Кипп аппаратынан, Тищенко сауыттарынан және көміртегі (IV) оксидін жинауға арналған көлемі 250 мл колбадан тұрады. Тишенко сауыттарының біреуіне газды хлорсутегінен және механикалық қоспалардан тазарту үшін су, ал екіншісіне газды құрғату үшін күкірт қышқылы құйылады. Колбаны жуып, кептіріп, тығынмен жауып тығынның төменгі жерін белгілеп қояды. Колбаны тығынымен технохимиялық таразыда өлшеп, массасын жазады ( ). Газ өткізгіш түтікті колбаның түбіне дейін жеткізіп, Кипп аппаратынан көміртегі (IV) оксидімен толтырып тығынмен жауып, таразыда өлшейді. Колбаны көміртегі (IV) оксидімен бірнеше рет толтырып, массасы тұрақты болғанша өлшейді. Содан кейін колбаға белгісіне дейін су құйып судың көлемін цилиндрмен анықтайды ( ).
Сынап бағанасы бойынша атмосфералық қысымды, бөлме температурасын жазып алады.
Есептеулер:
1. - ауасы бар колбаның массасы (г);
2. -көміртегі (ІУ) оксиді бар колбаның массасы (г);
3. - колбаның көлемі (мл);
4. бөлме температурасы;
5. Р-атмосфералық қысым (кПа)
Қорытынды есептеулер:
1. Колбадағы ауаның көлемін қалыпты жағдайға келтіру үшін төмендегі формуланы қолданамыз:
мұндағы -колбаның көлемі, -атмосфералық қысым, Кельвин шкаласы бойынша температура, - қалыпты жағдайдағы көлем, - 273 К, -101,325 кПа.
2. 1 л ауаның массасы (қ.ж.) 1,29 г екенін ескере отырып колбадағы ауаның массасын ( ) есептейді:
3. 1 л сутегінің массасы (қ.ж.) 0,09 г екенін ескере отырып колбадағы сутегінің массасын ( ) есептейді:
Бақылау сұрақтары: 1. 25°С және 100кПақысымында 0,304 л газдың массасы 0,78 г. Осы газдың молекулалық массасы қандай? 2. Қалыпты жағдайда 35,8 грамы 12500 мл көлем алатын газдың молекулалық массасы қандай болады? 3.Газдың ауа бойынша тығыздығы 0,59. Оның молекулалық салмағы қандай?