Зертханалық сабақтарды орындаудың әдістемелік нұсқауы №1 зертханалық жұмыс


Сүзу Сұйықтықты қатты күйдегі майда қоспаларынан бөлу сүзгіштер арқылы өткізеді. Сүзгіштен өткен сұйықты сүзінді



бет4/23
Дата30.09.2023
өлшемі8,67 Mb.
#112028
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Лаб Жалпы химия

Сүзу
Сұйықтықты қатты күйдегі майда қоспаларынан бөлу сүзгіштер арқылы өткізеді. Сүзгіштен өткен сұйықты сүзінді (фильтрат) деп атайды. Зертханада жазық және бірнеше бүктелген сүзгіш қағаздар қолданылады. Төрт бұрышты қағаздан сүзгіш дайындау үшін қағазды төрт бүктейді де ашық жағын қиып алып, воронкаға салады, сулайды, сүзгіштің шеті воронка шетінен 3-5 мм төмен болу керек.
ЬІстықтай сүзу үшін арнайы шитқа қолданылады. Сүзуді тездету үшін вакуумды пайдаланады. Ол Бунзен колбасынан, Бюхнер воронкасынан (фарфор) және сақтық ыдысынан құралған, оларды шланг аркылы су үрлегішке жалғайды. Егер тұнба ерімейтін болса, оны жуғыш аспаптың көмегімен жуып тазартады.
Газдармен жұмыс істеу
1. Газдарды алу. Газ тәрізді заттарды зертханада алу үшін Кипп аппаратын, газометр сияқты құралдарды қолданады. Алдымен аспаптың ауа жібермейтінін тексеру керек. Ол үшін газ түтікшесін суға батырып, реакция жүретін колбаны немесе сынауықты сәл қыздырады. Аспап герметикалы болса суға ауа көпіршіктері бөлінеді де, қыздыруды тоқтатқанда су сынауықтың ішіне тартылады. Газ алу үшін Кипп аппараты жиі қолданылады. Бұл - шыныдан жасалған автоматты істейтін құрал. Кипп аппараты шар тәрізді резервуарлардан тұрады. Кипп аппараты көмегімен көміртегі (IV) оксидін, сутегін, көмірсутегін, т.б. газдар алуға болады. Кипп аппаратында көміртегі (IV) оксидін алу үшін ортаңғы шарға мрамор салып, жоғарғы воронкаға тұз қышқылын құяды, кранды ашқанда жоғары көтеріліп, мрамормен әрекеттесіп, газ бөліне бастайды. Кранды жапқанда реакция тоқтайды. Осы әдіспен сутегін, көмірсутегін алуға болады.
2.Газдарды сақтау. Газдарды сақтау үшін газометрлер қолданылады. Газометр - су құю үшін арналған ұзын воронка кигізілген жоғары және төмен жағында тубусы бар шыны ыдыс. Жоғары тубус арқылы газ жинауға және пайдалануға болады. Төменгі тубусты газ жинау және суды төгу үшін пайдаланады. Алдымен аспаптың герметикалығын тексеру керек. Содан соң газометрді, воронканы сумен толтырады. Газ жинау үшін жоғары тубусқа шүмегі бар түтік арқылы газ шығатын аспап жалғанады. Төменгі тубусты жайлап ашып газометрге газ толтырады. Воронкаға су құйып шүмектерді жауып газдарды сақтайды. Газометрдегі газды пайдалану үшін шүмектерді ақырын ашу керек. Сол кезде су газометрге құйылып газды ығыстырып шығарады. Газометрде қопарылғыш газдарды (сутегі, ацетилен, метан. көміртегі (II) оксидін) сақтауға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет